М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет41/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Сайра да, зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын. (152б.)
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етек басты көп көрдім елден бірақ. (280 б.)
Мәшһүр-Жүсіпте:
Думада анық болды сайлау бары,
Құны асар артылғанның сонда шары.
Бәрі де бірауызды болып жатыр,
Оянып бізден басқа халықтың бәрі. (60 б.)
Не болды, бақытым, мұнша ұйықтап қалып,
Жалғанның азабына мені салып,
Оянып бір басыңды көтерсейші,
Шырадай бір ашылсын көзім жанып. (81б.)
Тілің сөйлеп, жүрегің оянғанмен,
Қайда жеткен созғанмен қысқа қолың?! (126 б.)
А б а й д а н к е л т і р і л г е н ү з і н д і л е р д і ң 
алғашқысында «ұйықтап» сөзі өз мағынасында 
қолданылса, екіншіде ауыспалы мәнде жүректің 
ұйықтауы алынған. Үшіншідегі «тыныш ұйықтат» 
тіркесіне тек ұйықтау емес, тыныштық тілеу сезімі 
қоса өрілгенін байыптасақ, тағы да сөз мағынасы 
толысуының куәсы боламыз. Ал, төртіншіде 
«ұйықтаған ойды» жүректегі қайрат қана түртуі 
мүмкіндігі айтылады. Демек бірде жүректі, 
бірде ойды ұйықтаған қалыпта алу нәтижесінде 
суреткер ақын әрекетсіздікті, бейғамдықты жеріне 
жеткізе түйреген, әсерлі шенеген. Мәшһүр-
Жүсіпке келсек, бірінші мысалда «ұйқы» сөзі 
алдына «тәтті» эпитетін келтіріп, ұйқының сырт 
көзге жақсы, ыңғайлы көріну мүмкіндігіне, бірақ 
соның салдарынан «жақсы мен жаман парқы» 
айырылмай жатқанына назар аудартады. Екінші 
мысалда адамның емес, дерексіз ұғым бақыттың 
ұйықтап жатуы алынып, сол арқылы бақыты көз 
жұмған адамның бақытсыздық шегуі ашылады. 
Ал «ояну» сөзінің қолданылу аясына келсек, 
Абайда дерексіз ұғым ұят, ардың, немесе қара 
көңілдің оянуы айтылады. Сөйтіп, ақын дерексіз 
ұғым ұят, ар, көңілге жан иесіне тән әрекетті, 
оянуды, беріп, сөз мағынасын кеңейту, бейнелеу 
құралдарын кемелдендіру өнегесін көрсетті. 
Үшінші үзіндідегі «ерте ояндым» тіркесінде де 
ұйқыдан ояну емес, оң мен солды ерте айыру 
ұғымы кестеленіп тұрғаны анық. Сөз мағынасын 
бұлай дамыту Мәшһүр-Жүсіпте де баршылық. 
Мәселен, алғашқыда басқа халықтың бәрі оянды 
дегенді діттегенде, ақын олардың сана-сезімі, 
бірлігі т.б. жоғары екенін жинақтап берген. 
Оянуды тура мағынасында алып таразыласақ та, 
көзін ашқан адамдардың әрекеті көзі жұмулыдан 
қаншалық артық екені тез байқалады. Екінші 
үзіндіде бақыттың ұйықтауы айтылсымен, оның 
оянуын тілеу сезімі беріледі. Сөйтіп мұнда да 
ақынның күрескерлікті қалайтыны аз сөзбен әсерлі 
жеткізілген. Ал, үшінші үзіндідегі жүректің оянуын 
Абайдағы ұят, ар, көңілдің оянуының заңды 
жалғасы деуге болады. Мұның бәрі нені көрсетеді? 
Әр қаламгер шығармашылығын жеке алып зерттеу 
мәнін төмендету ойымызда жоқ. Әйтсе де ақындар 
арасындағы дәстүр жалғастығын, сабақтастықты 
ізерлеп зерттемейінше, қазақ әдебиеті дамуын 
жан-жақты көрсете алмаймыз. Зерттеу белгілі 
бір штампқа, жалаң қағидаларға негізделмей, әр 
ақынның суреткерлік шеберлігіне сүйенгенде ғана 
біз әдебиеттің даму заңдылығын, әр ақынның ұлы 
көшке не қосқанын кең дәйектей аламыз. 
Жүсіп Көпейұлының артына мол мұра 
қалдырғаны белгілі. Осы орайда 1990 жылы 
ақынның таңдамалысының бірінші томын 
әзірлегенде, лириканың жанрлық табиғатын 
жете ескермеуден туған мына бір кемшілікті
ақын өлеңдерін бір кездегі жазылу ретіне қарай 
топырлатып тізе беріп, көп өлеңді бір шығармаға, 
яғни көлемді бір туындыға айналдырып 
жібергенімізді енді байқап отырмыз. Соның бір 
айғағы: қазір біз келтіргелі отырған төрт шумақты 
үзінді кітапта басылғандай- үлкен шығарманың бір 
бөлшегі емес, жеке өлең болып, өз алдына отау 
тігуге сұранып-ақ тұр:
Бес жаста еді «бісміллә» бастағаным,
Ақ қағазды қаралап ластағаным.
Жасым жетіп «он беске» ақыл кірді,
Сонда да өсіп бес жастан аспағаным.
Біреуі-ақ кем «он беске» жетті жасым,
Иегімнің астында өш пен қасым.
Үрейімді ұшырды, зәремді алып,
Алып айна қарасам, сақал-шашым.
Қоян қуған тазыдай шалмай жүрген,
Өмір бойы аң қуып алмай жүрген.
Он бестегі жолдастар үйір болған,
Бұл «он беске» жеткенше қалмай жүрген.


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет