Әл-Қуддусу, бар кемшіліктен пәк Алла ғана.
Ал біз мінімізді түзеу арқылы Жаратқанға, яғни
тазалыққа жақындаймыз... Сондай кемшіл тұста-
рыңды байқағанда Алла ыразылығы үшін сабыр
сақтасаңдар сауабы мол болып, шешімі табыла-
ды. Бұл қағида саған ғана емес, жұбыңа да қатыс-
ты. Екі тараптан да түсіністік, сыйластық, сабыр,
даналық болған жағдайда әжең екеуміз секілді
ғұмырлы, бақытты жұп боласыңдар, ақ құсым...
***
Алла разылығы үшін сүю, м-м-м, сондай екен
ғой. Ал мен ше, мен қалай сүйем? Сүйем бе өзі?
Сүйе аламын ба? Түсіңде
ғана көрген, бірақ өмір-
де танымас жанға ғашық болу сау адамның ісі ме?
Осындай сансыз сұрақтардың астында қалсам да,
40
оның жауабын іздей келе
мендегі сезім, махббат
оты өрши түсті, ол отты өшіре алмас күйге жеттім.
Құрбыларымның сүйгендерімен хат алмасып, хат
жазысып елеңдескендері, өрік ағашы бүр атқан
ерте көктемде гүлзар бақта қол ұстасып, қыды-
рыстап жүргендері, тарқатысқан сыр-мұңдары,
сүйініштері мен күйініштері, болмашы дыз еткен
қызғаныш оттары, қолшатыр-аспан астында қос
құшақтары бір құшаққа айналып, айқаса кеткен
шақтары, ұйқылы-ояу күй кешкендері бәрі-бәрі
мен үшін ертегідей еді. Мен жиырмадан ассам да
бөгде жанның қолынан ұстап көрмегенмін. Тіпті
балауса балалық шақта да парталас жанға жасы-
рына қарап, жайдан-жай жанып-күйіп жүретін
алғашқы балалық махаббаттан да хабарсыз едім.
Бірақ білесіздер ме, сол бала кезден-ақ жүрегімде
бір жылулықтың лебі есетін. Мен мұны неге те-
ңерімді білмей, бала жасымнан дүниеге ерекше
көзқарас қалыптастырған ішкі қиялыма балау-
шы едім. Енді байқап қарасам, он тоғыз жасымда
ғұмыр күнделігімнің бір парағын ұрлаған мен-
дегі жұмбақ махаббат бала жүрегіме қонған сол
бір жылулықтан басталғанын түсіндім. Жарату-
шым мені осы жолға бастап, осылайша жаратқан-
ға ұқсайды...
Өзіме беймәлім ғашықтық сезім жүрегіме мы-
нау дүние жарығын көрген сәттен-ақ келіп қон-
ғандай... Бірақ кім білер, бұл сезім әдеттегідей
таудай қиялымның бір бөлшегі ғана болар...
Сол кезде осы сезім дегенің мен үшін ертегідей
еді. «Сезім деген сөнеді, сөнеді де өтеді, кетеді,
ұмытылады», – деп сендіруші едім, өзімді-өзім.
Бұл сезімнің өміріме қандай өзгерістер алып ке-
41
летінін, мәңгі өшпес із қалдыратынын сезбедім
де. Мен, сірә, жүректегі сезім отымды селт еткізіп
оятқан жанмен таныс та емеспін, оның тіпті кім
екенін де білмеймін. Білетінім, тек оның түсім-
де қарсы алдымнан күлімсіреп келе жатқаны...
Мендегі сезім, махаббат осы ғана... Мендегі сезім
осындай, біраз өзгешелеу, заманауи тілде айтар
болсақ – фантастика. Қиялисың деп, Қарлығаш-
тарыңызды сөге көрмессіздер, құрбыларым.
Менің жасымдағы кейбір қыз баласына, кейбір
құрбыларыма кейде жаным ашиды. Олардың
менің атамдай атасы жоқ. Менің атам – құлап бара
жатсаң сүйеп қалатын алып емен, асқар тау... Әсіре-
се, жасып қалсаң жұбататын, жарқын жүрсең ұна-
татын жан. Атамның маған деген ықылас-ниетін,
қыз-немерелерін тәрбиелеудегі ұстанымын қалай
айтып жеткізссем екен сіздерге...
Менің атам балаға бала деп қарамай, баланы
дана деп санайды. Бала жанын түсіне білу керек
деп көп айтады. Айтқанын істеуге қам жасайды.
Қалам ұстаудан, қалақ ұстауға дейін үйретіп ба-
ғады. Үлкен-кішіні сыйлай жүріп, сырлы кеседен
дәм ұсына білуді күнде-күнде құлаққа құйысып,
қас-қабағымыздан нені ұғып, нені ұқпағанымыз-
ды білгісі келіп тұрады. «Өзгені емес, әуелі өзіңді
өзгеден кем көрме. Өзіңді-өзің кем көрсең, өзге
саған не демек. Өрге жүз» дейді. Осындай бізге
деген қамқор көңіл махаббаты арқылы өз баға-
мызды білуге, бағалауға үйреткені, өмір сырла-
рын жұмсақ жеткізе білгені неткен даналық...
Аталардың, әкелердің барлығы менің атамдай
болса, қыз тағдыры, өмір жолы мүлдем басқаша,
жұмақтың жұмағы болар ма еді?!.
42
***
Уақыт желді де басып озар жылдамдықпен өте
берді. Мен де есейе бердім. Менің мінез-құлқым,
дүниеге, адамзатқа деген көзқарасым, өмірді
түсіне білуім, түсіне білудегі ой-түйсігім толыса
түсті. Өмір заңын қабылдауым да сол толысқан
ой-өрісімнің өресінде қалыптасты.
Менің жағдайым не болды дейсіздер ме?
Сезім жолындағы ең күрделі сәттерге, ең қа-
тал сындарға тап болдым. Жан дүниемде болған
арпалысты атам да сезе қоятын. Қанша білдірт-
пейін десем де атам менің жай-күйімді қабарған
қабағымнан, әдеттегідей таңғы шай дастарқа-
нын әзірлейтін әдетімнің сиреп кетуінен, ал қы-
зыл өңімнің бозарып, мойнымның жас талдың
сабағындай жіңішкере түскенінен, кей-кейде
ақшам кезінде аяқ-қолым дірілдеп, жүрегімнің
ала тасыр соғуынан, түнгі намаз алдында ұйқы
көрмеген қалпы, таңға
дейін дұға қайырысып
отыруымнан да түсінетін. Соңғы кезде жаныма
келіп: «Жанарыңның жарқылын жоғалта көрме,
Қарлығашым…», – деп, маңдайымнан иіскеп, құ-
шағына қысып кететінді шығарды.
Таңғы намаздан соң, азанғы шайдың алдында
атам жүзіме барлай қарап, сөз бастады.
– Бүгінде ақ құсымның жүзіндегі нұры сол-
ғындап тұр ма, қалай... Құдайына жаңа ғана құл-
шылық жасап, тәу еткен пенденің осылай күйзе-
луі дұрыс па, балам?
– Ата, Құдайдың алдында қатты қысылып тұр-
мын, онсыз да…
– Неге, балам?
43
– Менің бақытты болуым үшін бәрі бар сияқ-
ты. Денсаулық та, несібе-ризық та, байлық та,
ата-анам да, бауырларым да, достарым да бар.
Құдай берген өлең жазуға деген қабілетім де бар.
Оқуда озатпын, ортамда сүйкімдімін, сыйлымын.
Қазақ тілінің мәртбесін көтеру жолында қызмет
етуді мақсат еттім, ұстаздық жолын таңдадым.
Шетелге барып оқуға да ниеттімін. Дегенмен,
мына бір ессіз сезім, қалың мұң еңсемді езіп, жа-
нымды жегідей жеп барады. Жаным күйіп бара-
ды. Күйінгеннен де бүкіл ғаламды жаңғырықты-
рып, айқайлап алғым келеді. Кеудемді тасқынға
айналдырған осы сезім селін ағызғым келеді...
Білемін, бұл сезім маған бақытты да, мұңды да
қатар береді.
– Құдай жар, жарығым, Құдай жар... Жылап ал,
балам, жылап ал. Шығарып ал ішке сыйдырма-
ғаныңды... Ол қыз баласына тән нәрсе. Келе ғой,
жаным, атаң құшағына бассын, ал сен жылап ал,
жылап ал…
Мен атамның ақ құшағына, бақ құшағына маң-
дайымды тостым. Атам сәл уақыттан соң алысқа
көз жіберіп, жібіп отырып, жібі түзу әңгімесін ай-
тып жұбата бастады:
– Қарлығашым-ау, болды, баса ғой енді
өксігіңді. Ақ құсым менің, бізге Алла Тағалам
өмірді бір-ақ рет береді. Бір күніңді бір өмір деп
есепте. Сезім деген жақсы ғой. Адам баласын қа-
наттандыратын да, жақсылыққа жетелейтін де
жүректегі сезімі ғой. Басыңа түскен осы жағдай-
дан тек жақсылық көруге тырыс. Сабыр сақта,
балам.
44
– Неге кейде адам баласы өз дегеніне
түрлі
қиын
сынақпен, бұралаң жолмен жетеді, ата?
– Солай болғанда дегеніңнің баға-барқын
білесің. Сағындыртып келген көктемнің құді-
рет-күші ерекше емес пе? Сол сияқты өмірдегі
жетістік-жеңіс сынақпен келмесе, бақыт дегеннің
құны болмайды, Қарлығашым. Махаббатта да со-
лай! Даналықпен іс істейтін мейірбан Алла сені
өзге құлдарынан ерекше көретінін осыдан білгің.
Барлық бақ пен бақытты бірден, «құшағыңды аш
та, сыйғанша ал» деп бермейді. Құнттап беріп,
құнын білуге үйретеді, сынаса да жаныңнан та-
былады, қолдайды. Құдай сұрағаныңды береді,
ал бермесе, өзі қайырлы деп санағанды береді.
Осындай ғажап тағдырдың иесі болған сен ба-
қытты пендесің, бәлки, Алланың сүйікті құлы-
ның бірісің. Бұл шын мәнінде бақыттың – ба-
қыты, ұлысы. Ақ құсым, адамның
махаббатына
бөленуден,
адамның ырзалығын алмақтан бұ-
рын, Алланың махаббатына бөленіп, ырзалығын
алуға асық. Өмір бойы асығатының осы болсын.
Сонда ғана толыққанды тоқ өмір сүресің. Алла-
ның ырзалығы мен шексіз махаббатына ие бол-
саң, кез келген адамды өзіңе ғашық етіп, сыйлы
боласың. Тіптен «Құдай мені жақсы көре ме?»
деген сұраққа жауап іздесең, айналаңдағы адам-
дарға қара: Саған деген қарым-қатынасы дұрыс
па? Ата-анаң саған ырза ма? Ата-анаң ырза бол-
са, Алла да ырза. Алланың ырзалығы ата-анаң-
ның ыразылығында жатыр. Содан соң, иманның
екінші аты – көркем мінез. Ал ол деген не? Ол –
қарапайымдылық, ізгілік, мейірім. Қарапайым-
дылық, ізгілік, мейірім дегеннің барлығы көр-
45
кем мінезден. Өзгелерге көркем мінез танытсаң,
иманды болғаның. Иманды болғаның – Алланың
жолында болғаның. Алланың жолында болғаның
– бұ дүние мен ақыретте бақытты болғаның.
Жә, жарайды. Бірақ қазіргі жай-күйің маған
мүлдем ұнамсыз, балам. Сабырға кел,
«Сабыр
түбі сары алтын».
Алла ыразылығы үшін сабыр-
ға келгің.
Достарыңызбен бөлісу: |