М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет66/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Плевралық қуыс қысымы


Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қа-бырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын «И» тəрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысьш сырттағы ауа кысымынан төмен болады, сондықтан онымен жал-ғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал
атмосфсра-лык ауамен жалғасқан сынап бағанасы темен түседі. плевралык қуыс қысымы əр уақытта атмосфера қысымынан төмен жəне өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болады. Демек, плев- ралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс терең-деген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі. Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни дем алуды жеңілдетеді, венадағы қанның журекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді-ллевра жапырақшалары аралығындағы кысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кенейіп қанды жүрекке қарай тартады.
Плевра жапырақшалары аралығында əдетте газ (ауа) бол-.майды. Плевралық қуысқа аздап болса да ауа кіре қалса ол 'бір-тіндеп канға сіңеді. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс пен аталады. Оған ауа көп кірсе тыныс тарылады. Пневмото-ракс висцеральдық немесе париетальдық плевра жарақаттан-ғанда болады. Кейде науқасты емдеу мақсатымен де, қолдан пневмоторакс жасалады (плевра қуысы жартылай немесе бір жағынан ауаға толтырылады).

Өкпенің серпімділігі мен серпін күші


Өкпеде серпімді тканьдер көп. Сондықтан да ол созылып кай-та тартылып алғашқы қалпьша келе алады. Өкпе ширығуы мен созы-луы тығыз байланысты. Созылған өкпе тканін бұрынғы қал-пына келтіретін күш серпін күші деп аталады.


  1. Өкпенің жалпы сыйымдылығы


Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген соң сыртқа шығып отырады. Өкпеге дейін кіріп-щыратын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың терендігі-не байланысты. Біркелкі тыныштык, жардайда демді Чшке жай тартып сыртқа шығарса екпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөл-шері адамда 500 мл-дей болады. Осы жай дем алғанда тыныс ағ-заларына еніп қайта шығатын ауанық мөлшерін (көлемін) қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) деп атайды. К£А тұтасынан өкпе кө-піршігіне барып жетпейді, оның 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу процесіне қатыспайды. Сондықтан тыныс жольш толтырған ауаны «өлі» кеңістік ауасы деп атайды. Сөйтіп сырт-тан келіп түскен ауаның 350 мл ғана екпеге барып газ алмасу процесіне қатысады.
Демді əдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан əрі демді əлі келгенше тереңдете түссе, адам ҚТА- сына қосымша 1500—2000 мл ауаны жұта алады. Осылайша қатты дем алғанда ҚТА-сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік (қосымша) дем алу ауасы ^РДАА) дейді. Сейтіп, демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып екпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500 мл) мен РДАА-нан (1500—2000 мл) тұрады. Мұны дем алу мөлшері дейді. Ол^ООО—2500 мл-ге тең.
Қ-алыпты тыныс алу кезінде əдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа_1000—1_500мл ауа шығаруға болады. Мұны резервтік (қосымша) дем шығару ауасы (РДША) дейді. Бұл ауа қалыпты жағдайда өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртка шығады, сондықтан бұл қор ауа деп те аталады. Сонымен үш түрлі ауа — қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы жəне резервтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенщ тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрады.
ƏТС = ҚТА+РДАА+РДША ӨТС=500 мл+2000 мл+1500 мл=4000мл.
Былайша айтқанда ӨТС дегеніміз — терең дем алып, іле-шала терең дем шығарған кезде сыржа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500—5500 мл-дей. ӨТС адамнық жасына, жыны-сына, бойына, дене еттерінің (оның ішінде тыныс еттерінің) күші-не (ширақтығына) байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті темендейді, сондықтан демді ішке тартқанда кеуде қуысы онша кеңімейді, өкпесі керегінше жазылмайды. Ер адамға қарағанда əйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ еттері əлсіздеу келеді. Сондықтан да əйелдерде ӨТС төменірек болады. Спортшы адам-ның тьшыс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған кезде ке-кірек қаттырақ керіледі, ӨТС-і жорары болады.
ӨТС-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометр-мен елшеп немесе спирографпен жазып, олардың мелшерін спи~ рограмма арқылы табуға болады.
Күш салып терең дем шығарған сəтте 1000—1500 мл ауя сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдык, ауа (ҚА) деп аталады. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде əрдайым өкпеде қальщ отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялық қал-дық ауа (ФҚА) деп аталады.
ФҚА=ҚА + РШДА
Ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа (ФҚА) қалыпты тыныс ауасымен (ҚТА) араласып, əрдайым аздап жа-ңарып отырады. Демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені тол-тырған ауаның жалпы мөлшері өкпеніц жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) деп аталады. ©ЖС екпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен қалдық ауадан (ҚА) тұрады.
ӨЖС=ӨТС+ҚА
Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама əдіспен (азот немесе гелий көлемін анықтау арқылы) анықталады. Əдетте ҚА өкпе-нің жалпы сыйымдылығының (ӨЖС) 20—30%-іне тең. Қарт адам екпесінің серпімді қабілеті төмендеп шеміршегі қатайғандықтан өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал қалдық ауаның келемі, керісінше, көбейе түседі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет