М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет22/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
b201 3

Аяқты біз басармыз қалай аңдап?


Дал болдық әр нәрсеге арсалаңдап.
Әр қоянды бір қуған тазы оңбайды,
Япырм-ау, ұстайық та бірін таңдап!

Жігіттер, ізден, өнер табылмайды,


Ашылған біздің айып жабылмайды.
Қайтсең де онан кемдік таба алмайсың,
Өсек сөз жаңбырдай боп қабындайды [22, 136 б.].
Міне, осындағы алғашқы шумақта сыналаушы көпке ақын өзін де қосып жіберсе, екіншіде өзін бөлек шығарып, басқаға ақыл айтуға көшеді. Әйтсе де осы екі шумақтың өзінде бір ғана лирикалық қаһарманның, ел болашағына қам жеген азаматтық жүрек лүпілі жатқанын, демек шартты түрде бөлінген екі суреттеу амалын (біріншісі – көп атынан сөйлеу, екіншісі бөлініп шығып, басқаға ақыл айту) да бір ғана лирикалық қаһарман толғанысы біріктіріп тұрғанын ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, Мәшһүр Жүсіптің суреткер ақын ретінде толысуын дәлелдейтін ерекшелігі неде десек, оның көп атынан үн қата отырып, соның бәрін бір ғана лирикалық қаһарман толғанысы ретінде беру арқылы өлең әсерлілігін арттыру үлгілері дер едік. Мәселен, «Қолыма қағаз, қалам алайын да» өлеңінде мынадай жолдар бар:
Дүние-ай, талмай қуып жете алмадым,
Нәпсімен болдым даулы, біте алмадым.
Мойныма үзілмейтін арқан түсті,
Қайрат қып, үзіп тастап кете алмадым.

Табылды өз бойымнан екі дұшпан,


Біреуі іштен болғанда, бірі - тыстан.
Ұста жоқ алтын, күміс тілін білген:
Қорытып айырып алар бізді мыстан [22, 121 б.].
Міне, келтірілген үзіндіде, сырт қарағанда ақын өз бойындағы ғана екі дұшпан туралы айтса, мына жолдар бұл адасудың көпке тән екенін дәйектеуге арналған:
Жалғаннан қыла алмадық біздер пайда,
Ойлаған жанның қамын (ғамын) сабаз қайда?
Түні өтіп бұл жалғанның таңы атқан соң,
Белгісіз боларымыз қандай жайда?!

Бұл дүние-айсыз бұлт, қараңғы түн,


Жалған сөз-ер жігіттің бойына мін!
Жалғанға жетемін деп қуа берсең,
Таң атып, жарық сәуле, шықпайды күн!

Жаяудың қанша жүрсе, шықпас шаңы,


Асырауға көнбес мал боп түздің аңы.
Көрерсің өз бойыңды өзің сонда,
Жарқ етіп ақыреттің атса таңы [22, 123 б.].
Осы орайда ақынның жеке фактілерді тікелей айтудан гөрі, соның бәрін жинақтап, қорытып, тұспалдап әсерлі жеткізудің не бір үлгілерін көп тудырғанына назар аудартқымыз келеді. Соның бір көрінісі:
Бұлбұлды танымайсың тұрған сайрап,
Атасың торғай ғой деп, таспен байлап.
Таусылмас бұл не қылған су демейсің,
Бұлақтай ағып жатқан көзі қайнап.

Заман жоқ, ырыққа жүріп, оң айналған.


Бәрі де қиын істің оңайланған.
Бұзылып, әсіресе, біздің заман,
Көлдей боп қой тоғытқан, ылайланған! [22, 132 б.]
Міне, мұнағы алғашқы шумақ бұлбұлды танымай, оны торғаймен шатастыру, су таусылмайтындығына ден қоймауды әспеттеген тұспалдауға негізделсе, екіншідегі ишаралау: заманның қой тоғытқан көлдей боп ылайлануы алдында ғана тура мағынада айтылған қиын істің оңайлануында жақсылық емес, жамандық жатқанын шегелеуге қызмет етіп тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет