М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет28/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50

Бақылау сұрақтары:


  1. Өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға арналған ғимараттар қалай аталады?

  2. Өндірістік ғимараттар қандай белгілері бойынша бөлінеді?

  3. Қаңқалы түрдегі өндірістік ғимараттарда қандай іргетастар қолданылады?

13-14–дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың қабырғалары.


Өндірістік ғимараттардың жабулары және фонарьлары


Өндірістік ғимараттардың қабырғалары келесі талаптарға жауап беруі тиіс: беріктік және орнықтылық; өртке тұрақтылық, бөлмеде тағайындалған температуралы – ылғалдылық режимді сақтау; ұзақ мерзімділік, яғни ішкі (өндірістік) және сыртқы ортаның әсерлеріне тұрақтылығы; тұрғызудың индустриалдығы; сәулеттік – суреттік , экономиялық, яғни аз салмағы мен құнының аз көрсеткіштерінің және қабырғаның 1м2 еңбек сиымдылығының болуы.


Қабырғалар статикалық жұмысының сипаты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • көтеруші емес (аспалы) – өз салмағын, іргетастық арқалықтарға сүйенетін, төменгі терезе асты ярустан басқа, қаңқа ұстындарына береді. Ең тиімді көтеруші емес қабырғалар жеңіл ірі өлшемі панельдерден орындалады (асбестцементті және металл беттерден);

  • өзін көтеруші қабырғалар – ғимараттың толық биіктігінің шегінде өз салмағын көтереді және оны іргетастық арқалықтарға береді. Өзін көтеруші панельді қабырғалар ылғалды және дымқыл процесті, химиялы агрессиялық орталы өндірістер үшін өте тиімді;

  • көтеруші қабырғалар – кірпіш пен блоктардан жасалады. Олар жабын салмағын, желдік күштерді, кейде көліктік күштерді қабылдайды. Көтеруші қабырғалардың орнықтылығын сыртқы және ішкі жақтарынан пилястралар орнату арқылы арттыруға болады.

Орналасу орны бойынша өндірістік ғимараттар қабырғалары сыртқы және ішкі, бойлық және бүйірлік болып бөлінеді.
Қабырғалар конструкциялық шешімдері бойынша кірпіштік, блоктық, панельдік (бетонды, жылытқышты жіңішке металл беттерден), беттік материалдардан (асбестцементтен, әйнекпластиктен, металдан) болып бөлінеді.
Бір қабатты өндірістік ғимараттарда негізгі қаңқадан басқа, фахверк деп аталатын, қабырғалардың қосымша қаңқасы да қолданылады. Ол бүйірлік және бойлық қабырғалардың жазықтығында орнатылады. Фахверк тіректер мен ригельдерден тұрады және өндірістік ғимараттардың ұзын және биік қабырғаларының орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Фахверктің темірбетонды ұстындары биіктігі 3-9,6м бірқабатты өндірістік ғимараттарда қолданылады. Панельді қабырғалардың ішкі қыры ұстындардың
сыртқы қырына қатынасы бойынша 30 мм саңылаумен орнатылады. Фахверктің темірбетонды ұстындары негізгілерден 300 мм-ге қысқа; көтеруші конструкциялардың жоғарғы бетіне дейін оларды №24 қоставрмен, сосын 125х40х4мм бұрышпен ұзартады.
Ұстындарды В15–В30 бетон класынан орындайды. Ұстындарды кеңістік дәнекерленетін қаңқалармен арматуралайды. Жұмыстық арматура А–III класты периодты профильді ыстықтай қақталған болаттан орындалады.
Болат фахверктің ұстындары. Бүйірлік фахверктің ұстындарының байлауы нөльдік, бойлық фахверктің ұстындарының байлауы қаңқаның негізгі ұстындарының байлауымен анықталады. Ұстындардың жоғарғы бөлігі қабырғалар мен жабу фермаларының саңылауында орналасады және текшелері ішке қараған екі швеллер түріндегі қимасы болады. Швеллер нөмері жабудың көтеруші конструкцияларының материалына байланысты: жабулары металл конструкциялардан орындалатын ғимараттарда №12 швеллер, жабулары темірбетонды конструкциялардан - ғимараттарда №30 швеллер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет