Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

«КЕЛЕШЕК ҰРПАҚҚА
(ҚАЗАҚҚА) ХАТ
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…»
 Абай 
Аса құрметті Үміт! Саған арнаған хатымды 
осы төрт жол ақиқаттан бастауымның үлкен 
себебі бар. Кемеңгер Абайдың осы сөзі өз заманын-
да да, осы күні де маңыздылығын жоғалтпай ке-
леді. Абай айтқан «бір нәрсеге жетік болмай өт-
кен өкініші көп өмір» әлі де жалғасып келеді. Біз 
ойшыл ақынның мұрасын жаңғыртамыз дедік, 
көкірегімізге ұялатамыз дедік. Осылайша, Абай 
мұрасының жаңа қоғамды қалыптастырудағы 
шырағымыз боларын айттық. Бірақ бұл сөз ақ-
тала ма екен? 
Қазір біз, әлі болса да адасып-ұшқасып, әрқай-
сымыз әр жеңнен қол шығарып, дұрыс жол таба 
алмай келеміз. Осы – біздердің кемшін тұсымыз.
Біз келешекке қара бұлтты тесіп өткен күн 
шуағындай үмітпен қарайлаймыз. Сені Үміт деп 
атағанымның себебі де осы. 
Үміт! Сен дұрыс түсін, мен сенің аппақ көңіліңе 
пессимистік көзқараспен дақ түсіргім келмейді. 
Бірақ, заман шындығы осы. Оны сен ертең та-
рих беттерін ақтара отырып білерсің, көрерсің, 
түйсігіңе түйерсің. Көкірегімізді кернеген әді-
летсіздікті, бүгінгі қазақ қоғамын теңіздің түбін-
де тұншықтырған сол баяғы жемқорлықты, 


174
мақтан мен мансаптың құшағында жүргендерді, 
иман, дін, діл, тіл деген байлықтан безіп жатқан, 
дүниеқұмарлық, еліктеушілік, көреалмаушылық, 
ыза-кек, бәсекенің жетегіне оралып, бірін-бірі 
айыптаудан, бір-біріне ор қазудан, бір-бірінің мінін 
теруден басқа ісі жоқтай, шөлді сахараның құм-
ды бөктерін кешіп жүрген халқымның жағдайын 
не деп айтайын? Ақталғым келеді, қазағымның 
кір шалмаған маржандай пәк, аңқау көңілін айт-
қым келеді, ақ жаулығын пір тұтқан әжелерімнің 
ыстық алақанымен жылынатын қазақтың алып 
та адал жүрегін, ақ көңілін айтқым келеді, Қазақ 
атын әлемге паш етіп, жаһан халқын Абай тілін-
де сөйлеткен Қазақ жастарын айтқым келеді… 
Мен халқымды сүйемін, мен халқыммен мақта-
нымын, себебі, жаным да, қаным да, жүрегім де 
қазақ. Сол үшін де қайран халқымның жақсысын 
жасырып, жаманын асырамын. Мұның бір ғана 
себебі бар – халқыма жақсылық ойлаймын, түзел-
генін, ес жиғанын қалаймын.
Ал, сен, қандайсың Үміт? Жүрегің қазақ деп 
соға ма? Тілің қандай, дінің не? Абайды түсіне ал-
дың ба? Ес жия алдың ба? Аяғыңа тік тұра білдің 
бе? Ұлың қандай, қызың қандай? Махаббаттың 
құндылығын түсірмей, пәк, шынайы, адал сезімді 
сақтай білдің бе? Жүрегімде үлкен үміт пен сенім 
бар, жауабың «иә» боларына шын сенемін, мәңгілік 
халқым-ау… Тек сен алдамашы, Үміт! Саған атам 
да сенді, мен де сендім. Қария да сенді, жас та 
сенді. Сенімді күндерде жүздесейік!
Құрметпен, саған «Үміт» деп айдар тағып, 
 
ат қойған – атасының Қарлығашы!


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет