Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Уп-«орау/айналу» логикалық ұғымыныңсемантикалық өрісі



бет25/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Уп-«орау/айналу» логикалық ұғымыныңсемантикалық өрісі. Біз Ғалам ұғымын білдіретін жалпыадамзаттық сипаттағы Уп-«шар-қоршау» бейнесінің орау, айналу ұғымдарын білдіруін де түсінеміз. Яки уп тілдік негізінің келесі бір семантикалық өрісі уп шар-қоршау (Ғалам) бейнесінің динамикалық қалпымен байланысты көрінеді. Яки уп-статикалық қалып пен уп-динамикалық қалып – екеуі де ғаламдық болмыстың заңдылықтарына негізделген: статика белгілі бір нақты уақыт бөлігіне, нақты физикалық жағдайға қатысты алынатын болса, динамика – мәңгілік қозғалыстың көрінісі. Бұған тіліміздегі «айналу» ұғымының өрісіндегі уп-негізді сөздер жатады: айналу, аунау, бұрау, бұрылу, билеу т.б. Бұл семантикалық топқа 25 сөз көрсетілді. Орыс тілінде: вращать, болт, винт, оборот, т.б. көптеген сөздердің уп-шар/қоршау семасының айналуөрісінен тарағанын көреміз. Орыс тілінде «айналу» ұғымына қатысты сөздер көбіне, об-, пере- сөз алды қосымшалары арқылы көрінеді. Мысалы, обойти, обмен, переводить, воротить т.б.сөздерінен көрінеді. Мұның таңба-нышандық бейнесін былайша көрсетуге болады: (7-сызба)

7- сызба
Бұл – оң бағыттағы айналым бейнесі, сонымен қатар теріс бағыттағы айналым бейнесі арқылы жасалатын сөздер де бар. Бұған тіліміздегі ма, ме, ба, бе, па, пе болымсыздық жұрнақтарының жасалуын, солардың қызметін мысал етуге болады. (8- сызба).


8- сызба
«Айналу» ұғымына ауысым, ауытқу, ауу (ауып кету), ауғын, аума т.б сөздерін де келтіруге болады. Аталған сөздер п>у өзгерісі нәтижесінде жасалған. Мысалы «айналу» ұғымына қатысты би сөзі – музыкаға, ырғаққа сай дене қимылымен бейнелейтін өнер түрі деген мағынаны білдіреді.: би (уп-айналу) түрінде көрінеді. Сондай-ақ, мезгіл, ай (месяц), апта сөздер де уақыттық айналым ұғымын білдіредіАпта – жеті күндік уақыт айналымы. «Айналу» ұғымы – «орау» ұғымымен байланысты. «Орау» ұғымы кейде бір ғана айналу емес, бірнеше рет айналуды білдіреді. Сондықтан «орау» ұғымы қатарына бұйралау, бұрау, сөздерін келтіруімізге болады. Орау ұғымының таңбалық бейнесін мына түрде көрсетуге болар еді:



9- сызба
Тіл-тілде уп тілдік негізінің арт, кейін, кері ұғымдарының негізінде жасалған сөздердің қатарына бей (бейәдеп, беймезгіл), орыстың без (без меня, ...), ағылшынның bad сөздерін де жатқызуға болады. Мұның таңбалық бейнесі мына түрде, яки кері бағыттағы айналым түрінде көрінеді: (9- сызба)

Тілдегі өлім және өмір ұғымдарының берілуінде де уп тілдік негізінің келесі бір семантикалық ерекшелігі тұр. Екі сөздің құрамында да уп тілдік негізінің нұсқалары тұр. Бұлардың мағыналарын әр түрлі болжауға болады. Сол болжамдардың кейбірі мыналар: 1) мұндағы уп тілдік негізі био (тіршілік) ұғымын білдіреді де өмір сөзінде ол тіршілік процесінің болмысын танытса, ал өлім сөзіндегі ул тілдік негізі арқылы тіршіліктің ұлы өмірге, ана дүниедегі шындық өмірге жалғасуын білдіреді деп түсінуге болады. Демек, мұнда да жалпы адамзатқа ортақ ғаламтанымдық, дүниетанымдық түсінік тұрғанын көреміз; 2) мұндағы уп тілдік негізінің семантикасын «айналым» ұғымы деп тануға да негіз бар екен: өмір – бір айналым кезең, ал оның жалғасы, келесі айналымы ана дүниеде жалғасады 48. 16 б, - деген философиялық түсінік жатыр деудің де негізі бар. Өмір сөзіндегі ур тілдік негізі экспрессивті етістік болғандықтан, ол тіршілік семасына қатысты қолданылып тұр да, ал өлім сөзіндегі ул тілдік негізі мәңгілікпен ұласу ұғымын білдіріп тұр деп түсіндіреді автор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет