“Мамандыққа кіріспе” пәні



бет12/38
Дата31.10.2023
өлшемі2,41 Mb.
#121217
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
Менеджмент

Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны. Осыған сүйенсек, нарық – бұл нарықтық экономиканың іске асырылу механизмі, бұл “не өндіру керек, қалай және кім үшін өндіру керек” деген мәселелер баға, сұраныс пен ұсыныстың көмегімен шешілетін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

  • Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны. Осыған сүйенсек, нарық – бұл нарықтық экономиканың іске асырылу механизмі, бұл “не өндіру керек, қалай және кім үшін өндіру керек” деген мәселелер баға, сұраныс пен ұсыныстың көмегімен шешілетін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
  • Қазақстандағы нарыққа өту бағдарламасы 1990 жылы КСРО Жоғары Кеңесі бекіткен “Халық шаруашылығын тұрақтандыру және нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттарында” негізделген. Бірінші кезеңде (1990ж. аяғына дейін) саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру және экономикалық реформалар жөнніндегі заңды актілер пакетін қабылдау көзделді.

Екінші кезеңде (1991 ж.) нарықтық инфрақұрылымды белсенді қалыптастыру мақсаты мен экономиканы реттеудің жаңа әдістері белгіленді. Үшінші кезеңде (1992 ж.) республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру және аумақтық, инвестициялық, құрылымдық, ғылыми-техникалық, экологиялық саясаттың болашақ бағдарламасын кезең кезеңімен іске асыру қарастырылды.

  • Екінші кезеңде (1991 ж.) нарықтық инфрақұрылымды белсенді қалыптастыру мақсаты мен экономиканы реттеудің жаңа әдістері белгіленді. Үшінші кезеңде (1992 ж.) республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру және аумақтық, инвестициялық, құрылымдық, ғылыми-техникалық, экологиялық саясаттың болашақ бағдарламасын кезең кезеңімен іске асыру қарастырылды.

Түбегейлі экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы ұлттық экономикада дағдарыстың тереңдеуімен ере жүрді. Жалпы 1991-1993 жылдарды Қазақстандағы алғашқы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың заңдық базасының қалыптасу процессі жүріп жатты. 1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін Қазақстанда нарықтық экономика қалыптасуының екінші кезеңі басталды. 1998 жылдан нарықтық қатынастар дамуының үшінші кезеңі – тұрақтандыру және экономикалық даму кезеңі басталды. 1999-2005 жылдары персоналды басқару, ұйымдастырушылық тәртібі, бизнес этикасы пәндері менеджмент пәнінің жалғасы болып, калыптаса бастады.

  • Түбегейлі экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы ұлттық экономикада дағдарыстың тереңдеуімен ере жүрді. Жалпы 1991-1993 жылдарды Қазақстандағы алғашқы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың заңдық базасының қалыптасу процессі жүріп жатты. 1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін Қазақстанда нарықтық экономика қалыптасуының екінші кезеңі басталды. 1998 жылдан нарықтық қатынастар дамуының үшінші кезеңі – тұрақтандыру және экономикалық даму кезеңі басталды. 1999-2005 жылдары персоналды басқару, ұйымдастырушылық тәртібі, бизнес этикасы пәндері менеджмент пәнінің жалғасы болып, калыптаса бастады.
  • Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамудың бірден-бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет