М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет118/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
өкінеді. Кей ретте «Бұлттай жауатығын менің 
өзім», «Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім» деп, 
дархан дарынына сүйсінеді. Дереу көңіл, күй, ой, 
сезім толқындары басқаша реңге өзгеріп, «Бораған 
қардай болып бұрқырадым, Жалғаннан суып 
көңілім, тоқырадым» деп күйінеді. Ақын ойын 
әрі қарай тереңдетіп, тәмсілге көшеді. Сөйтіп, 
бұлбұл мен қаршығаны кездестіріп, бір-бірімен 
сөйлестіреді. Бұлбұл айтады: «Жалғанда 
ынтызарым – бір қызыл гүл!» деп. Қаршыға сен 
ақылға кендесің. Бектер бағып қағады. Жүйрігіңіз 
ерттеулі. Патшаның қасындасыз. Кекіліктің 
жүрегі мен миын қоректенесіз,– дейді. Бұған 
қаршыға былайша уәж айтады: Сен де ақымақсың. 
Пайдасы жоқ гүлге ғашықсың. Жағың тынбайды. 
Зарығумен, зарлаумен өміріңді өткізесің,– дейді. 
«Ғаламға дастан болған бұлбұл атым» 
бар дегенінен танбайды. Өнеріне табынады. 
Ақын жырдың ең соңғы шумағын: «Құс болсаң, 
бозбалалар, бұлбұлдай бол! Табылар іздегенге бір 
қызыл гүл! Ет үшін бір-екі торға түскен, Тіл алсаң, 
бола көрме қаршыға сол!» – деп түйіндейді. Затыңа, 
атыңа лайық қызмет жаса дегенді көкейге ұқтырады. 
«Мәшһүр» атты қалай алғандығы туралы» 
– Мәшһүр Жүсіп өзінің шығармашылық 
өмірбаянын жан-жақты баяндайды. Ақынның 
рухани жетілу жолдары, алты жасында «Шар 
кітапты» жатқа заулатқанын, арабша, парсыша 
самардай қақсағанын, «Тарғын» мен «Қозы 
Көрпеш» жырларын тамылжыта жеткізгенін, 
сегізден тоғызға қараған жасында «парасат 
нұрын» болмысына дарытқан аға сұлтан Мұса 
Шорманұлы «Мынау Мәшһүр болатын бала 
екен!» деп, үкі тақтырғанын (Ғабдолла Халфенің 
қызы Бибі Мәриям қызының басындағы бір 
тал шоғын мүбарак қолымен жайғастырғанын), 
Нәжмеддин, Шөкелұғлы Дүржанбай, Жүніс, 
Дамолда, Қамар хазіреттердің ересен ұстаздық 
еңбегін айшықты бедерлеп өрнектейді. «Көз, көңіл 
құлын жастан нұрға тойғанын» яғни «Кеудеге 
он бес жаста ғылым толды, Толумен тасып кетіп 
өлең қонды» дегенінде бейнетқорлықтың, қайтпас 
қайсарлықтың, мақсаткерліктің ғажайып үлгісі 
бар. «Бейнет беру жағына Құдай мырза, Құдай өзі 
берген соң, ни как нельзя» дейтін сөзі айғақ. Ұстазы 
Дамолда хазірет «Уай, әулие» – дейді екен.
«Аузыма сөздің шынын Тәңірім салған» 
деп, Мәшһүр Жүсіптің өзі айтқандай, осынау 
өлеңінде ақындық сырлары, хакімдік болмысы, 
адамгершілік қырлары, кемеңгерлік ғибраттары, 
асыл ойлары айрықша көрініс тапқан. 
«Мәшһүрдің өзін-өзі ертегі қылып сөйлегені» 
– ишарат, тұспалға негізделген шығарма. Ерте, ерте, 
ертеде бір ханның қолына сұңқар ілігеді. Баптайды, 
мәпелейді. Оның балақ бауын алтындатады, 
алтын күннің сәулесіне ойнатып жалтылдатады. 
Таза алтыннан қоңырау жасатып тағады. Сұңқар 
мейлінше алғыр болып жетіліп, аспан құшағында 
әуелеп, асып-тасады. Иесіне қайрылмай, 
сый-құрметіне мойынсұнбай менмендікке 
ұрынады. Дей тұрғанмен, ұшқан ұясына деген 
ынтызарлық орасан оянып, мекеніне оралады. 
Балақ бауын ұяластары жем деп жиналады. 
Олардың ойлағанындай болмаған соң, барлығы 
да теріс қарайды. Сылдыраған қоңырауынан 
да үрейленеді. Жан-жақтан дүрсе қоя береді. 
Ақыры итқорлықпен өледі. Ақын өзінің өнердегі 
жолын, ғылымдағы соқпағын осы бір жағдаймен 
салыстыра суреттейді. 
«Біледі өз басынан кешкен кісі, Талай уын 
жалғанның ішкен кісі. Жалғыз шала болумен 
бықсып қалып, От боп заулап жана алмай өшкен 
кісі. Қуғаным бала жастан – ғылым жолы, Емес пе 
ғылым жолы – ханның қолы?!» деп, өз жайынан 
сыр толғайды. Рухани кемелдікті, кемеңгерлікті 
мойындау – келешектің ісі, болашақтың еншісі. 
«Төрт асыл, бес береке» – бұл адам бойындағы 
асыл қасиеттердің (ақыл, тіл, дін, жан-ділің, көңіл, 
ой және т.с.с.) жайынан сыр толғайды. «Төрт 
асыл, бес береке – бір бойынан. Табылса, түгел 
болып, әне, кісі!» - дейді. Негізінде, ақын кей ретте 
ой-пікірлерін жұмбақтап жеткізеді. Мысалы, «Бірі 
– төрт, бірі – бесеу, – болсын тоғыз, Ат тезегін 
әуре боп жинар қоңыз. Тоғызды түгендемей 
ұстағанды, Обалсыз, адам демей, деуге – доңыз». 
Осы бір таңғажайып сөзімді шешкен адам қазынаға 
жолығар деп мәлімдейді. Құдайды мойындаған, 
тілің – жан-ділің екендігін шын білген, «дініңмен 
(денеңмен) оянбастан ғамал қылған», бес уақыт 
намаз оқыған, қайыр садақа, зекет берген, нәпсісіне 
(көзге, тілге, жүріске) ие болған, «несие сөзге» 
ұрынбаған, жүйелі сөз туындатқан, жақсы әдетті 
серік еткен, берекеге, игілікке қол жеткізетінін 
әсерлі, мәнерлі сипаттаған. 
«Әменді жоқтау» – Мәшһүр Жүсіп «өзінен өте 
туған баласы», араб-парсы, түрікше, орысша тілдерді 
жетік меңгерген ортаншы ұлы Әмен 1921 жылы 
Ташкенттегі №14 мектеп-интернатта ұстаздық етіп 


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет