Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет38/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Еттің балдық бағасы. Еттің балаусалығын 25 балдық жүйе бойынша бағалайды. Сенсорлы көрсеткішке – 13, ал зертханалық көрсеткішке 12 балл тиесілі. Көрсеткіштерден ауытқуына байланысты зерттелетін балғын еттің баллын кемітеді.
Қазіргі сенсорлы зерттеулер бойынша баллды келесі белгілеріне байланысты кемітеді (негізгі көрсеткіштері):
етің беті сәл жабысқақ – 2 балл;
еттің түсінің аз-маз өзгеруі, бетінде зеңнің, сәл қышқылдылықтың немесе борсыған иістің пайда болуы,басылған етті 1 минут ішінде түзеу қиын, ал сорпасы бұлдыр болса – 5 балл;
ұшаның беті шырыштанған, иісі іріңді, басқан кезде пйда болған ойық қалпына келмейді, сорпасы бұлдыр, хош иіссіз, май тамшылары ұсақ болса – 7 балл;
еттің үсті қатты ылғал немесе қатты кеуіп қалған, үстіңгі бетінің түсі сұр не жасылдау, кескенкезде қаралау болады, терең кескіндерінде ет қышқыл, борсыған не әлсіз іріңді иісі бар, сорпасы лай, үлпекті болса – 13 балл;
еттің үстіңгі беті сұрлау немесе жасылдау түсті, зең мен шырыш бетін қаптапт тастаған, иісі іріңді немесе барлық қабаттарында борсыған иісті,консистенциясы бос, сорпасы лай, етті химиялық және бактероскопиялық зерттеулерсіз – ақ сенсорлы бағасы негізінде ақауылдайды.
Зертханалық зерттеулердің нәтежиесі бойынша баллдарды келесі әдіс бойынша есептейді. Егер көрсеткіш балғын еттің көрсеткішіне сәйкес болса бактериологиялық зерттеулердің және еттегі сорпасының мыс күкірт қышқылы реакциясы нәтежиесі бойынша 2 балл, ал ұшпа май қышқылдарының және аминді-аммиакті азотта құрамын анықтау – 4 балл бойынша.
Белгіленген көрсеткіштерді күмәнді балғын еттке сәйкес баллды жартылай есептейді, яғни екі көрсеткіштің бір көрсеткішін алып, бір баллдан қалдырады, ал екінші бал бойынша 2 балл. Егер етті анықталған талдаулар нәтежиесі бойынша балғын емес деп бағаласа, онда әр біреунің балын толықтай түсіріп тастайды.
Еттің соңғы баллдық бағасы бойынша келесі категорияларға жатқызады:
жарамды – 21-25 балл,
күмәнді балғын – 10-20 балл,
балғын емес – 0-9 балл.
Балаусалығы бойынша етiн балдық бағасын стандартта ескерiлген ұйғарымы барлық қажеттiлiкке қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет