М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет37/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Тромбоциттер


Тромбоцит қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не со-пақша құрылым, диаметрі 0,5—4 мкм (эритроциттен 2—8 есе кі-ші). Сау адамның 1 л қанында 180—320-109 тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8—11 тəулік жасайды. Ол сүйек кемігін-де мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000—4000 қан пластинкасы белініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген фер-менттерден, олардың ішінде АТФ-ны жəне лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын фак-торлардан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиыры-латын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.
Тромбоциттердін, саны қанда кешке қарай күндізгіден кебірек, ол қуаныш, реніш, қайғы-қасірет, шаттану т. б. себептерден де, та-мақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тром-боциттер тез бұзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химйялық заттар қосып тез санау қажет.
Тромбоциттердіц қызметі (функциясы). 1. Ангиотрофика-К кан тамырды қоректендіру функциясы. Қан тамырлардыд қа-дьіпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен щаньізы бар. Қан тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да əлсін-əлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асы-рап сақтаушысы» деп бекер айтпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы езгереді, капилляр кенересі селді-реп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тканьдерге қан құйылуына əкеліп соғады, тканьдерде көпте-ген ұсақ нүкте тəрізді дақтар пайда болады. Қоректік функция-сын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады.

  1. Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні езгереді. Оның протоплазмасында өсіктер (жалған аяқтар) пайда болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мем-бранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10—20 тромбоциттен тұ-ратын үйінді құрады. Бұл процесс агрегация деп аталады. Агре-гация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанньщ ішінде де пайда болады. Агрегаттар қан тамырының қабырғасында жабысқан тро-мбоциттермен қосылып тромбоциттік тығынға (тромбыға) айна-лады. Сейтіп, жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.

  2. Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан та-мыры саңылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоцит-терден босап шыққан серотониннің əсері.

  3. Қан үйыту функциясы (гемокоагуляция).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет