9
2-дәріс. Тарихи проза дәстҥрінің қалыптасуы мен дамуы
ХХ ғасырдағы әдебиетімізде тарихи тақырыпты қарқынды
меңгеру кезеңі басталды. Ұлттық тарихтың шынайы дамуын
жарыққа шығаруға ұмтылу қазақ әдебиетіндегі кӛрнекті
романдардың дүниеге келуіне түрткі болды. Тарихи роман –
ӛткен күндердің шынайы тарихи оқиғаларын кӛркем суреттеу.
Адамзаттың ӛткен ӛміріне деген саналы қызығушылығы тарихи
романның тууына себепші болды. Сондықтан кӛптеген сӛз
зергерлері тарихи тақырыпқа қалам тартып, ӛз халқының
мәдениетіндегі рухани құндылықтарды зерделеуге және
кӛрнекті қайраткерлерді сомдауға ден қойды. Бұл туралы
әдебиеттанушы ғалым Ш.Елеукенов «Әдебиет және ұлт
тағдыры» атты еңбегінде: «Роман – жаңа эпос.
Бұл белгілі
анықтамада жанрдың ескі, «мыңжылдық» эпоспен байланысы
да, ерекшеленетін тұсатры да қамтылған. Роман эпоспен бірге
әдебиеттің лирика, драма, тектерімен де тоғысады. Эпос
романның бейнелеу ӛрісін кеңейтсе, лирика кейіпкерінің ішкі
сырын қотаруға селбеседі. Роман тартысынан драма тәсілдерін
аңғару да қиын емес: кейіпкер характерін қақтығысы арқылы
ашады», –
дей келіп, тарихи тақырыптың арнабасы туралы сӛз
қозғайды: «Ұлттық тақырып – ұлан-ғайыр тақырып. Таптық
кӛзқарасқа табынған социалистік реализм әдебиеті оны
сұйылтып, аясын тарылтып жіберді... Кеңес жазушылары
нендей мәселе кӛтеруі керек деген нұсқаулардан түсінгеніміз –
ұлттық тақырыптан әдебиет тек халықтар достығын жазуға
керек... Ұлттық тақырыптың маңызды тарауларының біріне
ұлттық және ұлттық ерекшелік қасиеттерді кӛркем сӛз ӛрнегіне
түсіру мәселелері жатады... Тарихилық принциптің және бір
талабы бойынша, бейнеленіп отырған дәуір тұлғасы, кешегі мен
бүгінгіні сұрыптайтын автор дүниенатымы елегінен ӛткізіліп
суреттеледі... Ұлттық тақырыпты қазіргі жағдайда ӛрістету
дегеніміз ұлт даралығын кӛрсетумен шектелмейді. Ӛзге
халықтардан тараған игіліктерді рухани қазынаға қоса беруіміз
керек. Қайсыбіреулер қазағымның ӛз ӛнер-мәдениеті ӛзіне
жетіп
жатыр, ӛзгенің ӛнегесіне сұқтанып телмірудің қажеті шамалы
деген жаңсақ, кеудемсоқ пікірлер айтып жүр. Мұндай пікір
10
иелері ӛзгенің жетістігін бойына сіңіріп отырса, ұлттың дара
қасиеттері де марқайып ӛсе түсетіндігін түсініп жете бермейді»,
– деп әдебиеттегі тарихи тақырыптың қалыптасуын түсіндіреді,
сӛйтіп «Жаңа жолдан» атты зерттеуінде: «тарихи роман – дәуір
айнасы. Мұндай жанр табиғаты халық ӛмірінің әлеуметтік-
экономикалық жағын, ұлан-ғайыр тұрмыс-салтын, барша
тынысын терең қамтуы тиіс. Қамтығанда қазақ
қоғамының сол
тұстағы алдыңғы қатарлы прогресшіл күштерінің феодалдық
іріп-шіріген құрылысқа қарсы табанды күресін ажарлы бояумен
айқын да бедерлі суреттеп беруі керек», – дейді.
Орыс ғалымы Е.И.Клименконың пікірінше, романтизм
дәуіріндегі фольклорға, ӛткен ӛмірдің экзотикасына және орта
ғасырларға деген қызығушылық, ӛткен ӛмірді ойдан
шығарылғандай елестету сӛзсіз жаңа жанрдың қалыптасуына
алғышарт болды. Ал тарихи роман жанрының қайнар кӛздері
ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа әдебиетіндегі
әлеуметтік романдар,
эпостар, жылнамалар, тарихи және мифологиялық сюжеттерге
құрылған поэмалар, готикалық роман және романтизмнің
тарихи формалары болып табылады.
Тарихи роман жанрының дүниеге келгеніне екі жүз жылдан
астам уақыт ӛтті. Алғашқылар ХҮІІ ғасырда жазылса да,
кӛрнекті тарихи романдар ХІХ ғасырда романтизм дәуіріндегі
ағылшын әдебиетінің ӛкілі Вальтер Скоттың «Уэверли» (1814),
«Пуритандықтар» (1816), «Роб Рой» (1818), «Айвенго» (1820),
«Квентин Дорвард» (1823) секілді шығармаларынан басталады.
Олай
болса,
тарихи
роман
жанрының
қалыптасуы
романтизммен байланысты. Тарихи романның әкесі саналатын
В.Скотт шығармашылығы мен романтизм – ажырамас ұғымдар.
ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ
ғасырдың басында Еуропада
орын алған ірі қозғалыстар, саяси оқиғалар мен қоғамдық
ӛмірдің біртұтастығы халық санасына әсер етті. Тарих әр
адамның ӛміріне әсер ететін нақты күш секілді кӛрінді. Тарихи
оқиғаларға барлығы да куә болғандықтан, қоғамдық санадағы
осындай ӛзгерістер тарихи романның қалыптасуына негіз
болды.
Тарихи роман жанрын зерттеуші Г.Лукачтың пікірінше,
тарихи романның Англияда қалыптасуының себебі 1688 жылғы
11
революциядан кейін
осы ел дамудың салыстырмалы
тұрақтылығына қол жеткізіп, тарихты жаңадан қабылдап, тану
объективті тарихи баяндау арқылы жүзеге асырыла бастады.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаның қалыптасуы туралы
академик С.Қирабаев «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» атты
қысқаша очеркінде: «Қазақ прозасының бұл кезеңдегі ірі
табыстарын роман жанрынан кӛруге болады. Ол ӛзінің бұрнғы
озық дәстүрін жалғастырды... Бұл дәуірде негізінен тарихи
роман ӛзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің
алдына шықты. Халықтың ӛткен тарих пен оның негізгі
оқиғалары, ел болу дәстүрі,
бостандық, азаттық идеяларының
таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған
азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың
оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да
коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді», –
деп тұжырымдайды.
Тарихи романдар – отансүйгіштік тәрбие құралы, ӛскелең
ұрпақ тарих қойнауында қалған тағдырымыз бен тарихи
тұлғаларымыздың кӛркем
бейнесі
бедерленген
кӛркем
шығармаларды
оқу арқылы ерлік пен елдікке, батырлық пен
батылдыққа, жігерлілік пен намысшылдыққа тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: