М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет120/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Қазыбектің үшінші билігі» – Үш жүздің 
баласына ортақ бір үлкен дауда игі жақсылардың 
басы қосылғанда, Ұлы жүздің төбе биі Төле би, Кіші 
жүзден Мама би билік-төрелік айтуға таласқанда 
атаның өсиетін неге естен шығарасыңдар деп, 
Қазыбек былайша сөйлеген екен: 
- Білмесең, атаңның өсиеті мынау: «Ұлы жүзді 
қауға бер де, малға қой. Кіші жүзді найза бер де, жауға 
қой. Орта жүзді қамшы бер де, дауға қой!» - дегені 
қайда? Соған қарағанда төре беру жолы менікі емес 
пе? – депті. –Жығылсам, алдымда ағам бар, сүрінсем, 
артымда інім бар: билік менікі еді ғой! Мұны 
біреуіңнің аузыңа алмағандарың қалай? – депті. 
Бұл сөзді үш жүздің жиналған адамдары бір 
ауыздан қабылдап, билікті Қазыбекке беріпті. 
Қазыбек осы арада.
- Уа, Үйсін: Төле би, сен атадан үлкен болып 
тудың. Ініңнің бір еркелігін көтеретін жөнің бар. 
Оны ойламай, жылқысын неге қуып аласың? Уа, 
жарқыным Мама би, сен атаның қара шаңырағында 
қалған екенсің, ағаңның көзінің тірісінде жеңгеңді 
неге зорлықпен әкетесің? «Даугердің адалы құстай 
ұшатын да, арамы мұрттай ұшатын». Сен, Мама би, 
қатыныңды қайтар, сен Төле би, жылқыны қайтар. 
Екі жағыңда иесіне табысы болмаған, екі аяқты 
түгіл, төрт аяқты қалмасын! – деп, билік айтыпты. 
«Қазыбектің: «Тәңірі алдына барғанда» 
сөзінің әсері» – ертоқым дауына байланысты 
төрелік сөз. Бірде Ұлытауда ас болады. Ұлы жүздің 
Сиқым, Жаныс руларының жігіті Арғынның бір 
азаматының керемет ертоқымына қызығып, Төле 
бимен кеңеседі. Би: «Мынау менің былтырғы 
жоғалған тұлпарымның үстінде кеткен менің 
ерім!» - деп, алып кел. Мен бір-ақ ауыз сөзбен 
бұйырып берейін! – депті. 
Сонан Төле би аудара қарап, ақтара сұрап: 
«Көзі бар еріңді өзің ал, көзі жоқ тұлпарың 
салауат!» - деп кесім айтыпты. 
Жаланың отына күйінген арғынның жігіті 
Қазыбекке жүгінеді. Қазыбек Төле би отырған 
үйге келеді. Бірсыпыра адамдар бар екен. Ұрланған 
ерді бірінен соң бірі көріп отыр екен. Қазыбек 
те күміс ерді алақанына қондырып: «Қапталың 
– қайың, қасың – шұбар, Қалменбет қосқан бір 
ерсің! Үйсінге ие Төле би, Бұл ерге қайтіп тиерсің?! 
Сиқым, Жаныс екі топ, Бір ерге қайтіп мінерсің?! 
Бұл мінезбен Үйсінді, Бір төбеге үйерсің! Бұл 
мінезден қайтпасаң, Тәңірі алдына барғанда, 
Қалменіңмен күйерсің!» - депті. 
Сол-ақ екен Төле би: «... Мен бір сөзді ойнап 
айта салып ем, ерді иесіне беріңдер!» - деп, 
райынан қайтыпты. 
«Торайғыр бидің сөздері» – тереңдігімен, 
парасатты пайымымен, ұлтқа деген шынайы 
көзқарасымен, әлеуметтік-қоғамдық қырларымен, 
философиялық түйін-толғаныстарымен 
ерекшеленеді. Орыстың полковойы Омбыға алып 
барғанда, небір айла-шарғының тұзағын құрса да 
«Орыстың дәмін татпаймын!» - деп, қасарысып 
қарсылық жасапты. Сонда полковой айтты дейді: 
«Аюдан да күшті екенсің. Жетпіс күнде аюды 
құрдай жорғалатушы едік, сені иліктіріп көндіктіре 
алмадық Бар, бар енді!» - деп, елге қайтарған. Бұ 
жақта Баянауылға Шоң, Көкшетауға Айғаным 
қала салдыра бастаған. Сонда Торайғыр: «Орысқа 
қарамаймын! А, құдай, орыстың жүзін көрсетпей 
мені ала гөр!» - деген. 
Торайғыр би ұшқыр шешендігімен қатар 
найзагер болған. Бірде жылқысына жау тигенде 
Уәлиханның қадірлі төлеңгіті Алшынбай деген 
бір сарбазды найзамен шаншиды. Ол өкіре 
құлайды. Жан тәсілім етеді. Содан Уәлиханның 
асында Абайділда ханға Торайғыр би көрісіп 
айтыпты: «Құдай тағаланың құдіреті хазіреті Мұса 
пайғамбармен Тор тауында сөйлегенде: «Мұса, 
жердің тарында кім тұр, кеңінде кім тұр?» - деген 
екен. Сонда Мұса пайғамбар айтқан екен: «Жердің 
кеңінде мен тұрмын, тарында сен тұрсың», - деген 
екен. «Мен он сегіз мың ғаламды жоқтан бар қылған 
Құдай болсам, жердің тарын, кеңін өзім жаратқан 
болсам, мен қалай тарында тұрамын, сен кеңінде 
тұрасың?» - дегенде, «Рас, он сегіз мың ғаламды 
жаратып, мені жоқтан бар қылған құдайым сен 
болсаң, сендей құдайым бар екен. Мен жердің 
кеңінде тұрмай кім тұрады? Менің сендей құдайым 
бар болғаны үшін, жердің кеңінде тұрамын. Сенің ар 
жағыңда сүйенетұғын құдайың жоқ, жердің тарында 
тұрғаның сол емес пе» - дегенде, «Рас айтасың, 
құлым. Сөзің – хақ сөз!» - деген екен. Сол айтқандай, 
сендей төрем бар, не ғамым бар, тақсыр»?!
Алшынбайдың жесіріне Торайғыр би: 
«Алшынбайдың ажалы жетті де, менің ақ найзамның 
ұшының абиыры кетті де?!» – дегенде, ол: «Байым 
өзінен кемнен өлмей, өзімен теңнен өлген екен. 
Қараңғының көзі бола ма, тиіп кетсе сөзі бола ма! 
Құдайға разымын, байыма да разымын, өлтірген 
жаным, саған да разымын. Мен байымның құнын 
кештім» - деген екен.


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет