2.2 «Уп» тілдік негізінің семантикалық өрістері
Сөздің семантикалық өрісі деп белгілі бір негізгі түбірге тән символдық мағыналар жиынтығы деп тұжырымдайды39. 135 б,- ғалым Ш.Бекмағамбетов. Яғни Уп тілдік негізі алуан түрлі символдық мағыналарды бейнелей алады. Белгілі бір сөздің символдық мағынасы сол сөздің тілдік негізінің семантикалық өрісінде тұрады.
Семантикалық өрістердің екі түрлі ерекшелігі назар аударады: біріншіден, бір ғана тілдік-дыбыстық негіздің (мысалы, уп тілдік негізінің) семантикалық өрістері қарама-қарсы полюстердегі (шектердегі) сөздерді жасауға қабылетті. Мысалы, уп тілдік негізінің төмен семасымен қатар жоғары семасы да бар, сондай-ақ алд (алдыңғы жақ) семасымен қатар арт (артқы жақ) семасында да сөздер жасайды. Екіншіден, семантикалық өрістер өз ішінде оң және теріс шектер бойынша бірігеді. Мысалы, жоғары (+ оң шектегі сема) семасы осы тәрізді оң шектегі өрістерді – таза, биік, күшті, әдемі, жеңіл т.б. өрістердегі ұғымдарды білдіреді де, төмен семасының (- теріс шектегі семаның) тобына ауыр, лас, кір, жаман, қара түс семалары шоғырланады.
Нақты лексикалық мағыналар
Нақты логикалық ұғымдар
Базистік логикалық ұғымдар
Дыбыстық жамылғы
1 - сызба
Базистік логикалық ұғым: «Шар-Қоршау»
Нақты логикалық ұғым (семантикалық өрістер): қоршау, бүтін, бөлек, басқа
Нақты лексикалық мағыналар: үй, мир
Базистік логикалық ұғым
Ең ежелгі тілдік негіз
Дыбыстық жамылғы
2 - сызба
Достарыңызбен бөлісу: |