жағымсыз мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде тауық сөзіне қатысты « Соқыр тауыққа бәрі бидай,
судан шыққан тауықтай, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болу» секілді фразеологизмдер
осындай жағымсыз ұғымда қолданылады. Татар тілде ақымақ, ұмытшақ деген мағынада тавык
мие эчкен,тавык баш, тавык мие ашаган, тавык хәтере секілді фразеологизмдер кездеседі. Түрік
атасөздерінде тауыққа қатысты жағымсыз мағынада фразеологизмдері бар екен: тавук аягьны
емек (өсектеу) мағынасында болса, (ерте ұйықтайтынға) тавук гиби дейді екен. Татар тілінде әтеш
атауы да бірқатар фразеологизмдер жасауға негіз болған: әтәш белән тору, әтәч белән ятып, сөгер
308
белән тору тіскестері қолданылады. Сол секілді бұл тілде қазақ тілінде мүлдем кездеспейтін
ахыргі әтеч « сирек», әтече кубыз уйный «өнерлі», қызыл әтеш жибәру « біреуді біреуге айдап
салу», әтеч буып кычкыра «орынсыз шу шығару» секілді фразеологизмдер актив қолданылады.
Түрік атасөзінде: Һороз акыллы (ақылсыз) мағынада, Һороз херив « жиі ашуланатын» адамға
байланысты.
Түркі тілдерінің ішінде татар тілде үйрек атауы фразеологизмдер жасауда ерекше
молдығымен көзге түседі, олардың барлығы дерлік тойымсыздық, сараңдық сияқты жағымсыз
мағынада қолданылады. Үрдәк биреп каз алган пайдакүнем есепшіл деген мағынада қолданылса,
дәл осы мағында казын биреп кадалган тіркесі кездеседі. Сол секілді алдау, өтірік сөйлеу
мағынасында үрдәк очыру, орынсыз көп сөйлеу мағынасында үрдәк телен ашаган, сүйкімсіз,
ұсқынсыз деген ұғымда қолданылатын шыксыз үрдәк баласы фразеологизмдері қалыптасқан.
Қырғыз тілінде беш ордөгөн очору тіркесі татар тіліне жақын өтірік айту ұғымында жұмсалады.
Ал, түрік тілінде: Каз гелен ерден тавук есиргенмез ( сізге жақсылық жасайтын кісіге, сенде
жақсылығынды аяма); Каз казла, баз базла, кел тавук кел һорозла ( өз теңімен болу). Қаз сөзі
кейбір фразеологизмдерде «ірілікті» көрсету үшін қолданылады. Ал осыны іріні кішкентай нәрсеге
айырбастау ақымақ адамдардың ісі. Осыған орай татар тілінде каз биреп үрдәк алу деген тіркесі
қолданылса, ерекше құрмет жасау мағынасында каз мамығы оның башында деген секілді
фразеологизмдері қалыптасқан.
Түркі тілдеріндегі құс атауларынан жасалған фразеологизмдер аз емес. Оларды зерттеп
қарастырған ғалымдардан Қаламқас Қалыбаеваның қосқан үлесін де айтсақ болады. Бірақ, оларды
ары қарай өз алдына жинастырып, жекке зерттеу қажет деп ойлаймыз.
Әдебиеттер
1. Ф.И.Сафиуллина Татарскорусски фразеологический словарь, Қазан, 2001.
2. Жамшитова Г. Кыргызскорусский, русскокыргызский тематический фразеологический
словарь. Бишкек, 2003.
3. Deyımler sözluğu, Google.kz. Atasölerı gen.tr
ӘОЖ: 811.512.122
СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ ІЛІМ
АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК МӘНІ
Адилов Руслан Рашитұлы, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Түйін
Бұл мақалада сопылық әдебиеттің ірі өкілі Сүлеймен Бақырғани шығармаларында кездесетін
діни терминдердің семантикасы мен когнициясы қарастырылады. Автор сопылық ағымға қатысты
сөздердің контекстегі мағынасы, жеке алғанда қандай мән беретіні және қазіргі сөзжұмсамда
алатын орны қандай деген сұрақтарды зерделейді.
Кілт сөздер: мүрит, пір, шарап, тариқат, тамұқ, жәхил, илһам, тәфәккүр, ғәфләт.
Аннотация
В этой статье затрагивается тема наследия выдающегося суфиста Сулеймана Бакыргани.
Автором с когнитивной точки зрения рассматриваются слова, наиболее часто употребляемые
суфистом в его произведениях и раскрываются их семантика. В заключение статьи приводится
результаты эксперимента, проведенного среди носителей современного казахского языке.
Annotation
His article touches upon the heritage of outstanding Sufi Suleyman Bakyrgani. Words which Sufi
uses most often in his works, we will consider them from the cognitive point of view, and let's hope to
309
disclose their semantics. As well as the meaning of words in context and semantics of words alone. In
conclusion of the article let's hope to show the meaning of these words in the current Kazakh language.
Қарахандықтар тұсында (9421211) түркі жеріне ислам дінінің келгеніне төрт ғасырдан аса
уақыт болды. Сыр бойы, әсіресе Отырар, Ясы жерлері ислам дінінің сол кездегі ең басты білім
және мәдениет ошақтары болғаны тарихтан белгілі. Қожа Ахмет Йасауи түркі даласына алғаш
сопылық ілімді әкеліп, халыққа жаппай дінді насихаттаған ғұламалардың бірі болып, өзінің
артынан үлгі тұтар шәкірттерін қалдырған болатын. Солардың бірі қарахандықтар тұсындағы
жазба әдебиетінің белді өкілі Сүлеймен Бақырғани еді. Орта ғасыр шайырларында өз аттарын
шығарудан бұрын, өздерінің туған жерінің атақдаңқын шығаруға мүдделілік сияқты жақсы қасиет
болған. Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Бархануддин Рабғузи, Сейф
Сараи секілді ақындар есімдерінің соңында араб тіліндегі қатыстық сын есіміне жалғанатын «и»
дыбысын қабылдап, олардың қай жерден шыққандығын анықтап тұр. Сүлеймен Атаның есіміне
жалғанатын Бақырғани деген атау, оның Бақырған деген мекенде дүниеге келгенін көрсетіп отыр.
Бірақ, оның қай жерде және қашан туылғаны туралы ғылымда нақты нүкте қояр дерек жоқ. Барлық
зерттеу деректерін қарастыра отырып және ғалымдардың көпшілігінің пікірін растап, «Түркістан»
халықаралық энциклопедиясында Сүлеймен Бақырғани Қарақалпақстандағы бұрынғы Бақырған
қаласында дүниеге келді деп айтуымызға болады. Ал енді оның қай жылы туылғаны туралы
мәселеге келсек, Сүлеймен Бақырғани 1186 жылы 82 жасында Хорезм аймағында қайтыс
болғандығы жазылған. Бұл деректерге сүйенсек, ол 1104 жылы дүниеге келген болып шығады.
Сүлеймен Бақырғани сопылық дүниетанымы мен шығармаларын зерттеу жайлы айтсақ, қазақ
ғалымдарының ішінде Ш.Ш.Уәлиханов өз естеліктерінің бірінде: «Қыпшақтардан шыққан
хорезмдік Хаким ата 523 ж. (1129) жылы дүниеден өткен» [1,6 б.] деген мағлұматты келтіреді. Ә.
Қоңыратбаев пен Т. Қоңыратбаев «Көне мәдениет жазбалары» (1991) деген еңбегінде «Хакім Ата
кітабының» негізінде С. Бақырғанидің өмірбаяндық деректеріне және бұл еңбектің мазмұнына,
тарихи мәні мен тілдік ерекшеліктеріне кеңірек талдау жасайды [1,11 б.]. Ғалым Х. Сүйіншәлиев
«Ғасырлар поэзиясы» (1987) атты ғылыми жинағына “Хакім Ата мұралары хақында” деген
тарауша енгізді. Бұл еңбек «Жас алаш» газетінің 1993 жылғы 2122 мамырдағы № 7879
сандарында жарияланды [1, 11 б.]. М.Ж. Бұлұтай «Мұсылман қазақ еліміз» деген кітабында (2001)
Сүлеймен Хакім Атаның Қожа Ахмет Йасауидің жолын жалғастырушы, таңдаулы шәкірттерінің
бірі екіндігін жазады [1,12 б.]. 1991 жылы ғалым А. Қыраубаеваның өмірбаяндық деректерді
жазып, құрастыруымен «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты жоғары оқу орындарының филология
факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы жарық көрді. Бұл кітапта Б.
Сағындықовтың аудармасымен 1897 жылы Қазанда жарық көрген «Бақырғани кітабынан» он алты
хикметтің әуелі транскрипциясы, сосын жолмажол аудармасы берілген. Жинаққа Сүлеймен
Бақырғанимен бірге Шәмсиддин, Хұдайдад, Құл Шариф сияқты ақындардың да хикметтері
еңгізілген [1, 12 б.].
Шайырдың сопылық, дінидидактикалық шығармаларында арабпарсы кірме сөздері
молынан кездеседі. Бұл – оның осы екі тілді жетік меңгергендігінің айқын көрінісі. Одан бөлек,
тікелей Құран Кәрімнен алынған уақиғаларды ол өлең түрінде оқырманға ұсынып отырған. Біздің
бұл мақалада көздеген мақсатымыз – Сүлеймен Бақырғани шығармаларында жиі кездесетін
сөздердің мағынасын ашып, прагматикалық ерекшеліктерін айқындау. Сол мақсатқа қол жеткізу
үшін төменде келтірілген сөздердің лингвокогнитивтік мәніне зер салдық: Мүрид, Жәһил, Пир,
Ғәфләт, Шәраб, Тамұғ, Ирадәт, Илһам, Тәфәккур, Тәриқәт, Ишқ. Енді оларды жекежеке
қарастырайық:
Аллаһ йады көңілләргә пәнаһ болса,
Ажылұр батин қажан Рабдин нида болса,
Мүрид керәк Байәзидтек сәфа болса,
Андағ мүрид мұрадыға етмәк керәк.
310
Алла жады көңілдерге пана болса,
Ашылар батин қашан Раббыдан жарлық болса,
Мүрит керек Баязидтей таза болса,
Ондай мүрит мұратына жетпек керек.
Мүрид – ﺪﯾﺮﻣ араб. (ерік иесі). Сопылық дүниетанымдағы пірге қол беріп, тариқатқа кірген
жан. Мағынасы «талап етуші», «қалаушы», «ерікті» дегенге келеді.
Бұл өлең жолдарында ақын «мүрид» деп «таза жан», «ұстазының артынан ерген шәкірт»
деген мағынада қолданып отыр. Сондайақ барлық шәкірттер Баязид сияқты тақуа және саф болу
керек дегенді нұсқап тұр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (2008) осы сөзге мынадай анықтама
берілген: Мүрит – діни лауазымды адамдарға қол тапсырып, солардың ісін дәріптеуші шәкірт;
ізбасар [3, 605].
Одан бөлек, осы шумақта кездесетін көптеген сөздер қазіргі қазақ тілінде түрлі фонетикалық
өзгерістерге ұшыраған күйде қолданылып жүр. Мысалы: йады – жады / йж алмасуы. Айта кететін
бір жайт, қазіргі таңда кейбір түркі тілдерінде «йады» формасы әлі күнге дейін сақталған.
‘Алимлар ‘илм бірлән болды ‘әзиз,
Жәһилләр жәһил бірлән қалды ‘әжиз,
Құлмы болұр хәзрәтідә нәдамәтсіз,
Нәдамәт болұб, құллұқ қылмақ керәк.
Ғалымдар ғалым бірлән болды әзіз,
Жәһілдер жәһіл бірлән қалды әлсіз
Құл не болар құзырында өкінішсіз,
Өкінішті болып құлшылық қылмақ керек.
Жәһил – ﺔﯿﻠھﺎﺟ ислам діні келмей тұрып, араб елдерінде болған қараңғылық дәуірі. Ал сондай
қараңғы адамдарды жәһил деп атаған. Сопылық дүниетанымда жәһил деп надандарға, өнер мен
білімге ұмтылмайтын адамдарға қатысты айтылған. Бұл сөзді автор араб тілінен алғандықтан,
қазіргі кезде көп қолданылмайды, тек діни әдебиеттерде ғана көрініс тауып отыр.
Мына шумақтарда Хакім Ата ғалымдардың ілім арқылы күшті болып, надандардың сол
надандығымен жүріп әлсіз болып жүргенін баяндап отыр. Бұл оның заманының айқын көрінісі
ретінде таптырмас дәлел дей аламыз.
‘Ашиқларға дидар көрмәк ғұрбаддын ол,
Тәриқәтгә мәңлік кірмәк афәддін ол,
Муридларға мурад болмақ хизмәддин ол,
Мискинлик либасыны кидім мәнә.
Мүриттерге мұрат болмақ қызметтен ол,
Ғашықтарға дидар көрмек ғаріптіктен ол,
Тариқатқа мендік кірмек опаттан ол,
Міскіндік киімін кидім, міне.
Тәриқәт – ﮫﻘﯾﺮط араб. (жол, бағыт). Сопылық ілімінің шариғаттан кейінгі екінші басқышы.
Шариғат амалдарын жетік меңгерген жанның діни ілімнің ішкі сырын терең игеру мақсатымен
пірге қол беріп, Хаққа талпыну жолы.
Дінтанушы ғалым Досай Кенжетай өз еңбегінде тариқат сөзіне мынандай анықтама береді:
этикалық-моральдық қағидалар мен ритуалдарды қамтитын, Хаққа ұласуды қамтамасыз ететін
жол. Тариқат «жеке әдіс», «әдістемелік ережелер» деген мағыналарға да келеді. Кемел жол
көрсету үшін, яғни әрдайым Алланы терең ойлау, Оны сезіну мақсатында қолданылған әдісті
«тариқат» дейді. Сопылық жолдың тариқаттарға бөлінуі XII ғасырдан басталады. Бұлардың
Қадириййа, Рифаиййа, Шазилиййа т.б. түрлері болған [2, 321 б.]. Елу мыңға жуық сөз қамтылған
сөздікте Тариқат сөзіне мынадай анықтама берілген: дүниені тәрк ету, сопы болу ғұрпы. Осы
311
анықтамаларды басшылыққа ала отырып, жоғарыда келтірілген өлең жолдарындағы мағынасына
назар аударсақ, Сүлеймен Бақырғани тариқатқа мәңгілік кіру жолында, мүрит үшін дүниелік
нәрселер опат болуы қажет деп, өзінің шәкірттеріне нұсқап отыр.
‘Әрш үстідә чилтән бірлә шәраб ічтім,
Дәрдін айтыб, Хәққа бақыб, йашым сачтым,
Йетміш заһир болды андын аштым,
Рәсулулла жәмалларын көрдүм дустлар.
Арш үстінде шілтен бірлә шарап іштім,
Дертін айтып, Хаққа қарап жасым төктім,
Жетпіс батын көрінді одан өттім,
Расулалла жамалын көрдім, достар.
Бұл өлең жолдарындағы «шарап» сөзі, көпшілік оқырман ойлағандай, мас қылатын сусын
емес. Шарап сөзінің өн бойында өте терең символикалық мағына бар. Шарап – Алланың нұры.
Шарап құйылған ыдыс – адамның жүрегі. Басқаша айтсақ, адам баласының жүрегі Алла деп соғып
өтуі керек. Демек, шарапты жақсы көру – Аллаға деген махаббатынан ләззат алу. Шарап
жәхилдерде адамды мас етіп, санасын улап жібереді. Ал сопылық ілімде Хәкім Алланың
жамалына мас болып, рухани азық алады.
Қорытындылай келе, біз Сүлеймен Бақырғани өмірнамасы мен хикметтері, оның ішінде
кейбір сөздердің қазіргі жастар арасында қаншалықты дәрежеде түсінікті, ассоциативті түрде
қандай мағына беретініне байланысты сауалнама өткіздік. Сауалнамада төмендегі сұрақтар
қамтылған:
Берілген сөздерді оқығанда ойыңызға не келеді?
Берілген сөздердің мағынасын ашып беріңіз.
Сопылық туралы не білесіз?
Сүлеймен Бақырғани кім? Ол туралы не білесіз?
Сауалнама 1740 жас аралығындағы адамдардан алынды. Нәтижесі мынандай:
Мүрит сөзі : 10% «шәкірт»; 5% «дін адамы»; 5% қағба; 5% тек сопылық әдебиетте
қолданылады; қалған 75% бұл сөздің мағынасын білмейді.
Жәһил сөзі: 20% заман атауы; 15% күнахар адам; 10% Жәбірейіл періштеге
байланысты; 5% надан, қараңғы адам; 50% жауабын білмейді.
Тәриқәт сөзі: 15% «ақиқат» деп жауап берген; 5% арабша сөйлеу; 5% сопылық
ағымының мұратмақсаты; 5% сопылықтың бір деңгейі; 5% Қожа Ахмет пайымдауындағы иман
шарттарының бірі; 65% жауап бере алмады.
Шарап сөзі: 20% символикалық ұғым, ақиқат, білім суын ішу; 15% жауап бермеді; 65%
ішімдіктің біт түрі, адам санасын ластайтын нәрсе, деген жауап берді.
Осы сауалнама арқылы Сүлеймен Бақырғани шығармашылығын қазіргі қоғам қалай түсінеді,
қаншалықты дәрежеде оқиды деген сұрақтарға жауап беріп көргіміз келді. Осыған байланысты
айтар ұсынысымыз: сопылықты, оның ішінде Қожа Ахмет Йасауи, оның шәкірттері жайында орта
мектеп бағдарламасына және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына жалпы білім беретін
арнаулы пән ретінде енгізіп, түркі халықтарының ортақ мұрасын насихаттау, халық санасына
хикметтерде жырланғандай иман, адамгершілік, сияқты рухтың барлық жақсы қасиеттерін
біртіндеп сіңіру мақсатында қолдануға болады.
Біздің заманымызға дейін хаттардың көшірілген қолжазбалары арқылы жеткен ақын мұрасын
жариялау XIX ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан
университетінен қадим әліппесімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдарына дейін он алты рет жарық көрді.
312
Хакім Ата – Йасауи мектебінен рухани білімін кемелдендіріп, өзі де шайқылық дәрежеге
жетіп, шәкірттер тәрбиелеген ұстаз, пірінің үлгісімен түркі тілінде сопылық хикметтер жазған дана
ақын, ойшыл ғалым, керемет қасиеттер иесі әулие дәрежесіне жеткен, елжұртын ислам ілімі
арқылы имандылық, адамгершілік жолға үндеген ғұлама. Оның осындай ұлағатты ісін жалғастыру,
халқымыздың игілігіне айналдыру біздің саналы ұрпақ ретіндегі борышымыз болмақ.
Әдебиеттер
1. Мәтібек Н. Сүлеймен Бақырғани (Хакім Ата) әдеби мұрасы.
2. Кенжетай Д. Йасауидың сопылық дүниетанымы. А.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Ред. Т. Жанұзақов. А., Дайкпресс, 1999 ж.
4. Астрель. «Русскоарабский, арабскорусский словарь» (около 3000 слов в каждой
части).
5. Токсамбаева А. О. Религиозносимволическое начало в произведениях Шакарима
Кудайбердиева и Машхура Жусупа Копеева.
6. Қирабаев С.С. Қазақ әдебиетінің тарихы. Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті.
7. Қазыналы Оңтүстік. 35 томдық. Бақырғани хикметтері. 1 кітап.
8. Төрәлі Қыдыр Алғы сөз // «Бақырғани».
ӘОЖ: 811.512.122:070
МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ СӨЗЖҰМСАМНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілегенова Арайлым, Сулейман Демирел университеті
Түйін
Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы адресант пен адресат арасындағы байланыс,
газет мәтінін түзуде қолданылатын түрлі прагматикалық мәселелер қарастырылады.
Аннотация
Статья посвящена вопросам изучения взаимосвязи адресанта и адресата в современном
медиапространстве, также рассматриваются различные способы образования газетного текста, с
точки зрения прагмалингвистики.
Annotation
Article is devoted to the study of the relationship of the sender and recipient in the modern media,
and the different ways of education newspaper text from the standpoint pragmalinguistics.
Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түріне тән нормаларын игеру, тілдік амалтәсілдерді
айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп
сөйлеу, бір пікірді бірнеше рет қайталау, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене
қимылдарын орынсыз араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай
беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі
деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе
нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы
сөздіктерді пайдалана білудің манызы зор. Қазақ сөз мәдениетінің дамуына халық ауыз
әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сынды сөз зергерлерінің қосқан үлесі,
тигізген оң ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің өзекті / негізгі мәселелеріне
313
кезінде А. Байтұрсынұлы назар аударса, кейінірек кеңестік кезеңде М. Балақаев, Р. Сыздықова
сияқты ғалымдар елеулі еңбек сіңірді.
Медиакеңістіктегі сөз мәдениеті дегенде жалпы журналистер қауымына тән мәдениет
мәселесі бой көтереді. Журналист – қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі.
Ол қоғам өмірінің сан түрлі саласында болып жатқан /орын алған/ жаңалықтарды халыққа
таратушы болып табылады. Журналист – газетжурнал немесе радио мен теледидар жұмысын
атқарып,
шығармашылық
қызмет
жасайды.
Ол
редакция
жұмысында
бірінші
ұйымдастырушылық, екінші әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады.
Бұқаралық медианың ішкі тілдік немесе интерлингвистикалық деңгейінің дәрежесін талдау
БАҚтың тілдік қызметінің бір саласы лингвомәдени аймақтың ауқымына қатысты қалыптасты.
Б.Өтебековтың пікірінше бұқаралық медианың іске асыратын тетігі болып саналатын тілдік
процестерді сөз еткенде, бірінші кезекте мыналарды бөліп айтуға болады:
1. Нақты стильдік шекараны жою дәстүрі;
2. Медиасөздің базалық корпусында ауызекі стильдің нормасын тарату (жаңалықтар,
ақпараттық талдау, шолу);
3. Қате сөз қолданыстарды тарату (екпінді дұрыс қоймау, грамматикалық қателер, нақты емес
тіркестер);
4. БАҚта жаргондарды, нормаға жатпайтын сөздерді қолдану арқылы сөз нормасын
төмендетіп, мәнін кетіру т.б. («Б.А.Қ тіліндегі жаңа сөз қолданыстары мен лексикалық бірліктер»)
Яғни, ақпаратты халыққа баяндайтын –журналист болғандықтан, ол көбінесе әдеби, жалпы
халыққа түсінікті тілде сөйлеуі қажет. Соның ішінде грамматикалық қателерге, нақты емес
тіркестерге баса назар аударуымыз қажет.
Медиасөздің ішкі корпусындағы дәл де нақты стильдік шектеуді жоюдың ұстанымын
көптеген ғалымдар, оның ішінде Ресей, шет ел зерттеушілері қарастырып келеді. Мүмкін бұл
бағыт төтенше жылжымалылықтың және медиакурстың өзінде жанрлық технологиялық
динамикалық қозғалыстың тууына, пайда болуына себепші болатын шығар. Медиамәтіндердің
негізгі типтері, оның ішінде жаңалықтар, ақпараттық талдаулар (comment and analysis),
публицистика (features) және жарнама жанрлары бірбірімен үнемі кеңістікте және уақытша жақын
болып өзара әсер ететіндіктен (публицистика мен ақпараттық талдау бағдарламалары жарнамамен
бөлінеді, ал жаңалықтар шолуға жақын болады), бірбіріне ықпал жасайтын табиғи жағдай деуге
болады. («Б.А.Қ тіліндегі жаңа сөз қолданыстары мен лексикалық бірліктер» Б.Өтебековф.ғ.к.,
ХҚТУ доценті).
Түптеп келгенде, бүгінгі ақпарат заманында адам қоғамда болып жатқан өзгерістер мен
жаңалықтарды қадағалап отыруға мәжбүр. Бір күн БАҚ қызметін пайдаланбау субъектінің білім
қорын едәуір жұтаңдатып, оның әлеуметтік дамуын тежегендей әсер етеді. Осы жағынан газет
мәтінінің әлеуметтік реттеуіштік рөлін социолингвистикамен байланыстыра қарастырудың мәні
зор.
Қазіргі
тіл
білімі
социолингвистика,
психолингвистика,
когнитивті
лингвистика,
лингвомәдениеттану,
этнолингвистика
және
прагмалингвистикалардан
тұратын
кешенді
пәнаралық бағыттар негізінде қалыптасатын көптеген зерттеу деректерімен байып отыр. Атап
айтқанда,
И.В.Арнольд,
Б.П.Белянина,
В.В.Воробьев,
Н.И.Гайнуллина,
Г.Г.Гизатова,
В.И.Исенғалиева, Е.И.Ковалева, Г.В.Колшанский, М.М.Копыленко, А.П.Крысина, В.А.Маслова,
Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Б.Хасанов, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, Э.Д.Сүлейменова, Ж.Манкеева,
Б.Момынова, З.Ерназарова, А.Ислам, Қ.Жаманбаева, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева т.б еңбектері
тілдегі
логикаконцептуалдық
байланыстарды,
семантикалық,
синтагматикалық
және
прагматикалық факторларды кешенді түрде қарастыра отырып анықтауға мүмкіндік береді.
Т.Г.Винокурдың сөзімен айтқанда, прагматика қазіргі кезде тіл қолданысы мен қызметінің
коммуникативтік қырын барынша кеңінен дәйекті түрде айшықтап отырған сала болып табылады.
(Есенова Қ.Ө /35б/)
Қазіргі кезде бүкіл адамзат электронды БАҚтың әсер ету объектісіне айналып отырғаны
мәлім. БАҚ түрлерінің қайқайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиамәтін
Достарыңызбен бөлісу: |