М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет177/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ресми ұйымы болып табылатын газеттер шыға 
бастады. «Облыстық ведомостылармен» қатар 
қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай 
газеті», Омбыда «Дала өлкесі», «Ауылшаруашылық 
листогі» сияқты газеттер өз беттерімен өнеркәсіп, 
ауылшаруашылығын, өнер мен білім мәселелерін 
көтерді. Ташкентте, Оралда, Астраханда және 
басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер 
Қазақстан өмірімен азды-көпті байланыста болды. 
Бұл газеттерде агротехника, мал шаруашылығы 
жайында, жаңадан ашылған мектептер мен қазақ 
халқының тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз 
әдебиетіне қатысты мақалалар басылып отырды. 
Алғашқы қазақ тіліндегі газет Түркістан 
генерал-губернаторының орталығы Ташкент 
қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің 
алғашқы номері «Түркістан уәләятінің газеті» 
деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне 
қосымша ретінде 1870 жылдың 28 сәуірде 
шықты. Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 
1 қаңтарынан бастап жаңадан құрылған Дала 
генерал-губернаторының органы ретінде оның 
администрациялық орталығы - Омбы қаласында 
шықты. Газет алғашында Ақмола облыстық 
ведмостысына жалғама ретінде (орысша «Особое 
прибавление к Акмолинским областным 
ведмостям» деген атпен), кейін 1894 жылдан 
бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының 
ведмостысына жалғама ретінде «Дала уәләятінің 
газеті» деген атпен (орысша-«Киргизская степная 
газета») жұмасына бір рет өз алдына бөлек шығып 
тұрған. Газет екі бөлімнен (ресми және ресми 
емес) тұрды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің 
жергілікті әкімдерінің қазақтарына қатысты 
бұйрық-жарлықтар жарияланып отырды. Ал 
ресми емес бөлімінде: ел басқару, егіншілікті 
өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын 
асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу 
(мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, 
әдебиетті, ана тілін дамыту) т.б. болды. 
Патша өкіметі отарлау саясатын бірте-бірте 
күшейте берді. Оларды ауылдық мектептер 
мен медреселер, діни оқулар мұсылманша оқу 
қанағаттандырмады. Қазақстанның Ресейге қосылуы 
орыс-қазақ тілді школдар мен училищелер ашуға 
мұрындық болды. Бұл мектептер қазақ жерінде 
бұрыннан бар мұсылманша оқу орындарының 
жабылуына әкеп соқты. Оқу орындарындағы 
шәкірттер саны да аз болды. Орынбор мектебі 19 
жылдың ішінде небәрі 48 сауатты адам - қазақ 
зиялыларының алғашқы өкілдерін тәрбиелеп 
шығарды [3, -Б. 465 - 476]. Р. Сыздықова: Ішкі 
Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында 
небары 160 қазақ баласы оқыса, 1889 жылы 573 
бала оқыпты. Бүкіл Қазақстанда ХIХ ғасырдың
II бөлігінде небары 100 шақты орыс - қазақ 
школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған 
(Мәлімет Қаз ССР тарихынан алынған) [4, -Б. 11]. 
Бұл мектептердің қазақ халқының сана-сезімдерінің 
оянуы үшін прогрессивті рөлі зор болды. Қазақ 
халқының мәдени өмірінде кітап басу ісінің маңызы 
зор болып, рухани өміріндегі ерекше құбылыс 
болып есептелді. 
Қалай дегенмен ХIХ ғасырдың екінші жартысы 
мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында оқу-білім ісі 
анағұрлым алға жылжыды. «Между тем до октября 
1917 г. На казахском языке было издано свыше 900 
названий разнообразной по тематике и содержанию 
печатной продкуции. Тираж 457 из них достигал 
2 192 235 экземпляров» - дейді (Ж.Шалгумбаев. // 
Известия НАН. РК. Серия филологическая, 1994. 
№ 2. 33 с.). 
Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп орыс империясының 
отарлау саясатын: бостандық, жер мәселесі, думаға 
мұсылман өкілеттілігін сайлау, теңдік, бас қосу, 
дұшпан, жау, дін бостандығын ашық айта білді. 
Оның мәнісі мынада, 1905 жылғы Ресейде болған 
төңкеріліс, қанды оқиға да ақындардың ой-өрісін 
өсірді. Ақындардың шығармаларында, олардың 
көзқарастарының қандай екеніне қарамастан, 
өлкенің шаруашылығы мен мәдениетіндегі жаңа 
құбылыстар бейнеленіп отырды. Халық жерін 
тартып алу, қазақ халқының феодалдық және 
отаршылдық езгіге қарсы күресі ақындар жырының 
маңызды тақырыбына айналды. 
М-Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі?», «Хал-ахуал», «Олжабай» т.б. мазмұны 
мен мағынасы жағынан ел мен жердің тағдырына 
алаңдаудан туған шығармалары болды. Онда 
хандар мен патша әкімшілік орындарының халық 
жерін басып алуына Сарыарқа қазақтарының 
жасаған қарсылығы мен наразылығы кеңінен 
орын алды. М-Ж. Көпеев: «Баласы дін-мұсылман 
ұрандасып, Қосыл кісі санына, қос басыңды» - 
деп ашық айтты (Сарыарқаның кімдікі екендігі?). 
Ол-патша өкіметінің «манифесіне» сенбеді, 
қазақтарды да сенбеуге шақырды. «Манифест бар 
деушілер тұтқын болып, Кесілді еш себепсіз оған 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет