Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету


Төрт тактілі карбюраторлық қозғалтқыштың жұмыс кезеңі



бет11/12
Дата15.12.2022
өлшемі392,52 Kb.
#57445
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 такырып

Төрт тактілі карбюраторлық қозғалтқыштың жұмыс кезеңі


  • Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс кезеңі - бұл белгілі бір реттілікпен қайталанып отыратын үдерістер жиынтығы.
    Төрт тактілі қозғалтқыштың әрбір осындай үдерісі такт деп аталады және ол піспектің бір жүрісі ішінде болады.
    Карбюраторлық қозғалтқыштың тактілері жіберу – цилиндрді жанармай қоспасының жаңа зарядымен толтыру; сығылу – ци- линдрге жіберілген жанармай қоспасының жаңа заряды келесі жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіруге арналған жұмыс жүрісі деп аталатын тактіге дайындалу үшін сығылады; соңғы такт пайдаланылған газдарды шығару болып табылады. Бұдан кейін тактілер осындай реттілікпен қайталанады.
    Шартты түрде тактілер өлі нүктеде басталып аяқталады деп алып, қозғалтқыштың теориялық жұмыс кезеңін қарастырайық.
    Бірінші такт — жіберу (1.1. а сур.). Такт басталмас бұрын піспек ЖӨН-де орналасады. Шығыс клапаны 6 жабық, ал кіріс клапаны 4 ашылады. Піспек 1 ЖӨН-нен ТӨН-ге орын ауыстыра отырып, ол жерде ауаның сейілуін жасап, піспек үстінде көлемді босатады. Иінді біліктің айналуы газ тарататын механизмі бөлшек- тері арқылы кіріс 4 клапанына беріледі және ол ашылады. Ауаның сейілу әсерінен цилиндрге 2 кіріс түтік 3 арқылы карбюратордан жанармай қоспасы келіп түседі. Цилиндрда ол пайдаланылған қалдық газбен араласып, жұмыс қоспаға түрленеді. Жіберу так- тісінің соңында цилиндр ішіндегі қысым 80...90 кПа (0,8...0,9 кгс/ см2) құрайды. Жіберу тактісінің соңыңда жұмыс қоспасының тем- пературасы 80...120°С-ға жетеді. Бұл ретте қозғалтқыш оптимал- ды температураға дейін қыздырылған болу тиіс. Олай болмаған жағдайда, температура нормадан төмен болады.

    1.1 с у р. Төрт тактілі бір цилиндрлі карбюраторлық қозғалтқыштың жұмыс кезеңі:
    а — жіберу тактісі: 1 — піспек; 2 — цилиндр; 3 — кіріс түтігі; 4 — кіріс клапаны; 5 оталдыру білтесі; 6 — шығыс клапан; 7 — шығыс түтігі; 8 — шатун; 9 — иінді білік; б сығылу тактісі; в — кеңею тактісі (жұмыс жүрісі); г — шығыс тактісі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет