МамандығЫ, 4S05220102- ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтардың технигі


Күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен кешкі оқыту



бет13/14
Дата20.02.2023
өлшемі69,21 Kb.
#69402
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.4

Күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен кешкі оқыту
нысаны үшін 70%-дан төмен емес және сырттай оқу нысаны үшін 30%-дан төмен емес міндетті оқу сабақтары уақытының көлемнің сақталуы




05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі біліктілігі бойынша мамандарды даярлау сырттай оқу нысаны бар. Оқу сағаттарының жалпы көлемі 30% қамтиды.




Қорытынды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 5- қосымшасы 3-тарауының 20-тармақшасына сәйкес.

3

Ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің және кәсіптік
стандарттардың дескрипторларымен айқындалалатын білім алушылардың
дайындық деңгейіне өлшемшарттар




Білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқудың толық теориялық және
практикалық курсын аяқтағаннан кейін, мамандықтың жұмыс оқу жоспарында
белгіленген мерзімде кәсіптік практикадан өткеннен кейін жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттау 05220100 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы, 4S05220102 – Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі біліктілігі бойынша қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихан түрінде жүргізіледі. Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде бағалау шкаласы болады. Қорытынды аттастаттау нәтижелерінің талдауы бойынша үлгермеуші жоқ.
Емтихан комиссия өкілдері пікірінің қорытындысы бойынша мамандық түлектері
кәсіптік қызметке дайын екенін, кәсіби міндеттерді шешуде дербестік танытады,
сондай-ақ теориялық бейінді практикалық қызметте қолдана алады.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз
хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, яғни жұмыс
берушілер өкілдерінен 65% және колледж оқытушыларынан 35% арақатынасында
құрылады. Қорытынды аттестаттау бойынша білім алушыларға нақты мамандыққа
сәйкес диплом беріледі. Білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өту
нәтижелері мен қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасының есебі
педагогикалық кеңестің отырысында қаралады. Қорытынды аттестаттау бойынша
аттестаттау комиссиясының төрағасы есебінде емтихан жүргізілу барысы, білім
алушылардың дайындық деңгейі бойынша білім сапасы, нормативтік-құжаттарға
сүйене отырып, ұсыныстары көрсетілген. Қорытынды аттестаттау «Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125
бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 5191 болып тіркелген). Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу колледж директорының бұйрығымен рәсімделген.
Ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік
стандарттар дескрипторларымен айқындалатын білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес айқындалған. Дескрипторлар даярлаудың
мынадай деңгейлеріне қол жеткізген кезде білім алушылардың қабілеттерін
сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:
- білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене
отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін
және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде
белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;
- орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық
аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау,
өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет