ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері біліктіліктердің
күрделілігіне және/немесе санына байланысты және МЖМБС модельдеріне сәйкес
көзделген кредиттер/сағаттардың көлемімен айқындалады.
Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады:
- негізгі орта білім базасында 240 кредит;
- жалпы орта білім базасында 180 кредит;
2020-2021 оқу жылында білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны негізгі орта
білім базасында 6588 сағатты құраса, жалпы орта білім базасында 4960 сағатты
құрайды. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында білім алушының оқу жүктемесінің
жалпы саны негізгі орта білім базасында 274 кредит 6576 сағатты құраса, жалпы орта
білім базасында 206 кредит 4944 сағатты құрайды.
Қорытынды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Рес\публикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 5-қосымшасы 5-тарауына
сәйкес.
2.3
Әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша білім алушының оқу жүктемесінің көлемін сақтау
Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе
оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша
кредитпен/сағатпен өлшенеді. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат
45 минутқа тең. Оқу жұмыс жоспарына енгізілген пәндер (модульдер) бақылаудың
соңғы нысанына ие болады. Модуль (пән) бойынша сынақтар, сараланған сынақтар
және бақылау осы пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен, емтихандар – аттестаттауға
бөлінген мерзімде өткізіледі. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесі аптасына 36 сағаттан, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды. Факультатив сабақтар теориялық сабақтардың аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде, ал консультациялар оқу жылына 100 сағаттан аспайтын көлемде қарастырылған. Жұмыс оқу жоспарының құрылымы, оқу процесінің кестесі, уақыт бюджетінің жиынтық мәліметі, оқу пәндерінің (модульдердің) тізбесі және оларды оқытудың бірізділігі, бақылау нысандары, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаларды оқытудың нормативтік мерзімдері, аралық және қорытынды аттестаттаудың мезімдері мамандықтар бойынша МЖМБС –ның талаптарына сәйкес әзірленген. 05220100 – «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі негізгі білім беру базасында 206/4944-274/6576, жалпы орта білім базасында 138/3312-206/4944.
Қорытынды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 5- қосымшасы 3-тарауына
сәйкес.