М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет27/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Іргетастар және іргетастық арқалықтар. Іргетастар жерүсті бөлігінде пайда болатын күштерді қабылдайды және осы күштерден қысымды негізге береді. Іргетастар жұмысы әрдайым өзгеретін жағдайларда және үлкен күштердің әсерінде жүреді, сондықтан олардың сапасына жоғарғы талаптар қойылады. Іргетастар орындалатын материалдар механикалық берік, жоғары аязға тұрақты,
ұзақ мерзімді және топырақ суларының агрессиялық әсерлерінен қирамауы тиіс.
Өндірістік ғимараттар іргетастары конструкциялық шешімдерінің сипаты және орындау ерекшеліктері бойынша келесі түрлерге бөлінеді: ленталы, бағаналы, қадалы.
Іргетастар тұрғызу технологиясы бойынша тұтас құймалы және құрама, тереңдету шамасы бойынша таяз және терең орналасатын іргетастар болып бөлінеді. Қаңқалы түрдегі өндірістік ғимараттарда бағаналы іргетастар қолданылады.
Темірбетонды ұстын асты тұтас құймалы бағаналы іргетас (25–сурет) екі бөліктен: ұстын асты плитасынан және бір, екі немесе үш қатарлы плитадан тұрады.

25–сурет. Стакан түріндегі тұтас құймалы темірбетонды іргетастар:


а – бір ұстын асты; б – қосарланған ұстындар асты; в – ұлғайтылған банкетті бөлігімен; г – металл ұстындар асты; 1 – плиталы бөлігі (бір, екі немесе үш баспалдақты); 2 – ұстын асты плитасы; 3 – стакан; 4 – анкерлі болттар

Іргетастарды В12,5, В15 класты бетоннан дайындайды. Жұмыстық арматура үшін А–II және А–III класты ыстықтай иленген болат қолданылады.


Құрама темірбетонды іргетастарды бір блокты немесе құрастырмалы етіп орындайды. Іргетастың жоғарғы элементі – ұстын асты плитасын іргетастық блоктардың бір, екі немесе үш қатарларына сүйейді. Блоктардың төменгі қатары бір–бірінен 600 мм арақашықтықта орналастырылатын құмдық дайындауға төселінеді. Ұстын асты плитасын орнатқаннан кейін ұстын асты плитасы мен плиталар арасындағы саңылаулар жабылады.
Металл ұстындар асты іргетастарды (26–сурет) тұтас қималы ұстын асты плитасымен бағаналы етіп дайындайды.

26–сурет. Болат ұстындар башмағы және іргетастары:


а – екі тармақты ұстын башмағы; б – темірбетон іргетасының сұлбасы; 1 – ұстын стержені; 2 – тіректік бет; 3 – траверса; 4 – анкерлі плиталар; 5, 6 – анкерлі болттар; 7 – ерітіндімен немесе В15 беріктігі бойынша класты бетонмен құю; 8 – ұстындар тармақтары арасындағы байланыстар; 9 – башмақ

Қаңқалы ғимараттар қабырғалары арнайы бетондық бағаналарға іргетастардың ұстындар асты плиталары арасына төселінетін іргетастық арқалықтарға (27–сурет) сүйенеді.



27–сурет. Темірбетонды іргетастар және іргетастық арқалықтар:
а – іргетастық арқалық; б – ұстын іргетасына блоктардың сүйенуі; 1 – темірбетонды ұстын; 2 –бетонмен тұтастандыру; 3 – ерітінді

Темірбетонды іргетастық арқалықтар трапециялы немесе таврлы қималы болады. Олардың өлшемдері ұстындар қадамына байланысты. Іргетастық арқалықтар бойынша, мастиктегі рулонды су өткізбейтін материалдың бір–екі қабаттарынан тұратын, қабырғалар гидроизоляциясын орнатады. Арқалықтарды В15–В30 класты бетоннан орындайды.


Өндірістік ғимараттардың ұстындар асты қадалы іргетастары (28 – сурет) қағылмалы немесе қондырмалы қадалардан тұрады, ұстындарды бекіту үшін олардың жоғарғы бетіне ростверк және темірбетонды башмақ төсейді. Қадалы іргетастарды жер бетінде әлсіз топырақтар және топырақ сулары болғанда орнатады.


28–сурет. Қадалы бағаналы іргетастар:


а – квадратты қималы; б – құбырлы қималы; 1 – темірбетонды қадалар
«тірегі»; 2 – іргетастық плита; 3 – ұстын; 4 – бетонмен тұтастандыру; 5 – темірбетонды қабықша; 6 – құбырлы қада


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет