Бақылау сҧрақтары:
1. Әдебиетімізде тарихи роман мәселесін кімдер зерттеген?
2. Неліктен ғалым Р.Бердібай тарихи романдарды «қазіргі
қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, идеялық-кӛркемдік
ізденістері мен табыстары» деп есептейді?
3. Тарихи роман құрылымының басты ерекшелігі неде?
4. Тарихи роман жазушыға тарихи факті, кӛркемдік
шеберлікпен қоса тағы не қажет?
24
4-дәріс. Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи проза
Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің
аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен
бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі,
түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз
байланысты. Ӛйткені ұлтты ұйыстыратын, оның ӛзге
этностардан ӛзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын
негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, яғни ұлттың әдеби
тілі. Ұлттың ӛзін-ӛзі тануы, ең алдымен ұлттық тарихты терең
де жүйелі білуден басталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ӛзінің
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Біз ұлттың тарихи санасын
жаңғырту жұмысын жалғастыруымыз керек», – деп, қазақ
тарихын ғылыми танудың жаңа жолдарын іздестіру мәселесін
батыл кӛтерді («Егемен Қазақстан», 2012, 15 желтоқсан).
Осыған орай Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын
зерделеу жӛніндегі ведомстволық жұмыс тобының кеңейтілген
мәжілісінде тӛл тарихымызды зерттеудің кӛкейтесті мәселелері
қаралып, жаңа жолдары ұсынылып, ұлттың тарихи санасын
қалыптастыру міндеттері қойылды. Елбасы тапсырмасы
бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атаумен тарихи
зерттеулердің арнайы бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның
негізгі мақсаты – еліміздің тарих ғылымында алдыңғы қатарлы
әдістеме арқылы сапалы секірістің жүзеге асырылуына жағдай
жасау, қазақтың ұлттық тарихының кӛкжиегін кеңейту, ұлттың
жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің қалыптасқан белесінде біз ӛз
тарихымызды осы заманғы ғылымның биігінен пайымдауға
және ұлттық тарихтың бӛлінбейтін бейнесін қалыптастыруға
тиіспіз. Ұлттың ӛзін-ӛзі тануы, ең алдымен ұлттық тарихты
терең де жүйелі білуден басталады.
Тарих пен әдебиет егіз десек, тәуелсіздік кезеңінде «дүниеге
тәуелсіздік кӛзімен қарайтын» (Н.Ә.Назарбаев) кӛркем әдебиет
туды. Бұл ретте тарихымызды түгендеп, тұлғаларымыздың
образын сомдауды мақсат тұтқан, жас буынның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу құралына айналған тарихи романдар легі
25
дүниеге келді. Олардың қатарында Балғабек Қыдырбекұлының
«Алатау» роман-дилогиясы (1986, 1991), Қалмұқан Исабайдың
«Шоң
би»
тарихи
роман-трилогиясы
(1993),
Болат
Жандарбековтың «Саки» романы (1993), Қабдеш Жұмаділовтің
«Дарабоз» роман-дилогиясы (1994, 1995), Рамазан Тоқтаровтың
«Абайдың жұмбағы» тарихи роман-хамсасы (1999), Кәдірбек
Сегізбаевтың «Беласқан» (2001) романы, Софы Сматаевтің
«Жарылғап батыр» (2003) романы, Жанат Ахмадидің
Шырғалаң» (1997) тарихи роман-дилогиясы мен «Есенгелді би»
(2004) романы, Ұзақбай Доспамбеттің «Қызыл жолбарыс»
(2000) және «Абылайдың ақ туы» роман-дилогиялары (2004,
2008), Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» тарихи-
философиялық дилогиясы (2007), Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс
хан» деректі тарихи хикая-тетралогиясы (2011, 2013, 2014,
2016), Қажығали Мұханбетқалиұлының ҚР Мемлекеттік
сыйлығы берілген «Тар кезең» тарихи романы (2012) т.б.
туындылар бар.
Тарихи романдарымызды, яғни «ӛткен дәуір һәм жазылған
уақытының, автор дүниетанымы мен идеологиясының модулі»
саналатын туындыларды зерттеуді ӛзекті мәселеге айналдырған
әдебиеттанушы ғалым Ш.Елеукеновтің «Әдебиет және ұлт
тағдыры» (1997), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті
тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Тәуелсіздік биігінен» (2007),
«Казахская литература: новое прочтение» (2007), «Әдебиет –
тәуелсіздік қаруы» (2009) секілді кітаптары соңғы ширек
ғасырда жарияланған тарихи романдарды тәуелсіздік дәуірі
және авторлық тұрғы, тарихи шындық пен кӛркем шындықтың
арақатынасы, идеялық-эстетикалық ерекшелігі проблемалары
аясында талдауға құрылған. Ол тәуелсіздік кезеңінде дүниеге
келген тарихи романдар туралы «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік
кезеңінде» атты зерттеуінде: «Қазақ әдебиетінде тарихи роман
жанрының бай тәжірибесі қалыптасқан... Тарихи роман ӛткенді
жаңғырта отырып, еліміздің бүгін-ертеңін қоса ойластыруға
мүмкіндік ашатын тың идеяларды алға тартуда... Қазақ тарихи
романы қоғам, мемлекет қайраткері бейнесін біршама жақсы
кӛрсетуге тӛселді... жалпылай алғанда, соңғы он жылдық
тәуелсіздік кезеңінде қазақ тарихи романының жаңа
26
проблемаларға шыққаны, соған орай поэтикасы да жетіліп
ӛркейе түскені күмәнсіз нәрсе», – дейді. Дегенмен тарихи
романдардың бәрі бірдей сапалық, кӛркемдік қасиеті жоғары
дегенді білдірмейтіні туралы айта келіп, ғалым кейбір
туындыларға
тән
кемшіліктерді
санамалап
кӛрсетеді:
«иллюстративтілік, архивтен жә болмаса оқығаннан тапқанды
жорға
тілге
салып
кӛшіре
берушілік,
материалдың
философиялық мәнін екшемегендік салдарынан жайдақ ойға
ұрынушылық, ең бастысы – автордың ӛз концепциясының
жоқтығы, зерттеп, суреттеп отырған дәуірге дара кӛзқарасын
қалыптастырмаушылық...
Композициясы
босаң,
ойлары
шашыраңқы, қосылса, не түсіп қалса одан шығармаға нұқсан
келмейтін үзік-үзік картиналар тек танымдық дәрежеде қалып
қояды... кӛп белгілі тарихи қайраткерлер жайылма оқиғалардың
жетегінде кетеді де, характерлері әйтеуір жақсы адам екен деген
жорамалдан аспай қалады. Характерлер іштей тереңдеп
ашылмайды... жеке тағдырлар суреті нақты детальмен емес,
солай болуы тиіс деген жорамал берілетіндіктен, бір шығарма
кейіпкерлері екіншісіне ұқсап бір қалыптан шыққандай әсер
етеді. Ондай кейіпкерлерді атына ғана қарап айырасың.
Тағдыры бар дегізбейтін қаһарман оқиға ағысында жаңқаша
қалқиды, кӛбіне автор мінездемесі басым келеді».
Тәуелсіздік кезеңінде жарық кӛрген тарихи романдардың
арқауы – ел тарихы, геройлары – тарихи тұлғаларымыз. Жазушы
Б.Қыдырбекұлы
«Алатау»
роман-дилогиясында
кеңестік
дәуірдегі «Ұлы Қазан революциясы» деп танылған тарихи
оқиғаны, онан кейінгі жылдардағы отырықшыландыру,
коллективтендіру, колхоздастыру кезеңдерін қамтып, сол
кезеңдегі қазақ халқының ауыр тұрмысын, әлеуметтік жағдайын
суреттейді. Романда 1930 жылдардағы колхоздастыру кезеңінде
жіберілген асыра сілтеулер, соның салдарынан ұлтымызды
жайлаған ашаршылық жайы кеңінен баяндалады, яғни бір
нәубеттен құтылған елдің басына түскен екінші зобалаң, яғни
1937-38 жылдардағы жаппай жазалау науқаны халықтық
трагедия ретінде айшықты суреттелген. Ұлтымыздың бетке
ұстар азаматтарын түгелімен қырып, қазақ деген ұлтты жою
мақсатында ұйымдастырылған саясат таңбасы әшкереленеді.
27
Романда елдің азаттығы үшін күрескен 17 жасар Ораз
Жандосовтың Тоқаш Бокинді түрмеден шығару үшін 630
адамның қолын қойдыртып, патшаға қарсы ереуіл жасамақ
болған оқиғасы суреттеледі. Байлардың езгісін кӛрген Шұнақ,
Дәуқара, Молдахмет, Серғазы, Қалдыбай секілді қарапайым
халық ӛкілдерін айналасына үйіріп, шешуші әрекетке бел
байлаған тұсында Ораз адасқанды жӛнге салып, дұрыс жолға
шақырады. Романдағы Ораздың: «Қалдеке, халық істеймін
дегенін істейді. Кӛп қорқытады, терең батырады. Сіздің ұстаған
жолыңыз жӛнсіз жол. Сіз кірген партия ол халық мұңын сӛз
жүзінде ғана жақтайтын партия. Адасып барасыз. Ал мына хатқа
келсек, ол бүгінгі таңдағы ең кӛкейкесті мәселе. Тоқаш
Бокиннің басына ӛлім қаупі тӛніп тұр. Алты жүз отыз адам қол
қойған хаттан губернатордың есі кетеді. Ӛйткені олар
ұйымшылдықтан қорқады. Қазір патша үкіметінде зәре жоқ. Ол
қазақтардан қорқып отырған жоқ. Қазақ бір ғана халық. Ондай
талай халық патшаны құлатуды кӛксеп, кӛздеп отыр... Патша
тағының іргетасы шіріген, ол морып тұр. Ол халықтың
тегеурініне шыдай алмақ емес. Ол тегеурінге қазақ күш қосу
керек. Осы күшті бастайтын оның Тоқаш Бокин сияқты
ардагерін босату керек. Енді хатты кешіктіруге болмайды», –
деген шешуші сӛздері жігерлі жастың шешуші байламын
кӛрсетеді (456-б.). Осы арқылы жазушы халқымыздың басына
мұнар күн туған заманда ерлік кӛрсеткен Ораз Жандосовтай
ерлердің күрескерлік тұлғасын кӛркем бейнелейді. Жазушы
мемлекет қайраткерінің кӛркем бейнесін жасауға дайындықпен
келген, бұған дейін «Ораз Жандосов» атты очеркі жарық кӛрген.
Жазушы Қ.Исабайдың «Шоң би» тарихи роман-трилогиясы
ұлттық идеология тұрғысынан жазылған, мұнда Кенесарыдан
кейінгі хан тұқымдары, яғни тӛрелер ӛздерін «ақсүйекпіз» деп
санап, қалың ел «қара бұқара қазақтан» жырылып, ұлттық
береке-бірлігімізге ӛлшеусіз зиян тигізгені шыншылдықпен
суреттеледі. Романда қазақ даласының атақты билерiнiң бiрi,
«Едiгенiң Шоңы едi, жақсылардың соңы едi, iстеген iсi оң едi»
деп халық айрықша қадiрлеген, Ресей ӛкiметiнiң отарлауына
қарсылық танытып, хандар институты таратылып, сыртқы
округтер ашыла бастаған уақытта «тӛртуыл одағын» құрып,
28
Баянауыл дуанын ашуға қол жеткiзген тарихи тұлға – Шоң би
Едiгеұлының (1764-1836) тарихи тұлғасы кӛркемдікпен
бейнеленген.
Б.Жандарбековтың «Саки» романында б.з.д. VI ғасыр
оқиғасы суреттелген. Сырдария – Яксарт, Әмудария – Окс
атанған заманда Жетісу мен Шу ӛңірін жайлаған «шошақ бас
киімді» сақтардың патшайымы Томирис сонау Вавилонға
дейінгі айналасындағы мемлекеттердің бәрін бағындырған
парсы елінің патшасы Кирдің басқыншы әскерінің күл-талқанын
шығарады.
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясында қазақ
халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресі суреттеледі.
Мұнда қалмақ жаулаушыларынан қазақ жерін тазарту, халықты
құлдықтан азат ету, шүршіттерді туған жерге аттатпау, жау
жағадан алғанда, етектен тартқан қырғыздардан есе қайыру, әз
Тәукеден кейін тарап кеткен алты Алаштың басын қосып,
ұлттық бүтіндігін қалпына келтіру секілді ішкі қатпары қалың
мәселелердің түйіні шешіледі. Романда Әбілқайыр хан, Абылай
хан, Бӛгенбай батыр, Дарабоз атанған Қабанбай батыр, Шақшақ
Жәнібек, Барақ сұлтан, Құнанбай қажының әкесі Ырғызбай
палуан, Тоқтамыс, Райымбек батырлар, Бұқар жыраудың баласы
Жарлығап би, Тӛле бидің баласы Батық батыр, Құттыбай бидің
баласы Байқара би, Абылай ханның балалары Әділ, Қасым,
Уәли
сұлтандардың
тарихи
тұлғалары
кӛркемдікпен
бейнеленеді.
«Абайдың жұмбағы» тарихи роман-хамсасында жазушы
Р.Тоқтаров ұлт тірегі, сарқылмас бай қазына, әлі де жұмбағы
кӛп дана Абайдың ӛмірі мен поэзиясының әлі ашылмаған
қырларына, шетсіз, шексіз әлеміне бойлай отырып, ақының
жұмбақ болуының кілтін, сырын, себебін іздейді. Жұмбақ
болған шындықтардың бірі – бас кейіпкер Абайдың ӛз
заманындағы орыс зиялыларымен терезесін тең ұстайтындығы.
«Абай жолы» роман-эпопеясында Михайлов – Абайдың ұстазы
боп
суреттелсе,
«Абайдың
жұмбағында»
Михаэлис
ағартушылық қозғалысының кӛсемі Абайдың пікіріне ден
қояды. Роман-хамса әрқайсысы ӛз ӛрісімен дамып, ӛзгеше
тынысын тауып отыратын бес бӛлімнен, яғни бес кітаптан
29
тұрады. Әрқайсысы бас-аяғы бүтін дербес хикая, олардағы оқиға
ӛзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап тақырыбында
жақшаға алып кӛрсетілген: «Толғақ» (Кенесары, Құнанбай,
Қодар);
«Жұлдыз
құрбандық»
(Шоқан,
Достоевский,
Құдайберді); «Қызғаныш» (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім);
«Хақиқат мекені» (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Долгополов);
«Нұрсипат» (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бӛкейханов, Мағауия).
Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ
ӛзек, ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып
отыратын дәнекер, оларды бір кітаптан екінші кітапқа
ауыстырып отыратын ӛткел Абай образы және оның ӛмірі.
К.Сегізбаевтың «Беласқан» романының оқиғасы ХҮІІІ
ғасыр соңындағы шығыс шекарада ел билеген, мінез-құлқы кӛп
қыртысты Қамбар тӛренің жұртты егіншілік, отырықшылық
сияқты жаңа үрдіске баули бастауы, қазақ-қалмақ қарым-
қатынасының жаңаша, достық сипатта дамуы арқылы ӛріледі.
Сол кездегі ӛмір салты, дәстүрлік құндылықтар, әдет-ғұрыптар
кӛркем суреттеледі.
С.Сматаевтың Абылай заманындағы қазақ батырына
арналған «Жарылғап батыр» атты ӛлеңмен жазылған романында
ХVІІІ ғасыр ауқымындағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық, саяси
жайттар бейнеленген. Қазақ халқының аса бiр қиын кезеңi –
жоңғар-қалмақ басқыншылығынан қатты күйзелiп, Арқа мен
Алтайдан, Орал мен Жетiсудан айрылып, Қаратау мен Сыр
бойына, сонау Жиделi-Байсынға табан тiреген қасiреттi күйiнен
сыр шертедi. Жан-жақтан қысып келе жатқан азулы кӛршiлерi –
Ресей патшалығы, қызылбас елi, Қытай империясы, ойрат-
жоңғар хандығы қоршаған шабынды елдiң басын бiрiктiрiп,
iштегi алауыз сұлтандар бүлiгiнен құтқарып алып, сыртқы
басқыншы жауларға қарсы халықтық күреске жұмылдырудағы
Қазыбек, Тӛле билердiң, Абылай хан, Бӛгенбай, Қабанбай,
Жарылғап батырлардың әрекетi жан-жақты кӛрсетiлген.
Шығарманың ӛзектi қаһарманы – Жарылғап батыр. Автор ХVІІІ
ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласындағы тарихи
кезеңнiң әсерлi суретiн Жарылғап батырдың ӛмiр жолымен
байланыстыра отырып бейнелеген. Романда оқырманын бей-
жай қалдырмай әсерлендiретiн шынайылық, сергектiк және
30
сезiмталдық мол. Аңда жүрiп ойраттардың тұтқынына түсiп
қалған Абылай хан мен Жарылғап батырдың тұтқын халдерiн
суреттеуде де жазушы шынайылықтан ауытқымаған.
«Қызыл жолбарыс» және «Абылайдың ақ туы» роман-
дилогияларынан
тұратын
роман-эпопеясында
қаламгер
Ұ.Доспамбет Қаратау бойында, Ташкент қаласы тӛңірегінде,
Шу, Қаратал ӛзендерінің жағалауларында ӛткен оқиғаларды
суреттей отырып, ұлттық дербестік, мемлекеттік қауіпсіздік, ел
тағдыры, жеке адам тағдыры, оның күйініші мен сүйініші
хақында үлкен ойлар түйеді. Абылай хан бейнесін Сабалақ
атанған уақытынан бастап ӛрнектей келіп, кӛркем деталь
қуатымен жас Абылайдың тәуекелшіл жаужүрек мінезінің
қалыптасу кезеңін ашады. Туынды мазмұнында Қалдан-
Сереннің күйеу баласы, ӛзі де үлкен қолбасы Шарышпен жекпе-
жекте болашақ сұлтанның тӛбесінен бір ақ шүберек
ағараңдайды, оны Тӛле би Құдайдың ӛзі шаншып бергенге
балайды, бұл баланың тегін жаратылмағанын осыдан тоғыз жыл
бұрын айтқанын еске салады. Шарыштың басын жерге допша
домалатарда Абылайлап шапқаны үшін жас батырды қолбасы
Әбілқайыр ғана емес, ұлы хан Болаттың ӛзі, Тӛле бастаған үш
ұлы би, Сәмеке хан, алшын Есет батыр, Саңырақ, Хангелді
аттарынан түсіп, жаяулап қарсы алады. Әбілмәмбет хан
кеңесінде Сабалаққа шын есімі Әблімансұрды тастатып,
Абылайлап жауға шапқаны үшін Абылай атансын деген
Қаздауысты Қазыбек бидің ұсынысы қабылданады. Роман
желісі ширыға түседі. Абылай сұлтан атанған кейіпкерін
жазушы әр қырынан кӛрсетуге ұмтылады. Сұлтанның арнайы
қол жіберіп, Ташкент пен Сайрам маңындағы қалмақтарды
жуасытуға қолқабыс жасағаны, Шу, Іле алқабындағы соғыста
Абылайдың ақ туы талай тығырықтан құтқарғаны, яғни Абылай
сұлтан Қазақ елінің ішкі-сыртқы саясатын анықтаушы
қайраткер ретінде суреттеледі. 1740 жылы Әбілмәмбет пен
Абылайдың орыс бодандығын қабылдағаны, содан соң Абы-
лайдың қапыда қалмаққа тұтқынға түсуі, 1743 жылдың
қыркүйегінде Тӛле би тоқсан адамдық елшілікті бастап барып,
қонтайшы зайсандарымен келіссӛз жүргізіп, оны бүкіл
серіктерімен босатып алуы баяндалады. Романның соңында
31
Абылай Қалдан-Серен ӛлген соң, Жоңғар мемлекетінде бұрқ
еткен алауыздықты пайдаланып, қонтайшы тағына таласқан
Дебашы мен Әмір-санаға кезек-кезек болысып, қара қалмақты
енді қайтып қару кӛтерместей етіп титықтатады. Елдігімізді
сақтап қалу ісіне бас болған Абылай хан туралы кӛркемдігі
жоғары бұл туындының ӛзіндік ерекшелігі бар.
Жазушы М.Есләмғалиұлының «Әйтеке би» тарихи-
философиялық дилогиясына әйгілі бидің ғұмырнамасы ӛзек
болған. Туындыда тарихымыздың «алтын ғасыры» саналған
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы есімдері ел аңызына айналған Тәуке
хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Мәті, Болпыш секілді тұлғалар мен
Тӛле, Қазыбек, Әйтеке секілді кӛсем билеріміздің ел бірлігі һәм
ынтымағы жолындағы кӛрегендіктері мен ӛзара достық,
сыйластық
ӛнелегері,
философиялық
ойлары
кӛркем
бейнеленген.
Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романында
қазақ елінің тарихи тағдырында кӛрші Ресейдің атқарған ролі
бар шындығымен кӛрсетіледі. Автор Ресей отаршылдығын
қатаң сынай отыра, орыс халқының қазаққа жанашырлық
кӛрсеткен қайраткерлерін кӛркем сӛз кестесіне түсіреді.
Генерал-губернатор Игельстром қазақтың игі жақсыларымен,
әсіресе, Сырым батырмен ортақ тіл табысады, қарауындағы
шовинист шенеуніктерді ауыздықтайды. Романның бұл тұстары
бүгінгі тәуелсіздік заманымыздың талап-тілектерін еске алып
жазылғандай,
яғни
халықаралық
саясат
сахнасындағы
Еуразиялық одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік секілді екі
елдің
қарым-қатынастары
рухымен
сәйкесетіндей.
Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісовтің сӛзімен
айтқанда «Тар кезең» романы – «санамызға рух сіңірген
шығарма».
«Тәуелсіздік жолында күрескен батырларды ұлықтауды
абыройлы парызы» санаған жазушы Қ.Мұханбетқалиұлы «Тар
кезең» тарихи романын жазуға жиырма жылдан астам уақытын
сарп еткенін айтып: «Сырым біздің қазақ тарихшыларының кӛп
уақыт арнайы зерттеуінің объектісі болмады. Оны кӛбіне орыс
ғалымдары ғана зерттеп жүрді. Қазақ ССР тарихында шыққан
ресми томдардың бәрін де жазған орыс ғалымдары болды.
32
Ӛйткені бұл қазақ тарихшылары үшін ӛте бір күрмеуі қиындау
тақырып болды. Сондықтан қазақ тарихы мен әдебиетінде
қалың оқырман үшін С.Датұлы жайында қолжетімді мәліметтер
кемде-кем. Ал кӛркем шығарма мүлдем жазылған жоқ.
Сондықтан қол бастаған кӛсем, сӛз бастаған шешен С.Датұлы
жайында тарихи романын жазуға бел будым. Қазақ ұлтының
кемел келешегі үшін күрескен әр тұлға жайында ӛскелең ұрпақ
білуі тиіс. Себебі тәуелсіздік қазақ еліне оңайлықпен келген
жоқ», – дейді (Тәуелсіздік – ең қасиетті ұғым // http://kazakh-
tv.kz/, 2012, 17 шілде). Романға дейін қазақтың ХVІІІ ғасырдағы
отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы, әрі би, әрі батыр
туралы
ұзақ
жылдар
бойы
зерттеу
жүргізген
Қ.Мұханбетқалиұлының «Сырым Датұлы» (2004, 2010) атты
жинағы, бірқатар тарихи тұлғалар жӛніндегі зерттеу еңбектері
енгізілген «Тоғысар арнамыз бір толғанғанда...» (2010) атты
кітабы жарыққа шықты.
Жазушы қазақ тарихындағы үлкен белес – еліміздің Батыс
пен Орталық аймағындағы Ресей империясының отарлау
саясатына қарсы бас кӛтерген халқымыздың атақты батыры
С.Датұлы
бастаған
1783-1797
жылдардағы
наразылық
қозғалысын романға арқау еткен. Романдағы басты кейіпкерлер
– Ақ патшаның сеніміне кірген, Уфа мен Симбирск әкімшілік
аймағына генерал-губернаторлық қызметіне тағайындалған
барон Осип Андреевич Игельстром, Елек пен Жайық бойындағы
елге билік жүргізген Нұралы хан, қарапайым халықтың мұңын
жоқтаған Байбақты Сырым батыр, сондай-ақ, осы тарихи
тұлғалардың
тӛңірегіндегі
белгілі
жандардың
ӛзара
арақатынасы, мінез-болмысы мен жаратылысы, тіпті ой
топшылауына дейін жазушы қиялының кӛркемдік безбенінде әр
алуан сомдалып, оқырманға ой салады. Романдағы басты
кейіпкерлердің ӛміріне қатысты деректердің еміс-еміс есте
сақталғаны мен оқиғалардың ортақ желіге шебер тоқайласуы
қаламгер қарымының қуаттылығын кӛрсетеді. Жазушының осы
ӛңірде туып-ӛсіп, жер бедері мен табиғат құбылыстарын жетік
білуі – романның кӛркемдік тұтастығына әсер етпей қоймайды.
Роман бала күнінде Малайсары биден «Ақыл қуып сӛз бастайын
деген бала екенсің, атқа мініп ел бастайын деген бала екенсің,
33
шиеленген түйінді, шиыршықталған қиынды шешетін бала
екенсің» деп ақ батасын алған, аты аңызға айналған атақты
тұлға, ӛзі би, ӛзі батыр, ӛзі шешен С.Датұлының ұлы ерлігіне,
еліне сіңірген ерен еңбегіне арналған. Кітапта қандастарының
басын біріктіріп, халық кеңесін құрып, дала демократиясын
жандандырып, жан бағатын емес, елдің елдігін танытатын, жер
мен арын қорғайтын күн туды деп атқа қонып, Орынбор
әкімшілігінің ӛзін қапыда қалдырып, мәмілеге келуге
мәжбүрлеген Сырымның кӛсемдігі мен шешендігі, асқан
даналығы, айбынды тұлғасы мен ӛр де ӛжет мінезі жарқырата
баяндалған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-
композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық
кӛлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының
әкімшілік жүйесінің қазақ ӛлкесін мемлекеттік ішкі саясат
аясындағы
генерал-губернаторлық
басқару
жүйесінің
ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің
дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік
сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне
тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің»
құрылғаны, оған үш ата ӛкілдерінің (Әлімұлынан Шекті
Сегізбай би, Байұлынан Шеркеш Тұрманбет би, Жетірудан
Табын Тіленші би) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Тӛбе
биінің (Байбақты Сырым би), Тӛбе бидің кеңесшілерінің (Ысық
Қаратау би және Кете Кӛккӛз би) сайланғаны. Романда қазақ
тарихына есімдері мәлім осындай кӛрнекті адамдардың кӛркем
бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-
әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер
кӛркемдік қолданыстар арқылы шебер бейнеленген.
Қазақ даласының Батыс және Орталық бӛлігі Ақ патшаның
билеп-тӛстеуіне кӛшкен кезеңде алып империя ӛзінің бұратана
халықты «ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында» ұстау
саясатын ашықтан-ашық білдіре бастаған еді. Тӛрт түлік малын
күнкӛріс кӛзіне айналдырып отырған қарапайым халықты Елек
пен Жайық бойындағы ӛріс-қонысынан қуып шығуға
әрекеттенген басқыншылық әрекеттердің үдеп тұрған кезі
болатын. «Жау жағадан алғанда, бӛрі – етектен» дегендей,
34
Жайық казак-орыстарының, одан қала берді башқұрттар мен
Еділ қалмақтарының жиі шабуылына кезігіп, жан-жақты қысым
кӛрген халықты басқарған Нұралы хан қарақан басының
амандығы мен алтын тағын сақтап қалу үшін сансыз құйтырқы
әрекеттерге барған қиын-қыстау кезеңде ел тағдырына алаң-
даған Байбақты Сырым бастаған билер мен батырлар, ақылгӛй
ақсақалдар бас қосып, Ақ патшаның сенім артқан беделді
лауазым иелерімен келіссӛз жүргізіп, арагідік ел ішіндегі
қарулы жасақпен тізесін батырғысы келген қарсы жаққа
тойтарыс беріп, дӛңайбат жасауы – халықтық мінезді кӛрсетеді.
Жазушының тарихи романы қазақ халқының ӛткен кезеңіндегі
оқиғалардың кӛркемдік болмысын кең тынысты, байыпты да,
байсалды кӛрсете білуімен ерекшеленеді.
Қазақ тарихи прозасы жӛнінде академик С.Қирабаев:
«Қазақтың тарихи әдебиеті халықтың ӛзін тануына, оның
тарихтағы орнын түсінуіне үлкен кӛмек жасады. Онсыз ілгері
жылжу жоқ. Дәл бүгінгі еліміздің егемендікке қолы жеткен
тұсында тарихқа ерекше кӛзбен қарауымыздың сыры да
осында. Тарихқа жүгіну арқылы әдебиет ӛзінің халықтық
санасын да кӛтеруде, жаңа халықтық тұлғалар ашуда», – дей
келіп, тарихи туындылардың маңыздылығын кӛрсетеді («Ұлт
тәуелсіздігі және әдебиет», 26-б.).
Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи прозаның идеясы – ел бірлігі,
бұл «болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы
мақсаттарға жетелейтін Мәңгілік ел» идеясымен үндесіп жатыр.
Бұл кезеңдегі тарихи туындылардың қолдаушысы – халықтың
тарихқа деген ықыласы.
Достарыңызбен бөлісу: |