М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет178/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жала» - деді М-Ж. Көпеев. Ақын замана тынысын 
бұрынырақ біліп, сезіп отырған сияқты. 
М-Ж. Көпеев: «Мың сегіз жүз сол алпыс 
тоғыздан соң, Қор болып, болмадың ба аяқ асты?» 
- деп жазғанда 1868 жылғы «Уақытша ереженің» 
қазақ еліне әкелген қасіретін айтып отыр. Сонда, 
М-Ж. Көпеев нені білген? Неге? 1868 жылғы 
«Уақытша ережені» мысалға алған. Соған барлау 
жасап көрелік. «1868 жылғы «Уақытша ереже» 
мұсылман дін қызметкерлерінің құқығын тежеді, 
сұраусыз мешіт салуға, мұсылман медіресесін 
ашуға, молдалар мен мешіт пайдасына алым-салық 
салуға тыиым салынды. 1868 жылғы «Уақытша 
ереже» Қазақстанда христиан дінін таратуға 
бағытталған бірсыпыра параграфтар болды. 
Сол сияқты ел басқарудың жаңа системасының 
орнығуы патша өкіметі үшін жайлы болды. 
Қазақ жерін тартып алудың тағы бір жалаң 
саясаты жасалды» [3, -Б. 418]. Соның салдарынан 
жергілікті жерлердегі комиссия реформаны жүзеге 
асыра бастады. Реформа қазақтың бұрыннан 
қалыптасқан, үйреншікті рулық басқару жүйесін 
бұзды. Құнарлы жерлер тағы да алынды, жер 
бөліске түсті. Жердің бей - берекет қайдағы бір 
келімсектерге берілуі қазақ елінің қарсылығын 
тудырды, кейбір жерлерде патша үкіметіне қарсы 
күрес басталды. Міне, осындай қазақ халқының 
ауыр жағдайлары т.б. оқиғалар қордаланып 
келіп, көзі ашық саясат жағынан қырағы
М-Ж. Көпеевтің 1868 жылғы күрделі оқиғаны 
сөз етуіне, жазуына түрткі болды. Осы жағынан 
келгенде М-Ж. Көпеев шынында да заманынан оза 
туған демократ ағартушы екендігіне көзіміз анық 
жетеді. Сондықтан да, М-Ж. Көпеев манифесті 
орыс империясының кезекті құйтырқысы, қазақ 
елін, жалпы бұратана халықты алдауға арналған 
арандату екендігін түсіндірді. Сөйтіп, шығарманың 
негізгі мән-мазмұнына арқау етті. М-Ж. Көпеевтің 
бұл шығармасы қазақ халқының арасына лезде 
таралып, өзі де ушығып тұрған жағдайға отқа 
май құйғандай әсер етті. «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі?» қазақ халқының ғана емес, күллі 
мұсылман елінің саяси ұранына айналды.
М-Ж. Көпеев ақындардың ішінде алғашқылардың 
бірі болып, қазақ халқының бостандыққа, теңдікке 
жетуі үшін, мұсылмандар, бірігіңдер деді. Патша 
үкіметінің екі жүзді саясаты М-Ж. Көпеевтің 
шығармасының негізгі идеясын құрады. Сол 
кездегі патша үкіметінің отаршылдық әрекетін 
ақын айыптап, батыл сынады. «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі?» кітабы Қазан қаласында басылған 
нұсқасы 1905 жылғы оқиғаны саяси тұрғыдан өте 
сауатты сипаттап, сол кездегі оқиғаны көзбен 
көргендей қылып жан-жақты суреттей білген. 
М-Ж.Көпеев «Байланып қорыққандықтан 
жүрді тілім, Қазағым, қайран жұртым, халқым, 
елім» - деп, қазақтың тарихынан мәселе қозғап, 
бүгінгі бодандық халін Ресей империясының 
жүргізіп отырған саясатын әшкерлейді. Қазақ 
халқының ауыр жағдайын бүкіл дүние жүзіне 
паш етеді: 
«Біздің қазақты үшке бөлсек, екі есесі жоқ 
есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер - су учаске деп 
алды, войске деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, 
шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға 
шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол 
жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.
Жер-судан айрылып қалған соң,
Өз қонысынан ауған соң,
Еркекте ақыл қала ма?
Біреуден сауын сауған соң,
Ұрғашыда ақыл қала ма?
Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан 
береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, 
ізбор деген қымбаттап, ел аралаған начальник, 
шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын 
төлей алмай қаңғып кетіп, Питербор, Мәскеу 
барсаң, орыстың малайы-қазақ, Бұхар, Ташкент 
барсаң сарттың малайы-қазақ … Патшаға оқ 
атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, 
шиноуликке, нашалникке ақша бергендер кісі 
өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша 
бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып 
кетіп жатыр» - деп жазды [1, -Б. 6]. 
Академик Р.Сыздық: «Дулат - Абайға дейінгі 
қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға біртабан 
жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде 
классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің 
біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан 
ақын» - дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби 
тілі, «Арыс» 2004. –Б. 582). Дулаттың осындай 
классикалық поэзия үлгісінің біраз белгілерін 
Абайдан кейін қабыл алған Шәкәрім мен Мәһүр-
Жүсіп Көпеев деуге де болады. Дулат және Мәшһүр-
Жүсіп Абай, Шәкәрім Ресей империясының 
дәуірлеп тұрған заманында өмір сүрді. Бір жағынан 
Ресей өкіметінің, екінші жағынан жергілікті жердің 
патша өкіметінің өкілдерінің қыспағын көрген 


165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет