Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет19/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады, соны айтады. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес делінеді. Ойлау әрекетін сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Зерттеушiлер ұғымдық ойлаудың алдында оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу)  қалыптасатынын дәлелдейдi. Ойлау – адам миының табиғи функциясы ретінде танылады. Ол индивидуалды. Бiр адамның ойлауы  басқа адамның ойынан мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде, - дейді қазіргі философия ғылымы [36. 206 б].

Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiң сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолданылуын айтады. Абстракциялау – нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау деп түсіндіреді. Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты болады. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мән қалыптастыру (смыслообразующая) функциясы; 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдеңенi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады, мұны коммуникативтiк функция дейді; 3) тiл ойды жеткiзу құралы болумен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады, мұны гносеологиялық функция дейді; 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптары, ережелерi мен идеалдары) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу,  бiлiм беру iске асады, мұны тілдің  әлеуметiк-мәдени функциясы дейді.

Әрине, тiлдің шындық дүниенiң адам санасында бейнеленуiнiң қажеттi құралы болып табылатыны еш күмән келтiрмейдi. Тiлдiк құралдардың дамуы мен жетiлдiрілуi адамның бiлiмi мен практикалық әрекетiне тiкелей байланысты болатынның да ескеру қажет. Тiл дегенiмiз, ойлауды, танымды, коммуникацияны, информацияны сақтау және оны жеткiзу, сондай-ақ адамды басқарудың құралы қызметiн атқаратын, әлеуметтiк-мәдени белгiлер жүйесi болып табылады дегенмен, Ш.Бекмағамбетов пікірінше, ең әуелі, тіл – ойдың жемісін (нәтижесін) материалдандырушы құрал. Осы мәселенің құпиясы ашылмай келді. Ой дегеніміз қандай ой, ол адам санасында қандай формада абстрацияланады т.б. мәселелер қазіргі тіл білімінде де, философия ғылымында да айқын танылмаған.

Тiлдiң мән-мағынасын түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiң бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты. Бұл мәселемен (тiлдiн пайда болу негiзi) байланысты әр түрлi түсiнiктер бар:1) дiни түсiнiк бойынша, тіл – адамзатқа Алланың берген сыйы. Библияда дүниеде бар жануарлар мен құстарды адам алдына әкелдi, оларға ат беру үшiн; Гермес – адамдар мен құдайлар арасында аудармашы қызметiн атқарды 37. 99 б, - дейді; 2) конвенциональды теория бойынша, тіл келісім арқылы жасалған болып саналады. 3)еңбек айқайы теориясы тiлдiң пайда болуын қоғамдық еңбекпен байланыстырады.

Таным процесінде түйсiк адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациаланбаған) түсінікті береді. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементарлы тiтiркендіргіштер немесе объектiлердiң элементтерi (форма жағынан) түйсiктер арқылы таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объектінің басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет