Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету



бет12/12
Дата15.12.2022
өлшемі392,52 Kb.
#57445
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Екінші такт — сығылу (1.1, б сур). Сығылу тактісі кезін- де қос клапан жабық болады. Піспек ЖӨН-нен ТӨН-ге жылжып, жұмыс қоспасын 6—10 рет сығады. Сығылу нәтижесінде жұмыс қоспасының температурасы 300...450 °С-ге дейін көтеріледі, ал қысым 1000... 1200 кПа-ға (10.12 кгс/см2) жетеді.
Үшінші такт — жұмыс жүрісі (1.1, в сур.). Сығылу тактісінің соңында піспек оталдыру білтесі 5 арқылы ЖӨН-ге жақындаған- да, цилиндрге электр ұшқыны жіберіледі, сол кезде цилиндрдегі жұмыс қоспасы тұтанады. Жұмыс қоспасы жанған кезде, жану камерасындағы температура 2000...2500 °С-ға дейін жетеді, бұл цилиндр ішіндегі қысымның 3...4 МПа (30...40 кгс/см2) дейін кенеттен көтерілуіне әкеліп соқтырады. Қысым піспектің түбіне 1 жіберіліп, кейін піспекті сұққы мен шатун 8 арқылы иінді білікке 9 жіберіледі, ол жерде иінді білікті айналдырады. Піспек бұл кезде ЖӨН-нен ТӨН-ге орын ауыстырады.
Жұмыс жүрісі кезінде қос клапан жабық. Бұл негізгі такт кезін- де жылу энергиясы механикалық жұмысқа түрленеді. Жұмыс жүрісінің басында қысымның шапшаң өсуінен және бұл қысым- ның иінді білікке берілгеннен кейін піспек үстіндегі көлемнің үлкеюі салдарынан қысымның кемуі байқалады. Температура 1200...1400 °С-ға дейін, ал қысым 400...500 кПа-ға (4.5 кгс/см2) дейін төмендейді. Жұмыс жүрісі аяғында шығыс клапаны ашы- лады және пайдаланылған газ шығыс құбыры 7 және бәсеңдеткіш арқылы атмосфераға шығады.
Төртінші такт — пайдаланылған газды шығару (1.1, г сур.). Шығару тактісі кезінде шығыс клапаны ашылады 6 және пайда- ланылған газ шығыс құбырлар 7 арқылы атмосфераға шығады. Бұл ретте піспек ЖӨН-нен ТӨН-ге жылжиды. Алайда цилиндрді пайдаланылған газдардан толық тазалау мүмкін болмайды. Пайда- ланылған газдардың бір бөлігі цилиндрде қалады және жанармай қоспасының келесі зарядымен араласады. Піспек ЖӨН-ге келген кезде, шығыс клапаны жабылады және жұмыс үдерісі қайтала- нады. Шығару тактісінің соңында цилиндрдегі қысым 110...120 кПа-ға (1,1...1,2 кгс/см2) дейін, ал температура 700...850 °С-ға дейін төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет