Бақылау сҧрақтары:
1. Тарихи роман жанрының қалыптасуы мен дамуы туралы
айтыңыз.
2. Тарихи роман жанрының жинақтаушылық сипаты неде?
3. Тарихи роман жанрының деректілік сипаты неде?
4. Тарихи романдардың кӛркем әдебиетте алатын орны
қандай?
5. Тарихи романдардың ұлттық сананы қалыптастырудағы
қызметі неде?
43
6-дәріс. Тарихи шындық және кӛркемдік шешім
Әдебиет пен тарихтың арасында үлкен байланыс бар. Тарих
әдебиеттің материалы болса, әдебиет – тарихтың жаршысы,
яғни адамзаттың шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады.
Тарих адам үшін әрқашан да нақты бұрынғы ӛткеніміз, осы
ӛткенімізді меңгеру саласы, ӛзінің шыққан тегін сезіну. Тарих
бар жерде дәстүр жалғастығы да бар. Тіпті жер бетінен
жойылып кеткен жекелеген халықтар мен этникалық топтардың
да ӛзіндік санасы тілдік ассимиляция кезінде сақталуы мүмкін,
себебі тарихи, мәдени ақпараттар із-түзсіз жоғалып кетпейді.
Бұл ретте әдебиетіміздегі тарихи роман жанрының
қалыптасуы қазақ романының дамуына елеулі үлес қосқанын
айтуымыз керек. Академик Р.Бердібай «Тарихи роман» атты
еңбегінде тарихи романдарды «қазіргі қазақ әдебиетінің
тақырыптық, жанрлық, идеялық-кӛркемдік ізденістер мен
табыстарына» жатқызады және олардың маңызын атап
кӛрсетеді: «Тарихи шығармалар ӛткен дәуір істерін қайта
жаңғыртып
кӛрсетуі
үстіне
мәдени,
адамгершілік,
психологиялық дәстүрлерді де таныстырады».
Тарихи құбылыс, тарихи оқиға тарихи қажеттілікті
тудырады. Зерттеуші К.С.Ахметованың «Кӛркем шығармадағы
тарихи шындық (Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу»
негізінде)» жазылған кандидаттық диссертациясында: «Тарихи
шындықтың кӛркем шындыққа айналуы процесін қадағалайтын
категория екенін ескерсек, онда ғылымның эстетика саласына
ену керек. Ал кӛркем шығармадағы тарихи шындық дейтін
болсақ, онда ӛмірде болған шындықты негізге алу шарт. Ӛйткені
кӛркем шығармадағы ӛмір кӛріністерінің тарихтағы шындыққа
қаншалықты алыс-жақындығын анықтау, құжаттар негізіндегі
шындықтың ӛзі сюжеттік желіге айналып кете баратын сәттерін
қадағалау арқылы ӛмір мен ӛнердің тоғысар сәттерін бағдарлай
алсақ, ел елерлік, құныға оқырлық шығарманың қалай дүниеге
келу жайын суыртпақтап шығару сонда қиын бола қоймас», –
деп келтірілген.
Тарихи
шындықтың
кӛркем
шындыққа
айналуы
эстетикамен байланысты. Ал кӛркем шығармадағы тарихи
44
шындық дейтін болсақ, онда ӛмірде болған шындықты негізге
алу шарт. «Әдебиеттану» терминдер сӛздігінде «Тарихи
шындық – ӛмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған
шығармадағы кӛркемдік кӛрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық
ӛмірдегі нақтылығы, ӛмір сүрген тұлғалар арқау болады.
Тарихтың, ӛмірдің шынайы болмысын елестету арқылы,
ӛткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы тарихи
шындық – кӛркемдік бейнелеу тәсілмен бейнелеу ӛмір
шындығы, яғни кӛркемдік шындық. Тарихи шығармада ӛмірде
болған оқиғалар мен ойдан шығарылған жайлар да аз болмайды,
тарихи тұлғалармен бірге ойдан шығарылған бейнелер де қатар
жүреді. Шығарманың кӛркем мазмұны оқиғалары, кейіпкерлері,
кӛркем ой кӛрігінен ӛтіп, ӛзгеше сипат алып шығатындығында.
Әрине, тарихи оқиғаның негізінде жазылады. Сондықтан
жазушы тарихи оқиғаларды нақты білуі керек. Ол қанша
суреттесе де тарихи шындықты бұрмалап, аттап ӛтуге хақысы
жоқ. Ол үшін тарихи деректерге сүйенуі керек», – деп түсінік
беріледі.
І.Есенберлиннің
«Кӛшпенділер»
трилогиясында
оқиғалардың сюжеттік желісі шебер тартылған, кейіпкерлер
образы терең суреттелген, қоғамдық жағдай мен тарихи
оқиғалар бір-бірімен жымдаса байланысқан, бұл жазушының
шығармадағы кӛркемдік тұтастықты сақтап, шығармашылық
шеберлікті жақсы меңгергендігін кӛрсетеді.
Трилогияда кӛптеген жанрлар тоғыса орныққан. Бұл ретте
трилогияның хроникалылығымен қатар, танымдық, мифтік,
эстетикалық, мағлұматтық, шежірелік, кӛркемдік, фольклорлық
сипаттарын айту керек.
Трилогияның танымдық қасиеті – шығарманың күллі қазақ
халқына ортақ тартысты тағдырын жан бітіре суреттеуі, қазақ
мемлекетін құрған ел билеушілер – хандар, сұлтандар, билер
бейнесін, қазақ тарихын жасауға қатысқан халық ӛкілдері яғни
батырлардың, ақын-жыраулардың тарихтағы және кӛркем
ойдағы бейнесінің панорамасын жасап беруінде.
Трилогияның мифтік сипаты батырлардың жойқын
ерліктерінің кӛрінісімен, ел билеушілер мен абыздардың аңызға
айналған сӛздерінің сұлулығымен, қазақ халқының түркілік
45
салт-дәстүрлері мен шамандық дінінен қалған, кейін Ислам
дінінен енген діни ғұрыптары, батырлық, тәрбиелік аңыз-
әпсаналарынан, мақал-мәтелдерінен кӛрінеді.
Трилогияның эстетикалық қуаттылығына жазушының
кӛркемдік тіл құралдарын барынша бай қолданып, тарихи оқиға
болған кезеңдегі тіл ерекшеліктерін сақтай отырып, осы күнгі
оқырманымен жалғастығын жоғалтпай сақтауы дәлел болады.
Жазушы трилогияда қазақ тарихында ерен еңбек сіңірген ел
билеушілер мен ел қорғаған батырларды, от тілді, орақ ауызды
ақын-жырауларды, қарапайым халық ӛкілдерін, тарихи, мәдени,
саяси оқиғалар мен сол кезеңдегі заң-құжаттарды кӛркем
шығарма кӛкжиегінен қалыс қалдырмау мақсатында архив
құжаттары мен тарихи деректерді тірнектеп жинақтайды,
сұрыптайды, сӛйтіп ең маңызды деген оқиғаларға мән бере,
терең тоқтала суреттеп, кейде санамалап кетуді жӛн кӛреді, яғни
тарихи шығарманың эпопеялық үлгісін жасауды басты мақсат
тұтып, халық тарихын толықтай қарастыруға мән берген.
Трилогияда мағлұмат кӛп берілген, егер туынды ӛткен
ғасырларда жазылған болса, оны тарихи дерек ретінде
пайдалануға да болар еді. Жазушының тарихшыға тән
кӛрегендігі мен байқағыштығы ұшқыр ой қуатымен сабақтаса
ӛрілген.
І.Есенберлиннің шежірелерді шебер пайдалануы бес жүз
жылдық тарихтағы айналып кетуге болмайтын, дегенмен атап
ӛтетіндей маңызы аздау кейбір оқиғаларды шежірелік баян
үлгісімен айтып кетуі – оның тағы бір шығармашылық қыры.
Жазушы халқымыздың бес жүз жылдық тарихында тарихи
тұлғаларды, оқиғалар мен заң-құжаттарды кӛркем шығарма
кӛкжиегінен қалыс қалдырмау мақсатында мұрағат және тарихи
деректерді жіті қарастырады, ең маңызды деген оқиғаларға мән
бере суреттеп, кейде санамалап кетеді. Автордың тіл
кӛркемдігіне кӛзқарасы да осы тақылеттес ойдан туындаған,
яғни тарихи шығарманың эпопеялық үлгісін жасауды басты
мақсат тұтып, халық тарихын толықтай қарастыруға мән берген.
Қаламгер трилогияда мифтік шығармаларды, яғни ежелгі
монғол аңыздарын, қазақ аңыз-әпсаналарын, ертегілерін, айтыс
үлгілерін, жырларды мол пайдаланған, бұл ретте тарихи
46
құжаттарды мифтік шығармалармен бекіту әдісі ұтымды
шыққан. Жазушы монологтік баянға кӛп орын берген, себебі
бұл белгілі бір биікке кӛтерілген кейіпкердің, мысалы, ел
билеушінің, ӛзгемен ойласпайтын, ӛзінше кесіп-пішетін,
шешімін соңынан айтатын қасиетін кӛрсетеді.
Кӛркем қиялдың тереңіне бойлап, кӛркем шығармаға
айналдыру үшін кӛркемдік болжал мен кӛркемдік таным қажет.
Кӛркемдік таным дегеніміз: «заттар мен құбылыстардың адам
ӛмірімен тікелей байланыста болатын шындық болмысқа
адамның эстетикалық қатынасының жоғарғы формасы» (Гуляев
Н.А. Теория литературы, 69-б.), ал кӛркемдік болжал:
«Автордың реалды шындықтың кейбір фактілерден ауытқуы
(олар жайлы сӛз қозғамау, жанама фактілерді суреттеуде
хронологиялық тізбекті ӛзгерту, т.б.) бұл тарихи кейіпкердің
мінезіндегі кейбір қырларын күшейту, не бәсеңсіту, тарихи
құжатқа шығармашылық жағынан жақындату» (Александрова
Л.П. Советский исторический роман: Типология и поэтика, 136-
б.). «Кӛшпенділер» халықтың тұмшаланып жатқан тарихын
тірілтуге деген кӛркем қиялдан туындады. Қаламгер ӛзінің
кӛркемдік болжалына сүйене отырып, трилогияны халыққа
таныс, оның кӛңілінде бейнесі ӛшіп үлгермеген хан
Кенесарының билік құрған кезеңінен бастауы тарихтың
беймәлім беттерін ашуға жалпыхалықтық қызығушылық
туындауына ықпал етті. Тӛл тарихымызды тірілту секілді ауыр
да абзал міндетті жазушы ӛзінің бай дүниетанымымен,
жазушылық шеберлігімен, еңбекқорлығымен орындай алды.
Тарихи романдардағы кӛркем тартыс – сюжет пен
характерге байланысты теориялық мәселе. Трилогия түгелдей
дерлік тартысқа құрылған, бұл әрбір оқиғаның басталуы мен
аяқталуынан және бір-бірінен туындауынан кӛрінеді. Жазушы
бір оқиғаның ішінен бірнеше жағдайлық оқиғаларды шығарып,
бір мезетте бірнеше кульминациялық нүктелерді кӛрсетеді.
Мысалы, «Алмас қылыш» романында Асан Қайғының әмірімен
Қазтуған жырау мен Қотан жыраудың айтысының тартыс
түрінде ӛтуі, қазақ халқының ерлігін паш ете жырлаған тұстарда
Әбілқайыр ханның ұнатпаған сыңай танытуы, Саян батыр
қашып кеткені туралы хабарды естігенде Қобыланды батыр мен
47
Ақжол би арасындағы тартысты кӛзқарас, оны Асан Қайғы мен
Әбілқайыр ханның байқап қалып, әрқайсысының ӛзінше байлам
жасауы, романның ӛн бойына ӛзек болған Әбілқайыр мен
Жәнібек, Керей арасындағы тартыс; «Жанталастағы» Әбілқайыр
хан мен патшалық Ресей шенеуніктерінің, Абылай хан мен
жоңғарлардың арасындағы тартыс, «Қаһардағы» Кенесары мен
патшаның отаршылдық саясатын жүзеге асырушы орыс
генералдарының, аға сұлтандардың озбырлығына қарапайым
халықтың қарсылығы желі тартып жатыр.
Жазушы кейіпкерлер бейнесін жасауда ұтымды әдістерді
қолданады, ол кейіпкерлерін суреттеу үшін тіліміздегі бай
тіркестерді, оралымдарды шебер қиюластырып келтіреді. Осы
шеберлігі жазушының тарихи романдарының тілін әсем
безендіріп, тарихи оқиғаларды суреттеудегі тіл жұтаңдығынан
және қасаңдықтан аулақ етеді.
Кӛркемдік шындыққа жетудің басты жолы – тарихшылық
(историзм). Бұл жазушының кӛркем қиялына да байланысты.
Кӛркем қиял шығармаға тарихта болмаған жеке эпизодтар мен
кейіпкерлердің әрекеті арқылы енеді, сонымен қатар романның
құрылымы, образдар жүйесі, типтендірудің мәні объективті
шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Кӛркем
қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр,
мұнда кӛркемдік болжал бар. Жазушының творчестволық
кӛркем қиялында жүйелі образдар туады, ол оны кӛркем
бейнелеуге қажетті тәсілді таңдайды, ал кӛркемдік болжал
тарихи оқиғаны кӛркемдікпен бейнелеуге қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |