Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет40/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
2 Проекционды трихинеллоскопирлеу зерттеуді жеңілдетеді, және экраннан барлық кесекті бүтіндей көрудің уақытын қысқартады. Зерттеуші сағатына 45-60 кескін жүргізуі мүмкін. Проекционды трихинеллоскопирлеуді қараңғы бөлмеде орнатады, ал көрші бөлмеде – кескінді компрессориум дайындайды және трихинеллоскопистке жібереді. Проекционды трихинеллоскопирты жылжымалы шеңберде компрессориум мықтайды. Бұлшық ет кескінінің бейнесі айнаға түсіп эраннан бейнеленеді. Компрессориуммен бекітілген шеңберді экранда кескінді дұрыс орнатуға және суретті шекті анықтыққа дейін шоғырландыру үшін жылжытуға болады.
Проекционды трихинеллоскопия балғын консервирленбеген шошқа еті үшін анағұрлым қолайлы.
3 Шошқа етін трихинеллезге топтық зерттеу әдісі аяқтың көкетінен алынған бірнеше шошқа ұшаларының бұлшық ет ұлпаларының ұлгілерін арнайы сұйықтықта қайнатуға негізделген. Трихинеллезді топтық зерттеу трихинеллдардың балаңқұрттарын бөліп алуға арналған аппарат (АВТ) көмегімен іске асырылады. Онда арнайы сұйықтықта бұлшық ет ұлпаларын қайнатуға негізделген 8 реакторлы термостаттайтын камерасы болады. Әр реакторда электрқозғалтқыштың дара жетегі мен бірге араластырғыш және тұнбаға арналған тұндырғыш бар.
Ұшаларды трихинеллезге топтық әдіспен зерттеу үшін көкеттің аяқтарынан бұлшық ет үлгілерін таңдап алады. Шошқа ұшаларын зерттеу кезінде жалпы массада 100 г үлгінің 5 г – нан 20 ұша және 2,5 г әр екі көкеттің аяқтарынан бір ұшадан жануардың трихинеллез тіркелген аймақтарынан алады. Соңғы 8- 10 жыл ішінде жануардың трихинеллез тіркелмеген аймақтарынан 100 г жалпы массаның 1 г – нан 100 ұшадан немесе 0,5 г әр көкеттің аяқтарынан бір ұшадан алады. Топтық үлгіні ет тартқышта ұсақтап жентекті әр стақанға реактордың нөміріне сәйкес реттік нөмірін белгілеп салады.
Арнайы сұйықтықты алу үшін әр реакторға 2,5 л көлемде ыстық (40-420С) су құяды. Реакторға құяр алдында тікелей үлгінің ұсақталған топтарынан 100 мың 6 г белсенді азықтық пепсинді бөліп шығарады. Қоспаларды араластыру үшін араластырғышты 1 минутқа қосып қояды. Кейін ұсақталған топтық үлгіні қосып араластырғышты 45 минутқа қосады. Осындай тізбек арқылы басқа реакторларды жүктейді.
Топтық үлгінің қайнатылуы тоқтағаннан кейін араластырғышты автоматты түрде өшіреді. Сұйықтықтың реакторда тұндырғаннан кейін (15-20 мин), қысқышты ашады. Пайда болған тұнбаны трихинеллге тексереді.
Түтік-тұндырғыш арқылы әр зерттеуден кейін қолданылған сұйықтарды төгіп, реакторды 800С – дан төмен температуралы суда жуады және келесі жұмысқа дайындайды. Реактордың ауысуы біткен соң жуғыш заттармен жуады.
Зерттелген шошқа ұшаларының тұнбасынан бір немесе оданда көп трихинелланың балаңқұрттары табылса, қосалқы аспалы жолға көшіреді және 12-13 ұшадан 8 топқа немесе 2-3 ұшадан қайта үлгі алып жоғарыда көрсетілгендей зерттеудің топтық әдісімен трихинеллоскопияны жүргізеді.
Қайта трихинеллоскопиялағанда оң нәтежие берген топтың ұшаларын АВТ дара аппаратында зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет