Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

«Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, 
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін. 
Көптің қамын әуелде Тәңірі ойлаған, 
Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін...»
– дейді.
Жаратушы мен адам арасындағы махаббат мі-
незге, іс-әрекетке, ниет пен пиғылға, жалпы бол-
мыс пен өмірге тікелей қатысты. Дүниені тану 
арқылы, өмір сүре келе Құдайды да сүйесің, ал 
Құдай болса сені жаратқан сәттен-ақ сүйеді. Се-
бебі әр адамды үлкен махаббатпен жаратады. 
Кемеңгер Абай жаңағы ғибраты арқылы сүйіс-
пеншіліктің бар сырын ашып отыр. Біз адамды 
Құдайдың разылығы үшін сүйсек, нағыз бақыт-
қа кенеледі екенбіз. Абай «мазлұм» деп бір үлкен 
сынаққа не алапатқа тап болған, қайғы-қасірет-
тен өтіп жатқан адамдарды айтып отыр. Сондай 


37
қайғы шеккен адамға жаның ашып, көмектесіп, 
Абайша айтсақ: «Адамзаттың барлығын бауы-
рым деп, шын ықыласпен сүйсек, көмек берсек, 
Жаратушының алдында да сүйікті бола түсеміз. 
Тағы бір түйін және бар. Ғалымдар дана Абай-
дың сүюді үшке бөлгенін айтады: Тәңірге деген 
махаббат, адамзатқа деген сүйіспеншілік һәм әді-
летті сүю. 
– Әділетті? 
– Иә, әділетті, әділдікті сүю, балам. Құдай Таға-
ланың көркем есімдерінің бірі «Әділет» емес пе?! 
– А-а-а, 
«Ал-Адл» 
ғой
...
– Дәл солай, жарығым. Оған қоса Жаратушы-
ның әділдікке жақ адамдарды жақсы көретіні 
«Құранда» да айтылады, балам. 
– Ата, сонда осы үш сүюді өмірде қолданар 
болсақ, Тәңір тарапынан да шексіз махаббатқа 
бөленеміз бе? 
– Иә, ақылдым. Осы үш сүюді бақытты өмір сү-
рудің кілті деп білгің. Құдайды адал ниетпен сүй, 
адам баласын «жақсы, жаман» деп бөлмей, барлы-
ғына бауырмал бола біл. Аллам разы болады деп 
сүй, көмек бер, көркем мінез таныт. Өмірде әділ 
бол. Өзіңе, ар-ұятыңа, ата-анаңа, бауыр-досыңа, 
еліңе, еңбегіңе, татқан дәм-тұз наныңа, жүрек-
тегі сенімің мен сезіміңе әділ болғың, бақ құсым! 
– Керемет... Ата, бірақ тағы бір сұрақ... 
– Сұрай ғой, алтыным. 
– Ата-анамды, бауырымды, ата-әжемді, ай-
наламдағы адамның барлығын Алла разылығы 
үшін шын сүйдім. 


38
– Аха…
– Ал Құдай қосқан қосағыңды немесе оған 
дейін тағдырыңда жолыққан жақсы бір жанды, 
меніңше, сүйіктіңді қалай сүймек керек? 
– Балам, мынаны ұмытпа, жүрегің Жарату-
шыңа деген шексіз сезім-сүйіспеншілікке толы 
болсын. Қу дүниені, аққан су, тасыған өзенді, 
қанша ақылды болса да, адам баласын Алладан 
артық жақсы көріп кетпе. Ұлы санама. Осы атал-
ғанның барлығын Құдай арқылы сүюге үйрен. 
Өміріңде ерекше бір сезіміңнің себепшісі бола-
тын, жаныңа жақын, жақсы адамың кезіккенде 
оны да Алла ыразылығы үшін сүюге тырысып 
бақ. 
– Міне, сізге қояр сұрағым осы, ата. Қалай? 
Алла разылығы үшін сүю деген қалай? Сіз әжемді 
солай сүйесіз бе? 
– Ең алдымен мынаны білгің, Қарлыға-
шым. Адаммен адам бекер кездеспесе керек. Бір 
еменнің бір ғана шыбығынан жерге қарай ма-
йыса түсетін бір ғана жапырақтың тағдырын 
шешетін ұлы Тәңір өзі қайырлы деп санаған уа-
қытта, жүрегімізге сезімнің ыстық алау отын ұя-
латып, бізді бір күні бір адаммен жолықтырады. 
Адам баласын жұп-жұбымен жаратты ғой Жаб- 
бар Ием. 
Барлығын басқарып тұрушы Әл-Қайюм 
Алла
сол жұбыңды саған серік етеді. Кейбіреулер 
жұбына уақтында, кейбірі түрлі себеп-сынақпен 
кешеуілдеп жолығады, кейбірі... Қалай болса да 
бір күні сен өз жұбыңмен жолығысып, жүзде-
сесің, Алланың әмірімен, балам, Алланың әмірі-
мен. Ұғып отырмысың? 


39
– А-а-а, ата, сонда мені сүйгеніме сүрінбей 
жеткізді деп, қолдағы бақты бағалап, жұбыңды 
Құдайдың разылығы үшін сүйесің ғой? 
– Иә, ақылдым, ең алдымен Құдай жеткізді, 
Құдай қосты деп сүйесің. Жүрегіме осы адам-
ға деген сезім отын салды деп сүйесің, сөйтіп, 
сүйіктіңнің Құдай жаратқан болмыс-бітіміне, 
жүрегіндегі мейіріміне ғашық боласың да, оны 
осылай етіп Құдай жаратты ғой деп, Алланың 
ыразылығы үшін бұрынғысынан да қатты сүйе 
бастайсың. Әрі қарай өмір жалғаса береді. Бойын-
дағы кішілігі мен таудай жақсылықтарының ара-
сында кішігірім кемшілігін де байқап қаласың. 
Онысын пенде болғасын, көзге іле бермейсің. Ол 
сенде де болады. Адам мінсіз болмайды ғой, қал-
қам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет