Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет24/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Ғалам және Адам немесе Ғалам және Мен ұғымы – ғаламтанымдық ойлаудың ең басты ұғымдарының бірі. Ғалам бейнесі уп шар-қоршау таңбасы түрінде бейнеленгенде, Адам – осынау ғалами болмысты қабылдаушы субьект. Егер адам болмаса, онда ғаламның сана арқылы қабылдануы да болмас еді. Сондықтанда адам бейнесі шар-қоршаудың орталық ун-нүктесі – кіндігі (центрі) түрінде бейнеленеді (6-сызба).

6-сызба.


Бұл жерде шар-қоршау түріндегі Ғалам бейнесі мен нүкте түріндегі Адам бейнесінің ұқсастығынан адамның жаратылыс-болмысы мен ғаламның жаратылыс-болмысының бірдей (ұқсас) екендігі көрінеді: бейнелі түрде айтқанда, нүкте – дән десек, шар-қоршау – сол дәннен өсіп шыққан жеміс (алма, алмұрт, т.б.) тәрізді. Әрине, бұл жерде ғалам адамнан пайда болған деген теріс түсінік тумаса керек. Бұл жердегі ұқсастықты екі түрлі ыңғайда түсіндіруге болады: Біріншіден, Адам арқылы ғана Ғалам танылады, түсініледі, бар болады, - деген түсінік. Екіншіден, Адами жаратылыстың болмысы мен Ғалами жаратылыстың болмысы бірімен бірі ұқсас, бір үлгімен жаратылған, - деген түсінік. Жалпы адамзатқа ортақ ғаламтанымдық түсінік бойынша, адами жаратылыс ғалами жаратылыстың айна-қатесіз үлгісі, көшірмесі: адамның үш бөліктен (бас, кеуде, аяқ) жаралғаны тәрізді, ғаламда жоғары, орта, төмен бөліктерден тұрады. Адамның ойлау қызметі космостық жүйемен, соның заңдылықтарымен байланысты. Адам бойындағы қуат, күш (энергия) космостық қуатпен байланысты, т.б. түсініктерден осы ұқсастық элементтерін көруге болады. Бұл түсініктердің бәрі дерлік тек сенім, наным ғана емес, ғылыми дәлелденген танымдық түсініктер. Діни танымда Ғалам ұғымы Алла (Жаратушы) ұғымымен теңестірілетін тәрізді. Аллаға тән қасиеттер – даралық, бүтіндік, кемелдік – баршасы да Ғаламға тән қасиеттер. Ежелгі грек құдайларының адам бейнесінде жасалуының өзін осы түсінікпен байланыстыру негізсіз емес тәрізді, яки Алла (Жаратушы) адамды (пендесін) өзіне ұқсас етіп жаратқан.

Біз жоғарыда адами жаратылыстың ғалами жаратылысқа ұқсастығы туралы айтып өттік, ал мұнда Ғалам және Жаратушы тұтастығын ескерсек, Алла – Ғалам – Адам үштігінің байланысын көре аламыз.

Әдетте Адам ұғымы Мен ұғымымен сәйкеседі. Өйткені мұндағы адам – дүниені қабылдаушы субьект. Ол ғаламды қабылдаушы, ғаламдық заңдылықтарды танушы. Сондықтанда ғаламның өзегінде (кіндігінде) орналасқан Адам (Мен) – ең негізгі тілдік тұлға. Ғалам соның көзі арқылы қабылданады, санасы арқылы қорытылады, тілі арқылы айтылады. Тілдегі «Ғалам және Мен» түсінігі арқылы танылатын ғаламтанымдық ұғымдарды түсіну тілдің де, ойлаудың да прин циптерін тану, түсіну болып табылады.

Ал қазіргі тұрғыдан келгенде, Мен түсінігі тек жай ғана жіктеу есімдігі түрінде танылады. Айталық, аталған «мен» сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Менбірінші жақты білдіруші, өзін-өзі көрсетуші жіктеу есімдігі» 41. 310 б  деген анықтама берілсе, философиялық сөздікте: «Адамның дүниеге және өзіне өзі өзімсіне қарайтын жекелігінің, даралығының рухани орталығы» 44. 268 б,- деген жалпылама анықтама берілген.



Тарихи тіл білімі тұрғысынан келгенде, қазіргі тіліміздегі «мен» есімдігінің арғы түбірі ме/бе екені дәлелденген. Демек, бұл УП негізі деген сөз. Яки адам баласы да уп-ғаламның шағын үлгісі, моделі. Бұл – жалпы адамзатқа тән ғаламтанымдық түсінік, - дейді автор. Адам әлемі туралы түсініктің де түпсіз тұңғиығы комостық тұңғиықты елестетсе керек. Автор бұл биологиялық болмысты, өзге материалдық болмыстан ерекшелеп, биобүтіндік деп атаған [39. 187 б]. Жалпы, тілдік негіздердің семантикалық жағы материалдық және ментальдық болып бөлінетіні туралы да аталған еңбекте атап көрсетілген. Ал мына тұста физикалық материал мен биологиялық материал ерекшелігі де ажырата қарастырылғанын көреміз. Уп тілдік негізінің біз жоғарыда айтқан адам (Мен) ұғымын білдіруі екінші жағынан, толықтық, кемелдік тәрізді ментальдық ұғымымен байланысты екені аңғарылады. Осылайша физикалық дүниенің кемелдігі биологиялық дүниенің болмысына – тіршілік болмысына ауысатын тәрізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет