Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет34/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Зерттеу әдістемесі. Түтікшеге 1:4 қатынасында дайындалған 2 мл фильтрленген сығынды енгізеді, оған 5 тамшы 0,2%-тік бензидин спирттік ерітіндісін қосады. Түтікшені шайқап араластырады. Осыдан кейін 2 тамшы 1%-тік сутек тотығы ерітіндісін қосады.
рН көлемін анықтау
рН көлемін потенциометрдің (рН-метр) немесе 1:10 қатынастағы су сығындысының Михаэлис апаратының көмегімен анықтауға болады. рН-ты Михаэлис аппаратымен анықтау үшін Гальполья компараторы қолданады. Оның түтікшелерға арналған 6 ұяшықты қорабшасы бар.
Зерттеуге бірдей түсті және бірдей диаметрлі түтікше дайындайды. Оларды компараторда келесі әдіс бойынша орналастырады:
1 2 3

4 5 6
Бірінші және үшінші ұяшықтарға 2 мл-ден сүзгіден өткен сығындысы және 5 мл дистелденген суы бар түтікшелерды орналастырады. Екінші ұяшыққа 2 мл сүзгіден өткен сығындысы, 4 мл дистилденген суы бар және 1 мл индикаторы бар түтікшені қояды. Индикаторды индикаторлық қағазбен ортаның реакциясына байланысты таңдап алады.Егер орта реакциясы қышқыл болса паранитрофенол, ал сілті болса метанитрофенолды алады. Бесінші ұяшыққа 7 мл дистилденген суы бар түтікшені орналастырады. Төртінші және алтыншы ұяшықтарға Михаэлис аппаратынан екінші түтікшенің түсіне сәйкес келетіндей етіп стандартты түтікшелерды таңдап алады.
рН көлемі таңдалған стандартты түтікшенің санына сәйкес болады. Егер екінші түтікшенің түсі мен төртінші және алтыншы түтікшелерда аралық өзгеріс байқалса онда осы түтікшелерда көрсетілген сандардың орташа есебін рН көлемі ретінде алады:
Балғын еттің рН көлемі 5,8 -6,2, қатқан кезде 6,0-6,5;
Күмәнді балғын етте – 6,3-6,4;
Балғын емес етте 6,5-тен жоғары.
Мыс сульфаты реакциясы
Еттің шіруі кезінде ақуыздардың ыдырауы басталады. Ақуыздардың алғашқы ыдырау өнімдері болып альбумоздар, полипептидтер, болып табылады. Темір тәріздес ұюдың түсуі және көгілдір немесе жасыл түсті болуы еттің балғын емес екендігін көрсетеді. Күмәнді балғын ет сорпасында үлпек пайда болады. Егер ет балғын болса ондай сорпа мөлдір болады немесе әлсіз бұлдырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет