көпшілігі тұрпайы болып келетін экспрессивтік-эмоционалдық
реңкі бар сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды
айтамыз.
Қарапайым элементтер әдеби тіл үлгілерінде қолда-
нылады, көбінесе стильдік қызмет атқарады. Мысалы,
«оттама,
қыртпа, артыңа қара, кәдуіскі, күшік күйеу, шүйке бас, қатын
алу, көк мойын, шірік кәйтіп кетті, былшылдап отыр, не от-
тап жүрсің, ақша дегенің қырғын, мен саған пысқырмаймын
дегендердің мазмұны төмен болса,
әкеші, бересашы, келе сашы,
кеп кетті тәрізділер дыбыстық құрамы жағынан «жартыкеш»
сөздер. Мұндай сөздердің басым көпшілігі тұрпайы болған-
дықтан, автор қолданғанда кейіпкердің ой-өрісін, сауатты-
лығын, мәдени дәрежесін, қысқасы кейіпкер мінезін ашып
беруде жұмсайды. Бұл жөнінде академик Р.Сыздық
8
: «Нағыз
жазушы кейіпкерін өздері беріп
тұрғандай образға сай сөй-
летеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ете-
тін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады». Мысалы:
Енді ол безбүйректі жанамалауды қойып, қадағалай соқ-
қысы келіп, көзін соған аудара бергенде, жиынның орта тұсы
шу етіп көтеріліп кетті.
- Өй, арам без!
- Өй, бұралқы!
Жиын ереуілдей көтеріліп, лықсып – толқып, төмпенің
төбесіне қарай еңсеріліп келеді;
Әй, сен, Тайшыбек қарақшы, не оттап отырсың? – деді
әйел ірі денесімен оң жағына қарай еңсеріле бұрылып (Ғ.М);
Танашты азырақ қыжыртып алды, ақбөкендерге ұрыс-
ты, иттеріне ұрысты, қалжыңдасты, енді өзіне ұрсары ғана
қалғандай:
- Әй, сен көп оттап кеттің ғой, қойсайшы.
- Ойбой, сорлылар-ай – деді Айжан, сорлылар дегені ақбө-
кен екенін танып (Ғ.Мүсірепов). Аталған мысалдарда кейіпкер-
дің аузынан шыққан дөрекі, эмоционалды сөздер, яғни қара-
пайым сөздер шоғыры:
Өй, арам без!; Өй, бұралқы!; Ойбой, сор-
лылар-ай; көп оттап; не оттап отырсың?, біріншіден, кейіп-
8
Сыздық Р. Сөз құдіреті А., 2005. 37-б.
кердің
болмысын, адуынды, ұрысқақ, көк езу, долы адам екен-
дігін көрсетуге қызмет етіп тұр, екіншіден кейіпкердің ішкі сезі-
мін, қатты ашу-ызасын беру мақсатында да жиі қолданылған.
Жазушылар қарапайым сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің
экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқыр-
ман көңіліне нақты, әсерлі жеткізеді. Ауызекі сөйлеу стилі эле-
менттерін тиімді қолдану арқылы кейіпкерлерінің сөйлеу мә-
нерін, мінез ерекшелігін аша түседі.
Қарапайым сөздер әлеуметтік мәні бар категория ретінде
де ерекшеленеді. Айталық, көркем шығармаларда белгілі бір дә-
уір көрінісін нанымды суреттеуде автор әлеуметтік мәні бар қа-
рапайым сөздерді қолданады. Мысалы,
қазақ немесе басқа да
түркі халықтарын
«киргиз, қайсақ», өзбекті –
«сарт», орысты –
«ақ құлақ» деу әрі ескішілдіктің сарқыншағы болып табылатын
қарапайым сөздер де орынды жұмсалған.
Ал осы бірліктерді ешбір мақсат көздемей орынсыз жұм-
сау стильдік нормадан ауытқу болып табылады. Мәселен, шар-
шытоп алдындағы сөзде, ресми жағдайдағы тілдік қарым-қаты-
наста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына
жат деп есептеледі.
Қарапайым сөздерден
жаргон сөздер мен
арготизмдер
әлеуметтік жағынан ерекшеленеді. Жаргон, арготизмдер деп
аталатын бейәдеби топқа жататын тілдік бірліктер белгілі бір
әлеуметтік жіктің, топтың тілінде кездеседі.
Олар былайғы
жұртқа түсінікті бола бермейді. Байырғы кездегі қазақ қоға-
мында барымташылардың өздері ғана қолданатын жасырын сөз-
дері болған. Мысалы,
салық – «зат, мүліктерін қоятын жасырын
жер» дегенді білдірсе (Ш.Уәлиханов),
мас – етістігі
тұтқиыл-
дан, көзіне көрінбей бас сал, жошыбайлау – барымташылардың
ұраны дегенді білдірген.
Зерттеуші Н.Уәли ерте кезде қоғамда қазақ жастардың
өзара құпияласып, сөйлейтін сөзі еже тілі болғандығын дәлел-
деп, тілдік деректермен ашып көрсетеді: еже сөз бойынша екі
жақтың сөзін бөгде адам түсінбес үшін сөз ішіндегі буын ара-
лығына бөтен дыбыстар қосылып айтылады. Олар тілдесуші
жастарға белгілі код (дыбыс) болуға тиіс. Мысалы,
секін сен ма-
қығақын (маған) кефіл (кел). Ондай дыбыстар [к], [с], [п], [ф] тә-
різді дауыссыздар болып келетіндігін пайымдайды.
Байырғы
кездегі жастардың құпия тіліне байланысты ерекшілігін қазақ
әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің өткен ғасырдағы қазақ да-
ласындағы әлеуметтік тартыстарды суреттейтін «Оянған өлке»
романындағы Назыкеш пен Сейіттің құпияласып тілдесуінен
байқауға болады.
Сондай-ақ ғалым байырғы кезде жастар сөзді редукциялау
арқылы құпиялап сөйлегендігіне тоқтала отырып, бірнеше де-
ректер келтіреді. Соның бір мысалы:
«Барсам, жоқ екен. Айтып
едім, келем деді. Келмегені – келгені ғой, Келмесе, келер еді» –
деген тәрізді. Мағынасы: (Қыздың үйіне) барсам,(әкесі-шешесі)
жоқ екен. (Сәлеміңді) айтып едім, (қыз) келем деді, (Қыздың)
келмегені (әке-шешесінің) келгені ғой, (әке-шешесі) келмесе
(қыз) келер еді.
Ғ.Мүсірепов сынды суреткер жазушы әлеуметтік сипат-
тағы осындай жалпыхалықтық тіл фактісін нәзік юмор жасау-
дың өзіндік тәсілі ретінде пайдаланған. Көркем шығарма сти-
лінде белгілі бір эстетикалық қызметте жұмсалған жағдайда
болмаса, жалпы еже тіл, жаргонизм, арготизмдер тәрізді бірлік-
тер стилистикалық нормаға жат құбылыс деп танылады.
Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу
дағдысы онша байқалмайды. Алайда соңғы жылдары, әсіресе
90-жылдардан бері, өздерін ерекше
әлеуметтік жік ретінде се-
зіну күшейе түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон
элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы:
Базар жоқ – «сөз жоқ», «ия, мақұл»;
Қиян, қиянсың ғой, кәпелек, қума, қумаң бар екен – «жын-
дысың», «ақымақ»;
Шатыры таю – «қиялға беріліп кету немесе есінен
адасу»;
Басынан су тамып тұр – «есі ауысып тұр»;
Бастан кетті – «ессіз ғашық болу», немесе «есі кетті»,
«мас болып қалды»;
Танк – сессия кезінде топтағы студенттер мен оқытушы-
лар арасында «келіссөздер» жүргізетін жылпың студент немесе
студентке көмек беретін адам (мұғалім);
Қаз қуу – «бос жүру», «уақытын бос жіберіп алу»;
Қора – «қиын жағдай»;
Қораға кіру – «қиын жағдайлардың немесе күш көрсетіп
қорқытушы адамның тұтқыны болу»;
Қаужап қалу – «тамақ ішу»;
ҚЖ (қолайсыз жағдай) – «ыңғайсыз жағдай»;
ҚЖ болып отыру – «қиыншылықтарға тап болу» т.б.
Бұлар жастардан басқаларға түсініксіздеу, эмоциялық,
экспрессивтік реңкі аса күшті сөздер.
Негізінен, жаргон сөздер – жалпы халыққа түсініксіз, бел-
гілі бір әлеуметтік топтардың ғана тіліндегі жасырын, құпия ма-
ғынадағы сөздер болып табылады.
Айнагүл (ашуға булығып): неге бола алмайды, деймісің?
Мархабаттың соңғы сессиядан кейін құйыршығы екеу болды! –
дегендегі тапсыра алмай қалған емтихандар, құлап қалу, сызып
жіберу т.б. тәрізді жаргондар – көркем тіл кестесінде стильдік
мақсатпен жұмсалып, кейіпкерлердің
немен шұғылданатынын,
қандай кәсіппен айналысатынын нақты көрсету үшін алынған
тілдік бірліктер.
Достарыңызбен бөлісу: