Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет18/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

У

А

Ә

Е

О

Ө

Ұ

Ү

Ы

І

П

уп

ап

әп

еп

оп

өп

ұп

үп

ып

іп

Ф

уф

аф

әф

еф

оф

өф

ұф

үф

ыф

іф

Б

уб

аб

әб

еб

об

өб

ұб

үб

ыб

іб

В

ув

ав

әв

ев

ов

өв

ұв

үв

ыв

ів

М

ум

ам

әм

ем

ом

өм

ұм

үм

ым

ім

Й

*

ай

әй

ей

ой

өй

ұй

үй

ый

ій

У[W]

*

ау

әу

еу

оу

өу

ұу

үу

ыу

іу

Тілдік негіздердегі дауысты дыбыстардың ортақ негізі һу дыбысы деп есептеледі. Оны автор сызбада [у] дыбысы деп алады. Ал дауыссыз дыбыстардың мынадай өзгеру жүйесін көрсетеді:

1). Ф-П-Б-В-М-Й-У[W];

2). Х-Қ-К-Ғ-Г-Й-У[W];

3). Т-С-Д-З-Ж-Ш-Й...

4,5,6 қатардағы Н,Р,Л (УН, УР, УЛ) үнді дыбыстары басқа дауыссыздарға қарағанда тарихи жағынан дыбыстық аллофондары көрінбейді. Ал, УС негіз етістігінде келетін ц, ч дыбыстарынан тарайтын «с» және «ш» дыбыстары да көне дыбыстар қатарында. С дыбысы көпшілік ғалымдардың мойындауы бойынша, ш дыбысынан бұрын пайда болған дейді. М.Томанов: «с дыбысы түркі негіз тіліне дейінгі дәуірден бізге жеткен» 35. 99 б,- деп ш дыбысына қарағанда ерте пайда болды деген пікірді қуаттайды. Ал, с мен ш дыбыстарының мағынасында ешқандай айырмашылық көрінбейді.

Ш.Бекмағамбетов семантикалық үшбұрыш сызбасының орынына генетикалық ромб сызбасын ұсынады. Мұндағы Д – денотат, яки жаратылыс-болмыстағы заттар, ал В бұрышында осы заттар туралы адам санасында пайда болған логикалық ұғымдар тұрады.

А бұрышында дайын сөз емес, тек дыбыстық комплекс тұрады деп түсіндіріледі. (Бұл дыбыстық комплекстер адамның дыбысттық- артикуллияциялық аппараты ғасырлар бойы жетіле келе жасалған жоғарыда көрсетілген жеті түрлі тілдік негіздер. Бұл жағдайда логикалық ұғым (В) мен дыбыстық комплекс (А) екі бөлек тұр. Енді бұлардың бірігіп, алғашқы сөздер ретіндегі тілдік негіздердің жасалуы С бұрышында жүзеге асатынын айтады ғалым. Генетикалық ромбта белгіленген (А) дыбыстық комплекс пен (В) логикалық ұғым бірігіп, С бұрышында ең ежелгі тілдік екі дыбыстан (ГС) тұратын сөздерді құрайды.



(3 – сызба )

Ш.Бекмағанбетов ұсынған генетикалық ромб


Дыбыстық комплекстер – біздің заманымызға дейін алғашқы адамзат сөзжасамында толық сөздерді білдірді, Сол алғашқы тілдік негіздерді қазіргі тіліміздегі кез-келген сөздің құрамынан көруге болады. Тілдік құбылыстың арғы тегін анықтауда тілдік негіздердің алатын орны ерекше. Сонымен, адамзаттың алғашқы сөзжасам жүйесін семантикалық үшбұрыш емес, генетикалық ромб арқылы анықтаудың дұрыстығы нақты тілдік деректерден көрінетінін алда сөз ететін боламыз.

Ұғым термині туралы қазіргі ғылымдағы түсінік нақты емес екендігін алға тарта отырып, автор логикалық ұғым терминінің қазіргі қалыптасқан түсініктен мүлде өзгеше жаңаша танымдық бейнесін көрсетеді. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология – адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғатын, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орынын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термині пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттегі ғылыми таным теориясың белгiлейдi. Батыс еуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет