Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет3/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қорытындылар





Практикалық ұсыныстар



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





Кіріспе
Зертеудің өзектілігі. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Ұлттық ойындар – жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып саналады. Сол сияқты патриоттық сезімді дамытуға мүмкіндік жасайды, оңды эмоциялды негіз ықпал етеді, өзге халықтардың мәдени ерекшелігімен байланысып, шұғылданушыларға да әсер қалдырады.
Басқа ұлттар секілді әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы айтарлықтай ықпал етеді.
Халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрі бойынша дене тәрбиесімен негізінен ерлер шұғылданған. Бозбалалар өздерінің әрекеттерінде белгілі бір шымырлықты керек еткен.
Шаруашылық ылғи да ересектерді үлгі тұтқан. Сол себепті болар, қазақ ойындары негізінен спортқа жақын ширақтық пен жылдамдық, ептілік пен шымырлықты қажет етуінен өмірге келген.
Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға [1] арналған дене тәрбиесі мен спорт дамуы мемлекеттік бағдарламасында былай деп атап өтілген: «... балалар мен жасөспірімдердің мардымсыз дене бейімділігі олардың жалпы денсаулық қалпына ықпал етіп, дене тұрқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардың 54,1%-ның денсаулығында ақау бар екендігі анықталды, оларға жүргізілетін медициналық бақылау да мардымсыз...» [1, б.10].
Оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде дене жаттығуларымен өз бетімен шұғылдануы маңызды орын алады. Бұл бағытта Г.Б. Мейксонның, В.Н. Шаулиннің, Е.Б. Шаулиннің [2], Ж.И. Жүнісбековтің, Р.А. Хисматулиннің, В.Н. Чеботаревтің [3] еңбектері белгілі үлес қосты.
Дене мәдениеті бағдарламаларын талдау ісіне Н.А. Карпушко, В.В. Приходько, Н.И. Лубышева [4], Е.Я. Бондаревский, А.В. Кадетова [5], В.Т. Чичикин [6], В.В. Пономарев [7], С.И. Касымбекова [8], Т.Ә. Ботағариевтер [9] өз еңбектерін арнаған.
Дене тәрбиесі сабақтарында дене қабілеттерін дамытуды тиімділендіру және қозғалыс қимылдарын меңгерту мақсатындағы түрлі әдіс-амалдарды жүзеге асыру ісіне В.Н. Шаулин [10], М.М. Боген [11], Л.В. Волков [12], В.П. Филин [13], Е.А. Короткова [14], В.А. Новичков [15], К.Г. Плотниковтер [16] өз еңбектерін бағыттаған.
Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерінің тиімді сабақтастығы мәселесін С.Г. Кикалашвили [17], В.И. Столяров [18], С.В. Меркуловтер [19] өз еңбектерінде қарастырған.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша оқу жұмыстарын жоспарлау мәселелері А.Н. Хан [20], Г.А. Васильков [21], В.Г. Едигарян [22], С.Г. Арзуманов, Т.С. Усманходжаев [23] еңбектерінде көрініс тапқан.
Сыныптан тыс жұмыс салалары Т.П. Богданов [24], Ж.Б. Биданов [25], А.Г. Сотникова [26], А.А. Пермякова [27] еңбектерінде зерттелген.
Қимыл-әрекет қабілеттерін тестілеуді ғылыми-әдістемелік негіздеу ісіне П. Благуш [28], Х. Бубэ, Г. Фэк, Х. Трогаш [29], В.М. Зациорский [30], Е.Я. Бондаревскийлер [31] сүбелі үлес қосты.
Оқушылардың дене қабілетін іске асырудың маңызды бағытының бірі – олардың дене тәрбиесі сабағына деген көзқарас, ынта-ықыласы. Ынта-ықылас мәселелерін жалпылама тұрғыда А.К. Маркова, Т.А. Матис, А.Б. Орлова [32] зерттеді. Дене тәрбиесі саласында бұл мәселеге нақты назар аударған ғалымдар М.И. Жаворонкова [33], Н.И. Пономарев, В.М. Рейзин [34], Р.К. Малинаускас, Ш.А. Шнирас, Ж. Вазне [35].
Аталмыш мәселенің алуан қырларын қарастырған қазақстандық ғалымдар еңбектерінің ішінен А.К. Кульназаровтың [36], К.И. Адамбековтың [37], С.И. Қасымбекованың [38], Т.Ә. Ботағариевтің [39], О.Н. Руссудың [40], М.А. Кимнің [41], Ә.Ж. Тастановтың [42], М.Т. Таникеевтің [43], Е. Мухиддиновтың [44], К.А. Гейнцтың [45] еңбектерін ерекше атауға болады.
Ұлттық ойындарды қолдану жөнінде мәселелерді ғалымдар келесі бағыттарда көтерді.
М.Т.Таникеев [46] өзінің диссертациялық жұмысында Қазақстанның Ресейге косылғаннаң бері Ұлы Октябрь социалистік революцияға дийің спорттың ұлттық түрлерінің және ойындардың дамуың зерттеді.
Т.Ш.Қуанышев [47] болашақтағы дене шынықтыру мұғалімдерін ұлттық ойындардың құралдары арқылы даярлау бағытында өзінің ғылыми кепілдемелерін ұсынды.
Қазақтың ұлттық ойындарының теориялық және практикалық түрінде жүйеге келтірілген Б.Төтенаев [48] және Е.Сагындықов [49].
А.Б.Бүркітбаев [50] «Совет Одағын ауыл аудадарында дене шынықтыру және спорт» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында ауыл жерлеріндегі балалардың дене тәрбиесінде ат спортының маңыды ролін дәлелдеді.
А.К.Атаев [51] Өзбекістан мектеп оқушыларының дамуына спорттың ұлттық түрлерін, халықтық ойындарды және арнайы жаттығуларды қолданы тиімділігін зерттеді.
Ж.Т.Тулегенов [52] қазіргі педагогикалық процесте дене тәрбиесін қазақтың ұлттық түрлерімен құралдарын енгізу туралы өзінің пікірлерін білдірген.
Е.Мухиддинов [44] оқушыладың дене тәрбиесінде ұлттық халықтың ойындарын қолдану мәселелерін зерттеді.
И.Б.Қанағатов [53] ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқалы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін жете зерттеді.
Ж.М.Есиркепов [54] жоғары оқу орнында педагогикалық мамандықтардың студенттерін шағын кешенді ауыл мектептері үшін қосымша дене шынықтыру сабағын жүргізуге дайындау мәселелерін зерттеді.
К.К.Куланова [55] дене тәрбиесінің құрамы ретінде ұлттық ойындардың алатын орнын атап көрсетті.
А.Караков [56 ] қазақ халқының дене тәрбиесі жаттығуларына тарихи – педагогикалық талдау жасады.
К.М.Белиспаев, А.К.Асарбаев [57] дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолданудың дидактикалық негіздерін ашып көрсетті.
Т.А.Ботагариев және басқалары [58] міндетті түрде өтетін дене шынықтыру сабақтарында және сабақтың тыс уақытында қазақ ұлттық ойындарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін анықтады.
Қорыта келгенде, ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында, оқу-жаттығумен шұғылданған кезінде кеңінен пайдалану олардың мол нәтиже беретініне күмән келтіруге болмайды.
Алдын-ала зерттеулер бойынша дене шынықтыру мұғалімдерімен ұлттық ойындары жүргізгенде әлі де кемшіліктер байқалады. Басқа жағынан алсақ оқушылардың дене дайындығының потенциалын жинауында бірізділік сақталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет