Магистрлiк диссертация ұлттық спoрт түрлерiнiң дене тәрбиесiнiң маңызы және oның ерекшелiктерi



бет5/17
Дата24.05.2022
өлшемі1,09 Mb.
#35497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Исегалиев диссер

Жұмыстың практикалық маңызы. Алынған нәтижелерді дене тәрбиесі мұғалімдерінің практикасында сонымен қатар «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы студенттерінің педагогикалық практикасында қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Мектептегі дене тәрбиесі пәні сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың теориялық негізі.
2. Оқу жылы мерзімінде қазақтың ұлттық ойындарының жоспарлау құжаттарында сағат мөлшері мен мазмұны және бөлінуі мен оларды жузуге асырылуы.
3. Мектептегі оқушыларының ойлау қабілеттері мен зейінділігінің даму деңгейі.
4. Қазақтың ұлттық ойындарының қолдану әдістемесін жетілдірудің жолдары және олардың экспериментальдық негіздемесі.
Зерттеу базасы.
Тәжірибелік эксперимент жұмысы Ақтөбе қаласының №32 орта мектебінде жүргізілді.

1. Мектептегі дене тәрбиесі пәні сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың теориялық негіздері




1.1 Қазақ ұлттық ойындарының топтастырылуы және олардың сипаттамасы

Қимыл ойындарының алуан түрлі болуы баяғыдан-ақ қимыл ойындарын зерттеушілер мен құрастырушыларды ойындарды топтап, жіктеу, оларды саралау қажеттігіне әкәледі.


Педагогикалық әдебиетке талдау жасаған кезде қимыл ойындарын саралау, топтастыру тұрғысында мынадай жалпы бағыт байқалып отырады: оларды қарапайым және күрделі; актив және пассив; ырықты және ырықсыз; жасына қарайғы принцип бойынша ойындарға бөлу. Мысалы, Е.А.Покровский қимыл ойындарын «… ақыл-ой және дене бағыты бойынша жіктеуді» ұсынады. П.Ф.Лесгафт «… ойындарды олардың организмге дене ықпалын көрсету белгілері бойынша саралау қажет» деп есептейді.
Д.А.Колоц қимыл ойындарын жеке, жарыс, жауапкерлік және арнайы деп бөлу мен саралауды дұрыс деп санайды.
А.Б.Леонтьеваның еңбегіне ойындарды мынадай белгілері бойынша айқындауға және саралауға көмектесетін өзгеше бір анықтағыш табамыз: өндірістік және тұрмыстық дағдылармен байланысты ойындар: доп ойындары; соғыс ойындары; жаттығу оцындары.
Қимыл ойындарының маңызын, сондай-ақ сипатын, оларды пайдаланудағы сабақтастықты анықтау үшін, Е.М, Гельфман мен С.А. Шмаков, мынадай саралауды ұсынады: зейін бөлетін ойындар; уақытты бағалауға үйрететін ойындар; баланың жеке мүмкіндіктерін ашып көрсететін ойындар; көз өлшемін дайындайтын ойындар; байқаушылыққа жаттықтыратын ойындар; қимыл реакциясы мен үйлесімін жылдамдататын ойындар; балалардың эмоциясы мен сезіміне әсер ететін ойындар.
Сондай-ақ біз әр түрлі ұлттық ойындарды зерттеу мәселелерімен айналысып жүрген мамандардың көзқарастарын айқындап алуға тырыстық және айқындамаларды анықтадық.
Қазақ ұлттық ойындары сияқты дене мәдениетінің осындай халықтық құралдарына алғаш рет жүйелеу бағытын біз М. Гунндердің, еңбектерінен таптық, ол өзі жинаған қазақ ұлттық ойындарйн ескере отырып, оларды мынадай белгілері бойынша саралауды, топтастыруды ұсынды: жалпы сипаттағы ойындар; кедергі және күрес элементтері бар ойындар; ашық жерлердегі ойындар; қысқы уақыттағы ойындар; демалысқа арналған ойындар; ат спорты ойындары; аттракцион ойындары. Мұндай ұсынысты автор қимыл ойындарының ережелерін сипаттау негізінде жасайды.
М. Гуннер арнайы сөз етпестен, қазақ ұлттық ойындары мен спорттық ойындарының арасында шектеу келтіреді.
Қазақ ұлттық ойындары мен олардың түрлерін саралау М.П. Тәнекеевтің, [43] арнайы зерттеулерінің нысанасы болды. Бұл автор қазақ ұлттық ойындарының қалыптасуы мен болу жолдарын қарастырумен қатар, көпшілігін ұлттық ойындары мен спорт түрлерін екі үлкен топқа бөлуге ұсыныс жасайды:
а) ат спортының түрлері;
ә) атқа мініп жүруге байланысты ойындар.
Б.П. Төтенаев [48], бірегей топтастыру, саралау жасайды, ол ұлттық қимыл ойындарын жастық басқыштарына айрықша назар аудара отырып, қазақ халқының ұлттық өмірінің аясында қарастырады.
Оның саралау жүйесінің ерекшеліктері де осымен айқындалады. Автор қазақ халқының ұлттық қимыл ойындарын 2 үлкен топқа бөлуді ұсынады:

  1. салт-тұрмыс негізінде пайда болған ойындар;

  2. жастар ойындары мен қимыл ойындары.

Бірінші топтың құрымында ол мынадай ішкі топтарды бөліп көрсетеді:
а) мерекелік ойындар; ә) қазақша күрес.
Осы топтың құрамында ол егіншілік тұрмысымен байланысты ойындарды бөліп көрсетеді. Бұл жерде ұлттық қимыл ойындарын тұрмыстық сипаттағыойындармен араластыру жөнінде өзгеше көзқарасты қарауға болады.
Екінші топта зерттеуші мынадай кіші топтарды бөліп көрсетеді:
а) 1 жастағы балаларға арналған ойындар;
ә) балалардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтармен ойындар;
б) халықтық құралдарды пайдалануға байланысты ойындар;
в) жануарлардың мінез-құлықтарына еліктеуге байланысты ойындар;
г) материалдық заттарды пайдалануға байланысты ойындар;
д) саймандарды пайдаланбайтын ойындар;
е) қимыл ойындар.
Біздің сеніміміз бойынша, топтастыруға, саралауға мұндай көзқарастың бірегейлі жоралғылық ойындарды қарастыру саласын қосып алу отырып, олардың ықпал ету диапазонына сипаттамасы елеулі түрде толықтырады.
Е.С.Сағындықов [49], қазақ ұлттық ойындарын математика, ана тілі сабақтарында, кластан тыс және оқудан тыс тәрбиелік жұмыстарды қолдану проблемасые зерттей келіп, пайдаланатын ойындар сипаты мен мазмұны жағынан жан-жақты болып келіп, өзіне жаңа көзқарасты қажет ететіндігін айқындайды. Қалыптасқан жағдайда байланысты автор ойындарды көпшілікке тарауына байланысты жүйелеп, қимыл ойындарын мынадай үш топ бойынша топтастыруды ұсынады:
а) көңіл көтеретін қимыл ойындары;
ә) денешынықтыру спорт ойындары;
б) ойлау қабілетін дайындайтын ойындар.
Қазіргі заманғы педагогикалық процесте қазақ ұлттық нысандарын енгізу жағдайларын қарастыра келіп, Ж.Т. Төлегенов [52], автордың пікірінше, қабылданылып жүрген ойындарды ұтымды топтастыруға мүмкіндік беретін қазақ ұлттық ойындарын саралауды ұсынады. Ол ұсынған саралау алты топты қарастырады:
- қимыл жылдамдығын, ептілік пен үйлесімділікті дамытуға бағытталған ойындар;
- күшті, төзімділікті дамытатын ойындар;
- зейін мен қимыл реакциясына тәрбиелейтін ойындар;
- лақтыру қимылын дамытатын ойындары;
- негізгі қимылдық сапаларды кешенді дамытуға байланысты ойындар.
Ұсынылып отырған саралаудан көрінетіндей, Ж.П. Төлегеновтың [52], негізгі принципі – бұл дене сапаларын дамтыуға белгілі бір ойындардың ықпал етуін зерттеу. Сонымен бірге негізгі қимылдық сапалардың кешенді дамуымен бірге ойындар топтастырылатын 6- топта ол ойындарды қалған барлық ойындар топтарына да жатқызуға болады. Қимыл ойындарын бөлу кезіндегі мұндай әмбебаптық, біздің ойымызша, онша орынды емес және ойындардың нақты міндеттерін білу үшін саралауда өзгеше көзқарасты қажет етеді.
Сонымен, әр түрлі қимыл ойындарын саралаумен айналысатын авторлардың, ғалымдардың айқындамаларына баға беруге болады. Олардың нық сенімі бойынша, оқу-тәрбие жұмысында жүргізілетін оң нәтижелерге ойындарды мұқият топтастырған кезде ғана жетуге болады [47]. Төменде кейбір ұлттық ойындарынын сипаттамасына тоқталуға жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет