Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Әс-Сәбур, ерекше сабырдың иесі Алла 
сабырлы құлдарын жақсы көреді, 
ботам
.
Бүгін 
көрген қиындық ертең ұмыт. Десе де өмір әлі та-
лай қиындығын алдан тоспақ. Ашық аспан бұлт-
танып, аяқасты дауыл да тұрар. Дауылға қарсы 
тұрар сабыр мен күш болмақ керек. Күш болмақ 
үшін де саулық керек. Саулығыңды ойла, жаным. 
– Жақсы, менің қаһарманым, қорғаным, ата-
ау… Шыдаймын, сабыр сақтаймын, уәдем – уәде! 
Айтпақшы, ата, жаңадан жазған өлеңдерімді көр-
сетейін бе? 
– Әп, бәрекелді, ақ құсымның 
жүзіне
күлкі
үйірілді ғой.
– Иә, ата, таңғы намазда Алладан: «Ауырды 
жеңілдетіп, бар дүниені нұрландыра гөр» деп 
жалбарынған едім, Аллам сіздің сөзіңіз арқылы 
арқаландырып, жанардағы жасымды сүртіп, 
бір
жеңілдеп қалғаным рас. Кейде бір ғана 
жақсы
сөз 
адамның азығы болады
екен, ә. 
– Дұрыс айтасың, жарығым. Кәне, өлеңдеріңді 
оқиық. 
– Ата, осы мен өлең жазғанда дірілдеп-қалты-
рап кетемін. Оның себебі неде? Шабыт деген осы 
ма сонда? 
– Әй, баламысың деген, иә, шабыт деген осы. 
Шабыт келерде ақынның кеуде тұсы лүпілдеп, 


46
көңіл-ойы орман кезіп кетеді.
Шабыт шарықтап 
кеткенде ішке сыймаған сеңдей сезім, асқақ ар-
ман, орамды ой, іркес-тіркес ұйқастар, шуақты 
шумақтар шұбалып келіп ақ қағазға түседі, Қар-
лығаш. Қағаздың ақтығын қарашы... Ақ дүние 
жақсы ғой. Біз өмірдегі ең бағалы ұғымдарды ақ-
пен байланыстырамыз, ұлық жаратылыстарды 
аққа балаймыз. «Аппақ ар, ақ орда, ақ орамал, ақ 
жүрек» дейміз. Тіпті дүниедегі тіршіліктің бас-
тауы бұлақ та, ананың сүті де ақ түспен байла-
нысты емес пе? Қазақтың салт-санасында ақ түс 
киелі саналады. Парақтың да ақ болғаны содан ба 
деймін... 
Сондықтан
қолда ұстаған ақ парақтың 
да киесі бар. Сол себепті, параққа не жазғаныңды, 
қалай жазғаныңды, кімге жазғаныңды таразы- 
лай білгің. Ойың мен сөздеріңді сұрыптай білгің. 
Ақ қағазға дақ түсірмегін, балам. Айтпағым, өлең 
сөзді жайдан-жай, ойнап отырып жаза алмайсың. 
Ол да құдіретті дүние. Кейде бойыңды дүлей күш 
кернеп, арнаңа сымай кететінің, аяқ-қолың мұзға 
оранып, бойыңды суық тер басатыны да осыдан, 
Қарлығашым. Сен, бастысы, одан қорықпа, қайта 
қуан. 
Бұл – өмірге өлең келейін деп тұр деген сөз.
Өлең демекші, кәне, өлеңдеріңді оқиын, өй, жа-
рығым…
***
Атам екеуміз мен жазған өлеңдерді талдасып, 
әдетке айналған ұзақ ой-толғамдарымызды ор-
таға салып, әңгіме арасында өткенге оралып, өт-
кеннің өнегесін еске алып отырамыз. Атам бізге 
тағдыр тоғыстырған қосағына адал жар, ақ жау-


47
лығына кір жуытпай өткен дана да дара анала-
рымыз жайлы жиі айтатын. Тарих беттерінде 
ізі қалған әр хикаяттан, әр сөз бен ойдан мен де, 
сіңлілерім де өнеге алып отырамыз, өзіндік ой 
түйеміз: 
– Жарықтарым, ақылдыларым, дараларым 
сол, күні бойы құндақтап қуыршақ ойнар жастан 
әлдеқашан астыңдар. Шар айнаға қарайтын, шаш 
өрісіп тарайтын кездерің. Қарлығашым міне, бір-
екі жылда оқуын аяқтап қалады, өзі ұстаздық 
жолды таңдап отыр. Аққуым болса өнер жолын 
қуып, былтырдан Өнер институтында оқуда, 
Бұлбұлым үлкен-үлкен спорт жарыстарынан ал-
тын медальдар алып, атасының атын шығарып 
жүр. Дариям да Құдай бұйыртса, бастауыштан 
үлкен сыныпқа көшпек. 
– Ата, анау ұлдарды айтпайсыз ба, вообще, өсіп 
кетті ғой!? Уже қыздармен сөйлесіп жүр. Айтпады 
демеңіздер, жақында үйленем деп шықпасын... 
– Әй, өсіп-өнгір, Бұлбұлым-ай. Қоя ғой, олай 
демегің, алтыным.
Қыз баласы ер азамат бол-
ған бауырларын келемеждеп, кемсіте сөйлесе өз 
қадірін де, нәзіктігін де жоғалтады. «Қыз қылы-
ғымен» дейді, жұмсақ, сабырлы да салмақты бол-
ғың. Үнемі айтам ғой осыны саған, тіл алсаңшы. 
– Жарайды, ата. Бірақ кейде осы балдардың 
(балалардың дегені) жүрген жүрістеріне жыным 
келеді. Бұзық бәрі шетінен.
– «Ашу – дұшпан», жарқыным! Бір сәттік қыз-
балықтың бір ғұмырға тең кесірі болады. Қыз ба-
ласына ақылгөйлік, ибалық, тектілік тән. Ал өзің 
айтқан ашу, оған қоса көреалмаушылық, кек, тә-


48
каппарлық дегеннің барлығы адамға жау келеді. 
Бауырларыңа да жұмсақ болғың, қажет жерінде 
әпке я сіңлісі болып ақылыңды айт, жол нұсқа, 
әрі қарай өздері көре жатар. Кәне, сендер оданша 
мынаны тыңдаңдаршы, алтындарым. Аты Алаш-
қа мәлім, ардақты бабамыз Бәйдібек жайлы көп 
естіп, білдіңдер. 
– Иә, Домалақ ана жайлы да, ата. 
– Әп, бәркелді, Дарияшым! Бәйдібек бабамыз 
бен Нұрила анамыздың тағдыры, өнегелі ғұмы-
ры ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатқан мол қазына-
тарих. Дүниядан өткенде бір төмпешік болып 
қалатынымыз хақ. Артымызда атымызды өшір-
мейтұғын келелі мұра – ғибадатты ғұмыр жо-
лымыз, өмірде көрген-білгеніміздің көсегелісін 
көпке жаю, асылы, айналаға жасаған жақсылы-
ғымызбен адам бола білгеніміз. Адам бола біл-
геніміз, ол –бабаларымыздың бақуатты іс-өне-
гесін өсер ұрпаққа ұлықтап жеткізе білуіміз. Осы 
әңгіменің барлығын кейін, өсіп-өнгендеріңде өз 
балаларыңа айта отырыңдар.
Бәйдібек бабаларыңның Домалақ әжемізден 
туған, бүгінде Ұлы жүздің белді руларына айнал-
ған Албан, Суан, Дулат атты ұлдары, Жүзей мен 
Қызай атты қыздары болған екен. 
– О-о-о, мұны білмедік, ата. 
– Иә, Қарлығашым, осыған дейін айтпаған 
едім. Сендерді өссін, жетілсін дегенім ғой. Оған 
қоса балалықпен осы әңгіменің мағынасын бар-
лап, астарына үңіле алмассыңдар дедім. Уақыты 
келіпті, айтайын, асылдарым: Жүзей мен Қызай 
аналарымыз ел арасында асқан парасатымен, 


49
даналығымен, шеберлігімен танылды деседі. Ал-
дымен Қызай әжеміз жайлы айтайын. Негізінде, 
әжеміздің шын есімі – Күнбибі. Ол Найман руы-
нан шыққан Матайдың шөбересі Шағырға ұзаты-
лады. Күнбибінің ақыл-парасатына, тәрбиесі мен 
тектілігіне, асқан даналығына матай елі: «Бәйді-
бектің қызы-ай!» деп таңданысқан деседі. Ақыры 
осы таңданыстың арқасында анамыздың Күн-
бибі аты – «Қызай» аталып кетіпті. Қызай анамыз 
артынан текті ұрпақ өрбітіп, әулеттің ғана анасы 
емес, ел ішіндегі күрмеуі көп істерге ер-азамат-
тай араласқан айбынды, парасатты жан болған. 
Қазақта әйел затының атымен аталған бір 
ғана тау болған, бұл – Қызай тауы. «Есенкелді ба-
тыр» дастанында Алтайдың ар жағындағы Ала-
тау, Бота, Мойнақ сияқты таулармен жалғасқан 
Қызай тауы бар. Әжеміз сол жерді мекен еткен. 
Бүгінде Қызайдан тараған ұрпақ «Қызай руы» 
аталып кеткен. Әне, көрдіңдер ме, қазақ қызда-
рының мықтылығы қандай, өз даналығының ар-
қасында артына мәңгі өшпестей із қалдырды... 
– Иә, «Мұрын ана» атанған Жүзей әжелеріңнен 
де үйренетіндерің көп. 
– Ата, неліктен Мұрын ана? Оны да түскен 
елінде солай атады ма? 
– Дұрыс, Аққуым, дұрыс. «Мұрын ана» деп ұза-
тылып барған елінде атап кеткен. Жүзей, яки, 
Мұрын анамыз найманның Қаракерей батыры-
ның шөбересі Байыс батырдың үлкен ұлы Сары-
мырзамен тізе қосып, шаңырақ көтереді. Байыс 
батыр үйсіннен шыққан, бағы асып, базарлы 


50
болған Бәйдібек бабамызбен құда болуға о бас-
тан ниет білдірсе керек. Осылайша, Байыстың 
ұлы Сарымырза мен Бәйдібектің қызы Жүзейдің 
Алла алдындағы ақ некесі қиылып, ел аузында 
жүретін адал махаббатқа ұласып, өмірде бір-бірі-
не сенімді серік болса керек. Жүзей анаға мұрны-
ның дәуірек болғаны үшін «Мұрын» деп ат тақ-
қан жанындағы жары – Сарымырза атамыз екен. 
Осыған қарағанда екеуінің қалжыңы да жарасса 
керек, қарақтарым. Халық арасында Мұрын ана-
ның асқан дана, еті тірі болғаны жиі айтылады. 
– Еті тірі?.. 
– Иә, Бұлбұлым, еті тірі дегені – шаруаға шап-
шаң, пысық, тиянақты дегені. Оған қоса анамыз-
дың сырт пішін сұлулығы мен ішкі көркем мінезі 
жарасып-ақ тұрса керек. Көп соза бермей, одан-
ша мен сендерге мына бір жырдан үзінді оқып 
берейін, қазір. Қайда кетті... Жаңа ғана қолымда 
тұрған газетім... 
– Өй, атасы, оны жаңа мен оқимын деп, алып 
едім. Мінеки, атаңа бергің, Қарлығаш. 
– Әй, әжесі, сен де бір көлеңке қуыста жасы-
рынып... Жарайды, сен де құлағыңды түре отыр, 
ұзақ жасағыр. Ертең келіндеріңе айта отырар-
сың, құп.
Ал, тыңдаңдар әжесі мен немерелері:
«Жарасып кең маңдайға қалам қасы,
Төгіліп тірсегіне қолаң шашы,
Ақ білек, сым саусақта жарқ-жұрқ етер,
Саф алтын білезік пен сақинасы.


51
Зүбаржат алқаменен қабаттасар
Әспетті, әшекейлі тұмаршасы.
Жанары жан ерітер қарағанда,
Жаман сөз айтпайтұғын жан адамға.
Төгіліп тұрар нұры дидарынан,
Көңілі тап-таза, пәк баладан да.
Бұлқынып, жұлқынғандар кеуде соғып,
Жым болған көзін тіктеп қадағанда.
Қолынан ине түспес ісмер еді,
Күн сайын үйдің іші іреңделді.
Жинап ап абысын мен ажындарын,
Үйретті тоқытуға кілемді енді.
Жүзей қыз келін болып түскеннен соң,
Көркейіп, бүкіл ауыл түлей берді.
Қарсы алып тұрды Мұрын таңды кілең,
Түндігін түрді отаудың алдыменен.
Сонан соң үлкен үйдің отын жағып,
Қарайтын маңайына жан нұрымен».
Мұнан артық не керек, Мұрын ананың бар бол-
мыс-бітімі сайрап-ақ тұр. Мұны жазған, айналып 
қана кетейін, Әбубәкір Қайран аталарың...
Осындай өрелі істерімен, асқан даналығымен 
Мұрын әже дүйім жұртқа танылып, Алаштың ар-
дақты анасына айналады. Ерінің сенімді серігі, 
елінің абыз анасы бола біледі. Ол кезінде күн-
көрістің көзін ойлап, Қытай елімен сауда-саттық 
орнатқан да кісі. Қазіргі тілмен айтсақ, ол кез-
де Мұрын анамыз мықты экономист әрі логист 
болған ғой. Қытаймен экономикалық байланыс 
орнатқан. Қазақта бұрынғының аналары тек үй 
шаруасы қамымен жүрген деген жаттанды пікір 
бар. Ендеше, Жүзей анамыздың мынадай ісі бұл 


52
пікірді жоққа шығарып отыр! Қазақ қыздары 
оқудан да тоқудан да, қоғамға пайдалы еңбек 
етуден де ешқашан қашпаған. Осы арқылы ел 
арасында абыройлы болған. Қызай мен Жүзей 
әжелеріміздей мықтылар аз емес. Ұлан даланың 
жартысын Жүзей ананың ұрпақтары жайлаған. 
Қызай руы сияқты, Мұрын руы дегенде бар. Жа-
рықтарым, міне, көрдіңдер ме, қыз баласына 
адал жар, абыройлы келін, ақ жаулықты ана ата-
нуды бақыт деп қабылдаңдар. Әрі кәсіп ісінде 
әрбір жан ақ адал еңбегімен, ақыл-парасатымен 
табысқа жетіп жатса тіптен керемет. Алла дана-
гөй ана болмағы үшін де қыз баласын мықты етіп 
жаратты, бұл рас. Алайда, «бақ болып қонамын, 
бақытты боламын» деп түскен елінен қорлық, 
ерінен азап көріп, тағдыр тәлкегіне түсіп, ақыры 
өмірінің еш құны қалмай, өзінің еш күші қалмай, 
өкініп ғұмыр кешуі үшін емес. Мен сендерге, өріс-
терім-ау, Қызай мен Мұрын әжелеріңнің тағды-
рын текке айтпадым деймін. Ертең үлкен өмірге 
қанат қағып, сендер де қыз тағдырына бағынып, 
өз теңдеріңді табарсыңдар. Осы кезде көп сөй-
легір аталарыңның осы айтқанын ойларыңа ала 
жүргейсіңдер. Мұрындай әжелеріңнің өмірінен 
өнеге алып, өрге жүзбекті ойлаңдар. Сендердің 
көтерер жүктерің қашанда ауырлау келеді, алай-
да өмірге беретіндерің де, одан алатындарың да 
мол. Ақылды болыңдар, зерек болыңдар, сауат-
ты болыңдар. Барған елдеріңнің бабын тауып, 
берекесін еселете біліңдер. Өздеріңді де ұмы-
тушы болмаңдар: білім алыңдар, заман лебіне 
ілесе жүріңдер, ілесе біліңдер. Ізгі жолға ілесе 


53
білсеңдер бақытты боласыңдар. Сендер бақыт-
ты болсаңдар, басқалар да бақыт құшып, шаңы-
рақтарың шаттықа толады. Отаудың жылулығы 
ошақтың сөнбеуінде ғана емес, сол ошақ иесінің 
гүлдеуінде. Осы сөзімнің астарын түсінген болар-
сыңдар. Бақтарың таймасын, шырақтарың сөн-
бесін, жарықтарым... 
Атам қара шаңырақтағы өзі аялап өсірген 
төрт гүлі – төрт қызын, біздерді маңдайымыздан 
кезек-кезек иіскеп, кезек-кезек құшағына басты. 
Құшағынан қашанғыдай жусан исі аңқып ұрып, 
көз алдымызда биіктей берді... 
***
Кешегі күн көңілді өтті. Бүгінгі күн де көңілді 
болуын қалаймыз. Күндеріміздің көңілді болуын 
қалағандықтан да атамыздың аңыз-ертек әңгі-
месін тыңдамаққа тағы да тоғыса қалдық. 
– Ата-ау, кеше сіздің айтқан ақыл-әңгімеңізді 
тыңдадық қой, өз басым оны жақсы түсіндім. Сіз 
ұдайы бізді сауатты болуға, білім іздеуге, өнер 
қумаққа шақырасыз. Рақмет сізге, ата, осындай 
құнды әңгімеңіз үшін. Тіпті Бұлбұл да сөзіңізді 
бөлмеді. 
– Қарлығаш әпке, мен атаның сөзін бөле бе-
ретін бе едім бұрын? 
– Жаным, Бұлбұлым-ау, ондайың кейде бола-
тын еді ғой. 
– Ал қашан, айта қойшы? 
– Өй-и, бұлданба, Бұлбұлым, қайта сенің әп-
келеріңе қарағанда шапшаң ойлағаның жақсы. 


54
Сендей тік мінезді немерем барына да шүкір. Еті 
тірі деп сендейлерді айтады, балам. Тіптен қазір 
сені кеше айтқан Мұрын әжеңе ұқсатып отыр-
мын. 
– Ата, сізді қалай жақсы көретінімді айтып 
жеткізе алмаспын-ау. Тіпті мінез-құлқымыздағы 
мінімізді, бойымыздағы кемшіліктерді байқас-
тап, одан қалай арылудың жайын айтасыз. Оны 
дұрыс қабылдауға үйретесіз. 
– Жарықтарым менің, аппақ құстарым… Мен 
де сендерді жүрегімнің түбіне тұнған мөп-мөлдір 
тамшы сезім, таудай жаныммен жақсы көремін.
Иә, бізді атамыз жақсы көреді. Біздер де ата-
мызды жақсы көреміз.
Біздің атамыз осындай!
Біздің әкеміз атам мен әжемнің жалғыз ұлы. 
Жалғыз ұлы болған соң, әкеміз – Бақберген мен 
анамыз – Айнаштан туған жеті немере, төрт қыз 
бен үш ұл атамыздың шаңырағында, ауылда 
туып-өстік. Мен үйдің үлкенімін, Аққу, Бұлбұл, 
Дария – сіңлілерім. Дінмұхаммед, Әлихан, Әзілхан 
деген інілерім бар. Ата-анам шаңырақ көтерген 
соң бірнеше жыл бала сүйе алмай жүріпті. Сөйтіп 
жүргенде өмірге мен келіппін. «Түсімде қарлы-
ғаштың ұясын көрген едім, жақсы нышан болар» 
деп, атымды Қарлығаш деп атам қойыпты. Оны 
білесіздер. Үйдегілердің мені «аянмен келген 
бала, баталы бала, артынан алты ұрпақ бауырла-
ры қатар ерген ырысты бала» деп атайтыны со-
дан. 


55
Әжем өзімнен кейінгі сіңлімді алғаш көрген сәт-
тен аққу құсқа балап, аппағым, ақ құсым – Аққуым 
деп атап кетті. Мен атаның қызы болсам, Аққу – 
әженің еркесі. Бұлбұлдың атын әкем мен анам 
қойды, ол солардың тұңғышы есептеледі. Ата- 
анамыздың оқуға кету себебінен Аққу екеуімізді 
бағып-қаққан атам мен әжем болды. Үш қыздан 
соң анам қатарынан үш ұл тапты. Қазақтың өр 
тұлғасы, айбынды азаматы, ел бағына дара туған 
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтай болсын деп, 
атам ұл немересіне Дінмұхаммед деген есім берді. 
Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхандай зиялы 
әрі ұлтжанды болсын деген ниетпен, егіз інімнің 
бірін Әлихан, екіншісін Әзілхан дедік. Ал Айнаш 
анамның қырықтан асқанда тапқан жетінші пер-
зентінің, әкем айтпақшы, «ғасыр жартысында 
бағыма бұйырған асылды», үйіміздің ең еркесін – 
Дария деп атадық. Бұл есімді атам: «Өмірлеріңнің 
жалғасы болсын, ұрпағың дариядай жалғаса 
берсін» деп, жақсы ырым бастап қойды... 
Атам немерелерінің көзі ашық, көкірегі ояу 
болғанын қалайды. Бізге тарих беттерінде өшпес-
тей із қалдырған ойшылдардың, ақын-жазушы-
лардың білімге құмар болғанын мысал етіп оты-
рады. Солардың бірі әрі бірегейі – Абай. Абайдың 
Абай болуына ең алдымен әжесі Зеренің әсер ет-
кенін атам үнемі аузынан тастамайды. Зере әжеміз 
Абайдың молдадан сауат ашатынына қатты қуан-
ған. Әсіресе, Абайды оқытқан Ғабитхан молданы 
ерекше сыйлап, оған төрден орын берген. 
Бір күні атамызбен «Абай жолындағы» «Қайт-
қанда» деген тараудағы Барлық ақын мен оның 


56
шәкірті, жыршы Байкөкшенің Құнанбай ауы-
лына келуін талдасқан едік. Романның беттерін 
парақтайтын болсақ, мынадай үзіндіге көзіміз 
түседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет