Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі- ТжКОБкБ) жұмыс берушілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік -құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген), кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттары (бар болса) талаптарының негізінде әзірлеген білім беру бағдарламаларының болуы;
05220100- «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандыңы, 4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі біліктілігі бойынша оқуға қабылданған мамандықтардың білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің келісімімен, оқу-әдістемелік кеңесте қаралып, құрастырылды. Білім беру бағдарламасына білім беру паспорты, жұмыс оқу жоспары, жұмыс оқу бағдарламасы енген. 05220100- «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандыңы, 4S05220102 - Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі біліктілігі бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығына сәйкес еңбек функциясының кәсіби міндеттері қамтылған.
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348
бұйрығының 5-қосымшасы, 2-тарау, 5-тармақшасына сәйкес.