Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Аминді – амиакты азотты анықтау



бет37/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Аминді – амиакты азотты анықтау
Етте амин қышқылдары мен аммиактың жиналуы – оның бұзылуының тұрақты себебі. Ет сығындысынан аминді – аммиакті азотты анықтамас бұрын оны ақуыздардан тазартады да, бейтарап формалин қосу арқылы титрлеу жүргізеді. Формалин реакциясының амин-қышқылдарымен реакциясының маңыздылығы: аминқышқылдарындағы екі аминді топтың екі сутегіде көмірсутегі радикалының орынын басады, нәтежиесінде аминқышқылдарының сілтілік функциясы жойылып, қышқылдылығы сақталады.
Сығындының дайындалуы. Жұмыр шыныға 25 г ет жентегін салады және 100 мл дистелденген су құяды. Қоспаны 3 минут араластырады да оны тоқтатып қайта 2 минут араластырады. Сығындыны 3 қабат дәке арқылы сүзеді. Ет сығындысын алдын-ала ақуыздардан ажыратып, 2 қабылдауда титрлейді: бірінші аралас индикатор бойынша ащыған өнімдердің бейтараптануы үшін рН 7,0, ал кейін нейтральді формалинді қосқан соң екінші аралас индикатор бойынша аминді және амиакты азотты анықтау үшін рН 9,0 құрайды.
100 мл өлшегіш жұмыр шыныға 40 мл сығынды енгізеді және біртіндеп ақуыздарды тұндыру үшін 10%-тік аллюминді ашудас және қаныққан күйдіргіш барий ерітіндісін жалпы көлемге қосады, шамамен ет сығындысының мөлшеріне сәйкес.
Жұмыр шыныға сызығына дейін дистилденген су құяды және 10 минутқа тұндырып қояды. Екінші 100 мл жұмыр шыныға (бақылау үшін) алюминді ашудас ерітіндісін және күйдіргіш барий ерітіндісін қосады. Белоктарды тұндыру сияқты, сызығына дейін дистилденген су құядыда 10 минутқа тұндырып қояды.
Анықтау жолы. Зерттелетін сығындыны ақуыздарды тұндырғаннан кейін және тексергіш ерітіндіні тегіс фильтірлі қағаз арқылы фильтірлейдіде фильтраттардағы аминді – аммиакті азоттың бар жлқтығын анықтайды.
Конустық жұмыр шыныға 20 мл сығынды құйып, 0,3 мл бірінші аралас индикаторды қосады. Қоспаны 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісімен бейтарап реакцияға дейін яғни, сүзгіні көк-күлгін түстен жасылға ауысқанға дейін титрлейді.Сол жұмыр шыныға шамамен бейтарап реакцияға дейін қайта титірленген сол индикаторға 0,5 мл екінші аралас индикаторлы10 мл формалинді құяды.
Жұмыр шыны ішіндегісі көк – күлгін түсті иеленеді. Фильтратты қайтадан 0,1 күйдіргіш натрий ерітіндісінде титрлейді. Ашудастың қосылуы бойынша фильтрат алғашында жасыл түсті ал кейін, келесі титрлеу бойынша көк-күлгін түсті болады. Фильтраттың түсінің өзгеруі формальді титірлеудің соңы болып есептеледі.100 г етке миллиграммда аминді – аммиакті азоттың санын мына формула бойынша анықтайды.


Х= 1,4 × 100 × 100 × (а - β) × 100 , или Х= 70 (а - β),
25×40×20

мұндағы, а – 0,1 н күйдіргіш натрийдің миллилитірлерінің саны, фильтраттың титірленуіне


β - а – 0,1 н күйдіргіш натрийдің миллилитірлерінің саны, тексеруші ерітіндінің титірленуіне
Балғын етте аминді-аммиакті азот 80 мг/% көп емес, күмәнді балғын етте 81-100 мг/%, балғын емес етте 130 мг/%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет