Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Уп-«бүтін» логикалық ұғымының семантикалық өрісі



бет23/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

Уп-«бүтін» логикалық ұғымының семантикалық өрісі. Тілдегі «бүтін» (толық, кемел) ұғымы ғаламдық құрылымның шар-қоршау бейнесінен, яки шар-қоршау бейнесінің бүтіндігі туралы түсініктен шығады. Яки, шар-қоршау бейнесіндегі ғалам – адамзат санасында бүтін (толық, кемел, кемшіліксіз) жаратылыс, солай танылған, түсінілген [39. 142 б]. Әрине, бұл танымдық түсініктің ақиқаттығы қазір ғылымда да, діни таным жүйесінде де күмән туғызбайды.

Болмыстағы кез-келген бүтіндік пен толықтық ғаламдық жаратылыстың, ғаламдық құрылымның, яки ғаламдық болмыстың бүтіндігімен, соның толықтығымен байланысты танылады. Өйткені болмыстағы әрбір зат – өзінше бөлек әлем (ғалам) – бүтіндік, толықтық деп түсініледі. Бұл танымдық түсінік кез-келген халықтың дүниетанымынан, соның ішінде қазақы дүниетанымнан да молынан көрінеді. Мысалы, есі (ақылы) бүтін тіркесі есі (ақылы) толық ұғымын береді. Ал есі бүтін болмаса, ол кем ес, яки кеміс деген сөз. Кемдік ұғымының таңбасы – «бүтін емес шар» (5-сызба).


5- сызба


Осындағы кем сөзінің құрамында да ем морфемасы бар. Бірақ бұл бүтін, толық ұғымын емес, оған кері ұғымды білдіреді. Бұл осы сөздің құрамындағы ке (һу тілдік негізі) морфемасымен байланысты. Бұл жердегі ке морфемасы һу тілдік негізінің төмен семасында қолданылып тұр. Барынша әмбебап һу тілдік негізі туралы да еңбекте арнайы айтылған [42. 133 б]. Оның жоғары семасы арқылы тілімізде кемел сөзі жасалған. Кемел сөзінің құамындағы кем элементі кеміс сөзінің құрамындағы осындай сөзбен бір емес, оған қарама-қарсы ұғымдағы, яки қом/қоп (толық) ұғымындағы сөз.

Кемелдіктолықтық ұғымының ментальдық сипаттағы екінші бір түсінігі. Әрине, кемел ұғымы абыз (аб «толық» + ес-ой) ұғымымен астасып жатады. Кемел сөзінің құрамындағы толық ес түсінігі ем морфемасында тұр: ол соңғы ел (ул – ұласу, жалғасу) морфемасымен тіркесу арқылы мол ұғымын білдірсе, алдында тұрған ке морфемасының да (һу тілдік негізінің) жоғары ұғымы бар екені еңбекте көрсетілген.

Уп-толық, кемел ұғымынан маман, мастер, шебер, ісмер сөздері шығып тұрғанын көреміз. Мысалы, мастер сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Белгілі бір өндіріс саласында өз ісін жақсы білетін маман, шебер» 43. 141б,- деген анықтама берген. Бұл сөзді тілдік негіздер теориясы арқылы бақсақ, мастер< ма (уп- толық, кемел, әдемі,) +с (ус / іс-жұмыс) +ут ет-етістік) + ур (етістік) түрінде таратар едік. Сонда аталмыш сөздің мағынасы «әдемі іс етуші» дегенді білдіріп тұрғанын көреміз. Жоғарыдағы ісмер, шебер, маман сөздерінің жасалуы да осы типтес.

Тіліміздегі толық сөзі де кемел, бүтін ұғымдарымен семантикалық шектестікте тұратыны белгілі, яки толық дегеніміз – бүтін, кемел. Бірақ осы толық сөзінің құрамында уп тілдік негізі жоқ. Онда қалайша ол бүтін ұғымын білдіріп тұр? – деген сұрақ тууы да заңды. Мұнда тол сөзінің құрамындағы ул «ұласу, жалғасу» семасының қызметі алдыңғы орынға шығып тұрғанын көреміз. Мұны тілдік негіздердің семантикалық ауыстырымдылық заңдылығы дейді [39. 158 б]. Бүтін ұғымынан бәрі, бүкіл,барлық, барша, әмбе, ұғымдары шығады: бұлардың да таңбасы – «шар-қоршау» таңбасы.Орыс тіліндебұл : все, весь, общий сөздерінен көрінеді.

Сондай-ақ, тіл білімінде абыз, софы сөздерінің де түпкі мағынасын, сырын анықтау ісі де тілші-ғалымдар арасында бірізділік таппай жүр. Абыз сөзін бір ғалымдар «сәуегей, білгіш» деп түсіндірсе, түрік тілінде абыз сөзін хафиз сөзімен сәйкестендіріп, «құранды түгел жатқа білетін адам», енді бір ғалымдар «құдайға сенетін адам» деген мағыналарды ұсынады. Ал, қазақ тіл білімінде абыз сөзінде «әулиелік, сиқырлық» мағына байқалатынын айтады. Мұны якут тіліндегі ап түбірінен өрбіген сөз деп түсіндірушілер де бар. Яғни ап түбірінің мағынасы: «сиқырлық, у, магия» деген мағынамен байланысты деп тұжырымдайды. Ал тілдік негіздер теориясы, бұл сөздің құпиясын оп-оңай аша алады. Абыз (Уп+Ус) аб<уп (жоғары, толық, кемел) + ыз/ыс<ус (ес-ой) «жоғары, толық ойлы, есті» деген мағынаны білдіруі шындыққа сәйкес.

Ал, софы сөзіне: «Бұ дүниеден безіп, құдайдың жолына шын түскендігін сипаттау белгісі ретінде ислам дінінің сопылық ағымындағы тақуа діндарлар қылшық жүннен киім киетін болған, сол жүн (суф) деген сөзден сопы атауы пайда болған» 44. 399 б,- деген тұжырым берілген. Ал, тілдік негіздер теориясы бұл сөзді басқаша талдайды. Софы/сопы (Ус+Уп) со/ос<ус (ес-ой) + пы/ып<уп (толық, кемел), яғни бұл сөзді де «толық, кемел ойлы адам» деп түсінеміз.

Тілдік деректер бойынша, көне түркіде бір саны «п» деп оқылған 45. 142 б. Бұл сөздің пайда болуы туралы тарихи тіл білімі былай дейді: М.Томанов: «Рамстед пікірі бойынша, бір сан есімінің арғы негізі монғолдың бүрү «барлығы, бәрі» дейтін сөзі. Осы ретпен қазіргі қазақ тіліндегі бір сөзі мен бәрі сөзінің арғы тегі бір, бір ғана түбірдің екі түрлі дыбысталуы деп қарау керек болады» [46. 242 б.], - дейді. Әрине, бұл болжам шындықтан алыс емес, бірақ аталған сан есімнің пайда болу негізін тек жобалап қана айтып отыр және нақты тиянақты ткориялық негізі жоқ, тек дыбыстардың сыртқы ұқсастығына ғана негізделген. «Бір» сөзінің құпиясын тілдік негіздер теориясы басқаша ашады, яки ол толық, бүтін семасы арқылы жасалған сөздердің қатарына жатады және олардың алдыңғы қатарында тұрады: дүниенің бүтіндігі оның бірлігін (тұтастығын) көрсетеді: бір < бі (уп) + ур. Яғни бір сөзі (уп+ур) бі/іб<уп (бүтін, толық) ұғымын білдіреді дейміз. Бұл ұғым – Дүние-Ғаламның біртұтастығы түсінігінен шығады. Әдетте оның таңбалық бейнесі шар-қоршау болады. Бірақ Ш.Бекмағамбетов тілде және ойлауда Ғалам (шар-қоршау) ұғымын білдірудің төрт түрлі таңба-нышандық және тілдік-дыбыстық негізі бар екенін көрсетеді. Олар – бірінші – «уп шар-қоршау» таңбасы; екінші – ус-өзек таңбасы; үшінші – уқ-координата (крест) таңбасы; төртінші – нүкте (кіндік) таңбасы [47. 32 б ].

Математикада араб цифрымен берілетін «бір» санының таңбасы – өзек таңбасы. Мұның да білдіретін ұғымы, яки шығу негізі – Ғалам ұғымы, тек мұнда ол упшар-қоршау арқылы емес, символдардың семантикалық ауыстырымдылық заңы бойынша ус-өзек арқылы бейнеленіп отыр.

Сан есімдердің алғашқы жетілігі –ау, -еу тұлғасымен айтылатыны белгілі: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу, бірақ мұнан әрі аталмыш қосымшалар қолданылмайды. Автор осындағы қосымшаларды да уп тілдік негізінің «бүтін» ұғымымен байланыстырады. Демек, бір санынан жеті санын қоса есептегендегі жетілік жүйе – ғаламдық жетілік жүйенің есебі. Аталған сандарды: бір бүтін, екі бүтін, үш бүтін... деп оқуға болады. Мұнан да біз ғаламтанымдық түсініктің тілдегі айқын көрінісін аңғарамыз. Бір санының ағылшын тіліндегі нұсқасы да уп негізінен екені заңды түрдегі тілдік-дыбыстық өзгерістер арқылы түсіндіріледі: wan < ban < уп+ун. Біз жоғарыда уп тілдік негізінің бүтін (толық, кемел) ұғымының семантикалық өрісін көрдік және бұл қатардағы мысалдарды сан алуан тілдер бойынша толықтыра беруге болады. (Біз №2-қосымшада 100 сөзді бердік)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет