Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

«Кей-
де бақыт та адам жүрегін жаралауы мүмкін…»
деуші едің. Рас екен. Кейде осы махаббат үшін 
бақытты болатыным соншалық, жүрегімде өзіме 
белгісіз ауырлық орнайды. Тынысым тарылып
жүрегімнің соғысы жиілеп, мына кең дүние тар 
болып көрінеді. Тіпті жүрегімнің алқынғаны сон-
шалық, кеуде тұсыма тас түскендей ауыра бас-
тайды. Дәрігерге көрініп, жүрегімді де тексерттік, 
ата. Уайымдама, бәрі жақсы. Өз ішімнен: «бұл да 
бір сезімімнің ішке сыймағанынан шығар» деп 
ойлап қоямын. «Аллаға шүкір» деумен ғана өмір 
сүріп келемін. Ата, ең қызығы мен өмірімде еш-
қандай орны жоқ, мені тіпті танымайтын аза-
матқа деген махаббаттан үміт күткенім сонша-
лық, жаныма да, жүрегіме де ешкімді жолатпай 
келемін. «Әлі атаның немересі, Бақбергеннің 
қызы» деп, маған көз салып, ол аз десең, сөз са-
лып жүргендер аз емес. Әрине, жасым жиырма-
дан асып үлгерді ғой. Мұндай сөздерді естігім де 
келмейді. Ойласам, жүрегім шаншып бастайды, 
ата. Жеңге-желең, жезделерден «сені бір жақсы 
жігітпен таныстырайық» деген әзіл-шыны ара-
лас сөздерді де ести бастадым. Бірақ оған елең 
етер мен жоқ. Менің ойымда тек Қасымхан есімді 


159
ер-азамат. Оны ойлағанымда қалтателефонымда 
сақталған Қасымханның, Қасымхандай азамат-
тың әжесі мен анасының суреттерін кеудеме ба-
сып, өз-өзімнен қыстығып, көзіме жас үйіремін. 
Неге? Неге десең, мен оны сәт сайын сағынып тұ-
рады екенмін. Жаңағы жас сол сағыныш сезімнің 
жасы екен. Мен осы махаббатымды өзгелерден 
қызғанатындаймын. Қызғаныш отынсыз махаб-
бат махаббат болып па? Жүрегімдегі сұлу сезімді 
көзімнің қарашығындай сақтағым келеді. Жа-
қында құрбымның туған күн кешінен соң
сыртқа 
шығып, қоштасып жатқанымызда, күз айының 
салқын уағында жұқа көйлекпен тұрған менің 
иығыма бір бала өз пиджагын жаппақ болды. 
Ашуланғаным соншалық: «Жоқ!» деп, азаматтық 
танытқан джентельмен жігітке зекіп сөйледім. 
Бұл мен үшін сезіміме жасалған қастандық бо-
лып көрінді. Махаббатыма соншалық адал бол-
ғаным өзіме де күлкілі көрінеді. Ақылға келейін 
десем де, қайта-қайта осы сезімге ұрына беремін. 
Өмірдің өзі сондайға айдап бара жатқандай… 
Ата, өзіңмен махаббат тақырыбында осылай 
ашық сырласқаным үшін ренжімессің. Өйткені 
өмірде Қарлығашын дәл атасындай түсінетін-
дер аз. Осы махаббаттан арылғым келеді, ата, 
шын сөзім. Адам махаббат үшін ұяла ма, арлана 
ма, айтшы? Мен – мендегі «белгісіз махаббат» 
үшін ұяламын, арланамын. Ата-анамның алдын-
да, әулет үлкендерінің алдында, бауырларым-
ның алдында, Қасымханның алдында, оның от-
басының алдында ұяламын. Бейтаныс жанның 
сыртынан өлердей ғашық болып, оны өзінше 


160
иемденіп алған иен тегін махаббат сезімдерімді, 
қиял-ойларымды олардан жасырып, бірауыз
тіс 
жармасам да, біртүрлі ұяламын... Мүмкін, махаб- 
бат деген ұялудан, ұяңдықтан тұрады ма?..
Не істейін, ата? Аңқау қызыңа ақыл қосшы… 
Санасында сансыз сауал сансырасып, 
 
ұйқысыз таң атырған жердегі Қарлығашың!


161
Тоғызыншы хат 
Ата, бүгін өзіңмен төрдегі күліп түскен суреті-
ңе қарай отырып, сырласамын. 
Иә, ата, мен ауылдамын. Жаңа жылға орай 
келіп қалдық. Ауыл-аймақ аман. Бәрі баяғыша. 
Бірақ сен жоқсың. Төрдегі орның ойсырап тұр. 
Бірақ өз қолыңмен соққан, қыста жылы, жазда 
салқын болатын осы үйде өзіңнің ілулі шекпенің 
қалды. Шекпенге сіңген күннің иісі, жусан шөп 
иісі қалды. Мен сеземін, ата. Сенің жанымда жүр-
геніңді де сеземін. Сондықтан мені тағы бір тың-
дап шықшы. 
Ата, жыл аяқталып қалды. Осыдан үш жыл бұ-
рын қарашаның салқын күнінде жүрегіме сөнбес 
шырақ жағып кеткен махаббатым мені қорқы-
нышты әрі құпия оқиғаларға алып келді. Қандай 
дейсің бе? Ата, қарашада сіздің ұлыңыздың, яғни, 
менің әкемнің үлкен шығармашылық кеші өтті. 
Осы жолғы кешін бес жыл бұрынғы кештен ерек-
ше өткіздік. Бірақ сен болмадың, ата. Ең үлкен 
өкінерлік жағдай осы…
Сол кеште мен тағы бір мәрте жүрегімде өш-
пес орны бар адамдарды көрдім. Әкемнің өнер 
кеші өте жоғары деңгейде өтті. Бақбергеннің 
шәкірттері жарыса күй шертті, әкем де бес жасы-
нан бері, қолына домбыра ұстаған сәттен бастап 
шығарған күйлерін орындап, халықтың ерек-
ше ықыласына бөленді. Мақтансаң болады, ата! 
Марқайсаң болады! Бәрі де орынды. 
Мен Қасымханның отбасын көрем деп ой-
лаған да жоқпын. Шақыртылған қонақтар-


162
дың тізімін қарамаппын да. Оларды тек көрген 
түсім мен шексіз тәтті қиялымда көріп үйрен-
генмін ғой. Шын өмірімде оларды жиірек кез-
дестіре бастайтынымды, кезінде түсімде көр-
ген оқиғалар өңіме айналарын қайдан біле- 
йін? Қазір осы хатты жазып отырып, қалам ұста-
ған қолымның дірілдеп жатқаны да бекер емес. 
Қорқамын, ата. Қатты қорқамын. Бұл не өзі? Сәй-
кестік пе, шындық па? Бірақ қанша қорықсам да, 
оларды көргенім үшін өте, өте бақыттымын. Ба-
қытымды сол кісілердің баған жібіне байлап қой-
ғаным дұрыс та емес шығар. Алайда, ет жүрегім 
Қасымханның отбасын көрген сайын езіліп тұ-
рады, тебіреніп, толқып тұрады. Бұл сезімді тіпті 
сөзбен де жеткізе алмаспын, ата. Бұл ғажайып 
сезім… 
Олармен тілдесуім «аман-сәлеммен» ғана 
шектеледі. Менің амандасқаныма олар «Бақыт-
ты бол» деп, батасын береді. Әйтеуір, мені Әлі 
атаның немересі, Бақбергеннің қызы – Қарлы-
ғаш ретінде таниды. Бірақ күніне бес мәрте жа-
сайтын дұғамда әрқайсының аттарын атап шы-
ғатынымды, өз ата-анам, бауырларыммен қатар 
амандығын тілеп жүретінімді, оларды қанша-
лықты жақсы көретінімді білмейді ғой, білмейді. 
Ата, рас айтам, суық санам жүрегіме кінә артып: 
«өз ата-анаң, ата-әжеңнен бетер сол кісілерге ті-
лекші болғаның – ақымақтық!» деп ұрсады. Дұ-
ғада отырған сайын оларды есіме алмауға тыры-
сам, ұмытқым келеді… Бәрібір ұмыта алмаймын. 
Көзге көрінбейтін тылсым күштің жетегіне еріп, 
салқын санама жат көрінетін дұғамды ыстық жү-


163
регіммен айтып отыра беремін. Оларға ұзақ өмір, 
сән-салтанатты өмір тілеймін, құлантаза денсау-
лық сұраймын, екі дүниенің бақытын жалынып 
тұрып сұрай беремін, сұрай беремін. Қайтейін, 
енді? Дұға деген қасиетті дүние ғой. Дұғада сен 
Алланың алдындасың. Сондықтан өз-өзіңді алда-
саң да, Құдайды алдау мүмкін емес екен. 
Ата, сосын, шығармашылық кештен соң біз 
тағы да қонақ күттік. Қонақтарымыздың арасын-
да сол кісілер де болды. Мен сол күні барлығын 
ұмыттым. Үш жылда алғаш рет барлық сезім-
дерімді, ойларымды, ешкімге көрсетпей ішімде 
ғана түйіп жүрген азабымды алғаш рет ұмыттым. 
Неге екенін білмедім. Алланың бұйыртқаны шы-
ғар. 
Кешкі жетіден түнгі он екіге дейін – бес сағат. 
Үнсіз өткен бес сағат... Кештен соң тамаша әсер-
де отырған қонақтарымыз бақытты еді. Әкеме 
ақ тілектерін арнап, ән салып, ашық-жарқын 
отырды. Алайда, араларында шексіз бақыт пен 
өзіне де беймәлім қорқыныштан жүрегі қақ айы-
рылған Қарлығаштың жүргенін білмеді. Ешкім 
білмеді, ата. Тіпті мұны өзім де білген жоқпын, 
араға бірнеше күн салып ғана түсіндім. Үш жыл 
бойы жөңкіле соққан бұл жүрек сол кеште неге 
үнсіз қалды екен? Әйтеуір, жанымды сөзсіз-ақ 
ұғатын немерең – Аққу ғана көңіліме қарайлап, 
қайта-қайта қабағымды бағып: «Карлек, қа-
лайсың, жаным?» деп, менімен бірге уайымдап 
жүрді. 
Бірақ, ата, қанша қиналсам да мен шын бақыт-
тымын! Өте бақыттымын! Бақыттан жылап жібе-


164
руге шақпын. Қонақтар тарқасқан соң, ешкімге 
білдіртпей, жалғыз қалғанымда Қасымханның 
әжесі отырған диванға, дәл сол орынға жайғас-
тым да, ол шынтақтаған қызғылт қоңыр түсті 
кішкентай жастықты көкірегіме бастым… Көзім-
нен парлап жас ақты. Бес сағат бойы тастай қат-
қан ет жүрегім көктемдегі қардай еріп, елжіреп 
кетті. Себебі, жастықты емес, әжені құшақтаған-
дай болдым ғой, ата. Осындай ақылға сыймай-
тын істерге итермелейтін бұл неткен сезім еді? 
Ол кісіні соншалықты жақсы көріп кеткен кезім-
де де, ол кісінің мейірімді жүзін есіме алғанда да, 
ойпыр-ай, көз алдымда көбелектер көлбектеп, 
көңілімнің көктем болып кететіні
қызық. 
Бірақ, ата, сол күні маған әженің қолын алу 
да бұйырмады. Тек сырт киімін алумен шек-
телдім. Дастархан басында жиналған қонақтар 
тағылымды әңгіме айтып отырды. Арасында Қа-
сымханның әжесі көзіне жас алып, орамалының 
шетімен көздерінен моншақтай төгілген жауһар 
жастарын сүрте бастады. Қонақтарға шай құйып 
жүрген мен де әженің көз жасын байқап, іштей 
елжіредім, емірендім, езілдім. Маған осындай ба-
қытты бұйыртқан Тәңірге шексіз риза болдым, 
ата. Тіпті соңғы үш күн бойы
тыным көрмей, 
дайындықтың қамымен жүріп, қанша шарша-
сам да, қонақтарды күтіп болған соң, түні бойы 
көз ілмей, сәждеден басымды көтермедім. Маған 
алыстан болса да сол кісілерді көруді, тілдесуді 
бұйыртқан Аллама сансыз шүкір айттым. Қаным-
ның басыма шапқаны болмаса, сәждеден тұрмас 
та едім… 


165
Ата, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет