Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Уп «шар-қоршау» логикалық ұғымының семантикалық өрісі



бет22/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

Уп «шар-қоршау» логикалық ұғымының семантикалық өрісі. «Қоршау» ұғымы – тілдік таным жүйесіндегі ең негізгі логикалық ұғым. Оның тілдік-дыбыстық бейнесі УП тілдік негізі арқылы беріледі. Тілдегі өзге логикалық ұғымдардың бәрі де уп шар-қоршау ұғымынан тарайды:


  1. сызба

Мұның таңба-нышандық бейнесі – жазықтықта шеңбер-қоршау түрінде бейнеленетін шар-қоршау (сфера) бейнесі (3-cызба). Ал пайда болу тегінде ғалам, ғаламдық қоршау түсінігі тұрғанын айтып өткенбіз. Тілдік таным жүйесінде қоршау ұғымы екі түрлі болып келеді: бірі – біз сөз етіп отырған шар-қоршау ұғымы. Ал екіншісі – шеңбер-қоршау, ол тілде уқ дыбыстық тұтастығы (уқ тілдік негізі) арқылы бейнеленеді. Біз жұмыста тек уп тілдік негізі туралы ғана сөз етеміз. Осы «шар-қоршау» логикалық ұғымына қатысты сөздерді тілдік негіздер теориясы бойынша талдайтын болсақ, көптеген сөздердің қыр-сырын тереңінен анықтап, талдауға мүмкіндік аламыз. Автор орыс тіліндегі мир (ғалам) сөзінің этимологиялық сөздіктерде нақты түсіндірмесі жоқ екеніне назар аударады. Мысалы, Н.М.Шанскийдің этимологиялық сөздігінде: МИР. Славянобалтийск. (ср. латышск. meirs «мир», лит. Mieras«мир, тишина). Суф. Производное (суф. –р; ср. пир, жир, и.т.п) от той же основы, что и милый (см.)» - деген түсініктеме берілген. Әрине, мұнан ешнәрсені ұғып болмайтыны түсінікті, - дейді де, ғалым бұл сөздің (мир) уп тілдік негізінің қоршау ұғымымен байланысты екенін көрсетеді: ми (уп-қоршау, яки ғалам ұғымындағы шар-қоршау) + р (ур етістігі). Яғни мир (ғалам) сөзінің негізгі ұғымы «қоршау» түсінігінен шыққан. Ал қазіргі қазақ тіліндегі араб тілінен енген деп түсіндіріліп жүрген ғалам (әлем) сөзі ұлығ ом, яки ұлы қоршау түсінігін білдіреді 40. 15 б, - дейді ол. Автордың айтуынша, мир (тыныштық) сөзінің пайда болу негізі аталмыш мир (әлем) сөзімен бір емес, басқаша түрде түсіндіріледі.

Уп-«шар-қоршау» ұғымына қатысты сөздер тек жалпы ғаламдық дәрежеде ғана көрінбейді. Ол жаратылыс-болмыстың әр түрлі деңгейлеріне де қатысты. Автор қазақ тілінде уп-қоршау ұғымы арқылы жасалған сөздерге көптеген мысалдар келтірген. Солардың бірі - ев (үй) сөзі. Көне түркілік бұл сөз – қазіргі тіліміздегі үй сөзінің арғы тегі: ЕВ > ҮЙ, яки е және ү дыбыстары – бір негізден тарайтын туыс дауыстылар, ал в (б) және й дауыссыздары да бір негізден (п-негізінен) тарайтын өзара туыс дауыссыздар). Бұл ев (үй) сөзі қазіргі түрік тілінде сол күйінде қолданылады. Уп негізінің қоршау ұғымынан шығып отырған бұл сөз адамзаттың отбасылық мекенінің шығу тегінде «қоршау» ұғымы тұрғандығын көрсетеді. Яки ғалам (Мир) сөзі мен үй сөзінің шығу тегі бір: екеуі де Ғалам ұғымын бейнелейтін шар-қоршау ұғымынан шыққан. Бұлардағы ғалам (әлем) сөзі ғаламдық ұлы қоршауды білдірсе, үй сөзі отбасылық мекенді, яки отбасылық әлемнің қоршау-мекенін білдіріп тұр. Осы үй сөзі қазірде көптеген түбір сөздердің құрамында кірігіп кеткеніне, тіпте халықаралық терминдердің құрамында да кездесетініне автор бірқатар мысалдар келтірген. Мысалы, олар: мектеп< ме (үй) + кітап, яки кітап оқитын үй; медресе< дәріс алатын үй; ипотека< ип (ев «үй) + тека (қор, жинақ) т.б. Яки уп-қоршау ұғымы арқылы жасалған сөздер де тіл-тілде өте мол кездеседі. Бұл қатарға абақ, абақты, апан, бекініс, пана, павильон, абдыра, т.б. сөздерді де жатқызар едік. апан – терең әрі кең қазылған ор десе, баз – малға арнап салынған үлкен қора, ал базар – арнайы алаңдарда орналасқан сауда-саттық орны, жайы, бекініс – шабуылдан қорғану үшін сыртын айналдыра биік дуалмен қоршаған қорған, қамал деген анықтама берілсе, пана – адамзат, жан-жануарлар паналайтын орын деген, сондай-ақ павильон сөзі – бақтың ішінде немесе аулада төбесі жабық, жеңіл-желпі салынған сәнді, шағын үй деп, ал абдыра – киім-кешек салатын сандық деген анықтамалар берілген. 41. 163 б Ал, біз осы сөздердің құпиясын тілдік деректер арқылы ашатын болсақ, бұл сөздердің мағынасында жай ғана пана, қандай да бір қоршау-орын емес, саналы, жүйелі түрде алынған, жалпы ғаламдық-космостық модельмен салыстырылып жасалған сөздер екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, апан сөзін (УП+УН) тілдік негіздер бойынша талдасақ, ап (уп-қоршау)+ан (ун-қуыс, іші) = апан түрінде түсінеміз. Таңбалық бейнесі:

4- сызба


Ал ун тілдік негізі қуыс, іші ұғымдары арқылы апан сөзімен мағыналары жуық ін, үңгір сөздерін де құрайды (бұл сөздің кейінірек айтылатын ойыссемасына да тікелей қатысы бар). Біз қосымшада бұл семантикалық өріске 20 дан аса сөзді келтірдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет