Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Санитарлық бағаны негіздеу



бет39/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Санитарлық бағаны негіздеу. Күмәнді балғын етті «Ет және ет өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы және сойылатын жануарларды ветеринариялық қарау ережесіне» (1985 ж) сәйкес қолданады. Электр – және газ пештерімен жабдықталған ет комбинаттарында етті зиянсыз пісіруге және 2-2,5 кг массалы ет нандарын дайындауға рұқсат етіледі. Осы еттерден күйіне жауап беретін болса, консервілерге қойылған талаптар бойынша консервілер дайындауға болады, және технологиялық нұсқауға сәйкес қойылған режимдерді сақтау қажет.


Тапсырма


1. Ет сынамасына биохимиялық зерттеу жүргізу.
2. Зерттелген ет үлгісінің сапасына (балғындылығына) қортынды жасау..
2. 5 Етті инвазионды ауруларға зерттеу


Сабақтың мақсаты: Сойыс өнімдерін инвазионды ауруларға (трихинеллез, цистицеркоз) зерттеу әдістерін меңгеру.
Құралдар мен реактивтер: трихинеллоскоп, компрессориум, қисық қайшы, пинцет, буда ұсталған инелер, 0,5%-тік НС1 ерітіндісі, 1%-тік метилен көгі ерітіндісі, өттің ерітіндісі (50%-тік немесе 80%-тік физилогиялық ерітіндіде).
Трихинеллез – бұл антропозоондық ауру, онымен қорек талғамайтындар мен ет қоректілер аурады. Осы аурудың қоздырушысы Trichinelidae отбасына жатады. Сойыс жануарларына шошқа және адамдарда ауыруы мүмкін. Адам трихинеллез қоздырушысымен (trichinella spiralis) зиянды етті жегенде шалдығуы мүмкін. Торайлардың ұшасы трихинеллезге 3 апталығында зерттеледі. Трихиналлез диагностикасының ішінде ең көп таралған әдістерінің бірі – трихинеллоскопия.
Трихинеллоскопия – бұл трихинеллоскоптың көмегімен немесе бұлшық ет кескіндерінің микроскопымен трихинелланың балаңқұрттарын анықтау үшін қолданылады.
1 Трихинеллоскопия. Пышақпен аяқтың көкетінен 60 г – нан екі кесегін кесіп алады. Егер аяқтан алу мүмкін емес болса, кесекті басқа бұлшық еттерден алады. Зерттеу үшін Купер қайшысымен бұлшық ет кескіндерін сұлы дәнінің көлеміндей етіп қияды.Әр зерттелетін ұшадан 24-тен аз емес кескін алады. Кескіндер компрессориумның төменгі шынысында жатса, оның үстіне жоғарғы шыныны қояды, гайкамен бұрап газеттік мәтін оңай оқылғанға дейін қатты басады. Кескіндерді қарапайым микроскоптың көмегімен 5-70 есе ұлғайтып қарайды.



Сурет - 1. Trichinella spiralis




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет