Материалдары



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
адамды  тестілеуден  өткізген.  Бұдан  соң  1890  жылы    психологиялық  әдебиеттерде  бірінші  болып 
«ақыл­ой  тесті»,  «интеллектуалдық  тест»  терминдерін  енгізген  Джеймс  Маккин  Кэттел  болды. 
Педагогикада  Макколл  педагогикалық  тестілердің  қолдану  мақсатын  айқындаса,  педагогикалық 
өлшемдердің негізін қалаушы америкалық психолог Э. Торндайк (1874—1949) болып табылады. Э. 
Торндайктың 1904  жылы  «Введение в теорию психологии и социальных измерений» атты кітабы 
шықты. 
Бірақ  ғалымдардың  тестілеу  жүйесімен  айналысуына  1936  жылы  «тест  –  буржуазиялық 
қалдықтар»  деп  аталып  тыйым  салынды.  Осы  жылдан  кейін  тек  1978  жылы  совет  ғалымы 
Аванесов В.С. «Психологиялық тестілердің мәселелері» деген еңбегін жазды. /2/ 
Тест 
туралы 
анықтамалар 
көп. 
Бұл 
салада 
еңбек 
eтiп 
жүрген 
ғалымдардың 
тұжырымдамаларын  (И.А.Цатурова  (1971),  С.И.Воскерчьян  (1963),  Э.Э.Штульман  (1972), 

 
 
320 
 
И.А.Рапопорт (1987), В.А.Коккота (1989), В.А.Аванесов (2002) жинақтай келе, тестілеу процесінің 
мынадай ерекшеліктерін атауға болады: 
– белгілі ережелерге сәйкестігі; 
– тecтіні тәжірибеде қолдануға мүмкіндік бepeтін ерекше сапалары; 
– қарапайымдылығы, эталоны болуы; 
– тестілеу барысындағы қатаң  уақыт аралығы; 
– нәтиженің тексерушілердің жеке пайымдауларынан тәуелсіздігі
– тестілеу нәтижесін сандық есептеулер мен статистикалық өңдеу мүмкіндігі; 
– тестіні жетілдіру, жақсартудағы арнайы іс­әрекет  және алдын ала тәжірибелік тексеру. 
Әлемдік  білім  жүйесінде  тестік  тапсырмалар  арқылы  білім  сапасы    мен  деңгейін  тексеру 
жоғары  технологиялар  қатарына  жатқызылады.  Тестілеу  әдісі  қазіргі  білімнің  ажырамас  бөлігіне 
айналған.  Білімгерлердің дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы 
ретінде  қолданылып  келеді.  Педагогикада  тестік  әдістің  пайдалы  тұстары  өте  көп.    Атап  айтар 
болсақ,  бақылау  тесті  бір­бірімен  байланысты  үш  функцияны  орындайды:  біріншісі  – 
диагностикалық  функция  (оқушының  білім  деңгейін,  тілдік  бірліктерді  қалай  меңгергенін 
анықтайды,  объективтілігі  жағынан  тест  педагогикада  үлкен  орын  алады);  екіншісі  –  оқыту 
функциясы  (оқушылардың  оқу  материалдарын  меңгеруге  деген  белсенділігін  арттырады); 
үшіншісі– тәрбиелік функциясы (оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта оқып үлгеру 
қасиеттерін  тәрбиелейді  және  тестілерді  талдау  кезінде  оқушы  өз  біліміне  сын  көзбен  қарауды 
үйренеді).  
Тіл білімінде қолданылып жүрген тест тапсырмаларының түрлері. 
Тестілерді белгілеріне қарай түрліше жіктеуге болады.  
Негізгісі – тест тапсырмаларын мақсатына қарай жіктеу: 
• ақыл­ой қабілетін, дамуын тестілеу
• арнайы қабілетті тестілеу; 
• үлгерімді анықтауға бағытталған тестілер; 
• жеке сапаларды  (есті, ойлауды, мінезді) анықтауға арналған тестілер . 
Тестілер формаға, мазмұнға, мақсатқа байланысты бірнеше негізде жүйеленеді. 
Формасына қарай:  
• жеке немесе топтық тестілер. Топтық тестінің жетістігі бір уақытта көп адамды қамтуында. 
Кемшілігі  –  тест  тапсырушының  жағдайын,  мінез­құлқын  білуде,  яғни  тікелей  қарым­қатынас 
орнатуда қиындық тудырады.  
• ауызша немесе жазбаша 
• бланкалық  (қарындаш,  қалам  және  қағаз  арқылы)  және  техникалық  құралдар  көмегімен 
атқарылатын. 
Мазмұнына қарай: 
• Интеллектілік  (топтың  немесе  жеке  тұлғаның  қандай  да  бір  тапсырманы  орындау 
мүмкіндігін бақылау); 
• Оқыту тестілері (оқу пәндеріне бейімділік, білімді тексеру, т.б. қарастырылады) 
Ал  тіл  біліміндегі  тестік  тапсырмалардың  ең  танымал  түрлері  ашық  және  жабық  тест 
тапсырмалары. 
• Ашық тест тапсырмаларында дайын жауап нұсқалары берілмейді. Оқушы қажетті жауапты, 
тұжырымдаманы  өзі  тауып  жазады.  Егер  пікір  ақиқат  болса,  жауап  дұрыс,  ал  пікір  жалған  болса 
жауап қате болғаны. 
• Жабық  тест  тапсырмалары  ­  күнделікті  қолданыстағы  дұрыс  жауап  нұсқалары  берілетін  
тестілер. Оқытушылар өз жұмыстарында жабық тест түрін жиі қолданады. 
Оқу  үрдісінде  оқушы  білімін  бекіту,  қайталау,  алған  білімді  жүйелеу  және  бақылау 
мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар: 
1.  Таңдамалылық  тесті:  оқушыларға  берілген  тапсырмамен  қоса  оның  дұрыс  және  дұрыс 
емес  жауаптары  беріледі.  Тапсырма  карточкалар  арқылы  таратылады,  берілетін  жауаптар    саны 
төртеуден кем болмағаны жөн.  

 
 
321 
 
2.  Еске  түсіру  тесті:  сұрақ  нақты,  анық  қойылады,  ал  жауабы  сөз,  сан,  формула  т.б.  түрде 
болжамдап берілуі мүмкін.  
3.  Сәйкестендіру  тесті:  мағынасы  бір  бірімен  байланысты  тапсырмалардың  екі  бағанға  әр 
түрлі  ретпен  орналастырылуы.  Мұндай  тесті  жасауда  бірінші  бағанда  қысқа  тұжырымды  сөйлем 
болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5­тен 15­ке дейін болса, 
екінші бағандағы сөз, белгі, сызба саны екі­үшеуден артық болғаны жөн.  
4.  Аралас  тесті:  оқушыға  берілетін  тапсырма  әртүрлі  тест  түрінде  (мысалы:  толықтыру, 
таңдамалы т.б.) беріледі.  
5.  Тура  жауап тесті : мұғалім тарапынан бір сұрақ  – оқушы тарапынан бір  жауап негізінде 
жүзеге асады , көп жағдайда әдебиет сабағында қолдануға болады. 
6.  Ашық  тест:  білім  деңгейі  жоғары,  шығармашылық  қабілетін  толықтыруға  талпынатын 
оқушыларға жүргізген тиімді. 
Мысалы: 
 
Тапсырма 
Жауабы 
1.   Аралас  құрмалас  сөйлем  деген  не?  Түрлері.  Мысал 
жаз.   
2.   Шешендік  сөздердің  түрлері. Саған ұнайтын шешендік 
сөз.    
3.   «Асығы  алшысынан  түсті»  деген  тұрақты  сөз  тіркесін 
қалай түсінесің?   
4.   Жақсыз  сөйлемнің  баяндауышы  қалай  жасалады? 
Мысалмен дәлелде. 
   
  
  
7.  Анықтау  тесті:  ережелерді  есте  сақтауы  қиындық  келтіретін  оқушылармен  жұмыс  жүргізуде 
пайдаланған дұрыс. 
 
 
 
Тапсырма 
Жауабы 
1.  Сөз таптарын зерттейді.  
2.  Қазақ  тілінде  жуан  дауысты  дыбыс,  жіңішке  дауысты 
дыбыс, үнді дауыссыз болатын дыбыс.   
3.  Буын жасауға негіз болатын дыбыс.  
4.  Дефис арқылы жазылатын күрделі сөздер 
   Үндестік заңына бағынбайтын септік 
Морфология 
  У 
  
 Дауысты 
 Қос сөздер 
Көмектес 
   
8.  Баламалылық    тесті:  тестің  бұл  түрін  жасауда  жауабын  білуге  ықпал  ететін  сөзден  аулақ 
болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің 
жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ, немесе +, – белгілері арқылы беріледі. Мұндай 
типтегі тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.  
Мысалы: 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
322 
 
Тапсырма 
Жауабы 
1.   Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар ма? 
  
2.   Сан есім қандай, қай деген сұраққа жауап бере ме?  
3.   Жуан  сөздерге  ­лер,  ­дер,  ­тер  көптік  жалғауы  жалғана 
ма?  
4.   Отан – атамекен деген сөздер антоним бола ма? 
  
5.   Бастауыш, баяндауыш тұрлаулы мүше ме? 
  
6.   Жақсыз сөйлемде бастауыш бола ма? 
  
7.   Атаулы сөйлем сөйлем мүшесіне талдана ма? 
Иә 
 
Жоқ 
 
Жоқ 
 
Жоқ 
 
Иә 
 
Жоқ 
 
Жоқ 
9.  Толықтыру  тесті:  сөздерді  жақсы  есте  сақтау  үшін  бастауыш  сыныпта,  ережені  есте  сақтау 
үшін жоғарғы сыныптарда жүргізу тиімді.  
Мысалы: 
   Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі. 
Қ...рам...нда...ы  ал...аш...ы  жай  сө...лемн...ң  баян...ау...ш...  ти...на...сыз  б...лып,  е...інш...сі...е 
ба...ын...  б...йлан...сқан  қ...рм...л...с    с...йл...мн...ң    т...рі      сабақтас  қ...рм...л...с    с...й...ем      деп 
аталады. 
7. 
Сөз тіркесінің ережесі. 
Ек…    я  б…рнеше    с…зд...ң      т..л...асы      ж...не      ма...ына    жа...ынан    б...р-бірім...н  ба...ы...а 
байл...ныс...ы. 
       Тестілеудің жоғарыда аталған түрлерімен қатар, қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген басқа 
да түрлері кездеседі. Солардың бірі ­ грамматикалық тестілеу.  Бұл ең көп таралған тестілеу түрі.  
Грамматиканы  тестілеу  материалдары  сөздік  қорды,  грамматиканы  және  айтылымды  қамтиды.  
Студенттердің  грамматикалық  білімдерін  оларды  еш  сөйлетпей­ақ,  ешнәрсе  жаздырмай­ақ 
тексеруге болады. Оған физикалық жауаптар арқылы немесе көзбен шолу арқылы да қол жеткізуге 
болады.  Грамматикалық  тестілеуде  бастауыш  деңгейдегі  сыналушылардың    грамматикасын 
бағалаудың, өлшеудің екі жолы көрсетіледі: 
1.  Жеке тестілеу; 
2.  Топпен тестілеу. 
Жеке тестілеуде студентті ауызша сұрақтардың көмегімен тестілеуге болады. Ол сұрақтарға 
қарапайым,  қысқа  жауаптармен  жауап  беруге  болады.  Тілді  мүлдем  білмейтін  студенттермен 
жұмыс  істеу  барысында  біз  олардың  өз  ана  тілінде  жауап  беруіне  рұқсат  ете  аламыз.  Оқушыға 
таныс сөздік пен грамматикалық құрылымды қолданған жөн. Мысалы, «арасына» шылауын қалай 
түсінетінін тексеретін болсақ, онда студентке: «Қызыл алманы екі жасыл алманың арасына қой» ,­ 
деп  айтамыз.  Егер  студент  «алма»  және  «қой»  деген  сөздерді  білмесе,  онда  ол  біз  одан  не  талап 
етіп  отырғанымызды  түсінбейді.  Оқушы  сандарды,  түстерді,  сыныптағы  заттарды  жаттағанда, 
анағұрлым  қиынырақ  сұрақтарды  қоя  аламыз.  Мысалы:  «Сары  алмалар  қайда?»,  «Кітаптың 
қайсысы қызыл?» 
Топпен  тестілеуде  физикалық  жауаптарды  пайдалана  отырып  студентті  топпен  де  тестілей 
аламыз.  «Суретті  сал»  деген  тапсырманың  көмегімен  шылауларды  білетінін  тексеруге  болады.  
Бірінші  жаңа  сөзді  түсіндіреміз.  Содан  соң  студенттен  нұсқауға  сүйене  отырып  сөзді  салуын 
сұраймыз:  «Қағаздың  ортасына  құсты  салыңыз.  Енді  құстың  астына  үй  салыңыз.  Құстың  үстіне 
күнді салыңыз». 
Әр  түрлі  суреттерді  пайдалана  отырып,  көмекші  сөздерді  білетіндігін  тексеруге  болады. 
Мысалы, «Машинаның жанында отырған баланы дөңгелектеңіз» деп сұраймыз. 

 
 
323 
 
Тақырыптары  ұқсас  суреттер  топтамасы  арқылы  грамматикалық  құрылымды  да  тексеруге 
болады. Мысалы: 
(Физикалық жауап): «Қонақ бөлмесі ас үй сияқты кең» деген сөйлемге сәйкес келетін суретті 
дөңгелектеңіз (А). 
(Иә/Жоқ): «Суретке қараңыз (В). Ас үй қонақ бөлмесі сияқты кең бе?» 
(Шын/Жалған) «Суретке қараңыз (С). Қонақ бөлмесі ас үйге қарағанда кең». 
Оқытушының  тестіні  дұрыс  ұйымдастыра  білуі  –  көп  жағдайда  оқу­тәрбие  процесінің 
табысты  болуының  оң  кепілі.  Ол  үшін  мұғалім  оқушының  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін, 
сапасы  мен  көлемін  үнемі  анықтап  отыруы  тиіс.  Сонымен  қатар  тестік  тапсырмаларды   мақсатқа 
сай  деңгейлеп  дайындайтын  болсақ,  онда  тестілеуді  тексеру  және  бақылау  қызметімен  қатар 
оқушыны  оқыту,  үйрету,  алған  білімін  бекіту  және  жүйелеудің  тиімді  құралы  ретінде  де 
пайдалануға болады. Сол үшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі 
формаларын  және  типтерін  пайдаланған  жөн.  Мектеп  оқушыларына,  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне,  өзге  ұлт  өкілдеріне  болсын  қазақ  тiлiн  дамыта  оқытуда  тестік  әдiстердің  түрлерi 
жеткiлiктi.  Ұлы  ғалым  Ахмет  Байтұрсынов  былай  деген  екен  «жақсы  мұғалім  деген  атқа  түрлі 
әдістерді  меңгеріп,  соларды  оқытуда  қолдана  білу  арқылы  ғана  жетуге  болады.  Сонымен  қатар, 
бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек».  
Тест  тапсырмаларының  жоғарыда  аталғандардан  басқа  тіл  білімінде  пайдалануға  болатын 
төмендегідей түрлері ұсынылады:  
• Ыңғайластықты  орнату  –  сыналушы  тізімдегі  элементтерді  анықталған  ыңғайластық 
бойынша реттеу керек.  
• Еркін  мазмұндау  –  сыналушы  өз  еркімен  жауап  беруі  керек,  тапсырмада  оған  ешқандай 
шектеу қойылмайды.  
• Резюме тест – оқығанын, естігенін, көргенін мазмұндау; 
• Ситуациялық тест – жағдаятқа сай берілген тестіні орындау; 
• Аудиоклоуз  тесті  –  жетіспейтін  буынды,  сөзді,  сөз  тіркесін  тиісті  орнына  қойып,  сөйлемді 
не мәтінді толықтыру. 
• Коммуникативтік тест – диалог, ситуация арқылы іске асады. 
• Шолу тесті – оқу материалдарының барлығын қамтитын тест түрі; 
• Үйретуші тест – лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесімді тестілеу; 
• Редакциялау тесті – берілген мәтінді сауатты толықтыру, аяқтау. 
• Дискретті  тест  –  әр  тармағында  ерекше  бір  фактіге  назар  аудартушы  тест.  Мысалы: 
етістіктің бір түріне, сөздіктегі бір сөзге; 
• Гомогенді тестілер – оқушылардың дайындық деңгейін бір ғана пән бойынша анықтайтын, 
нақты  құрылымға  ие,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  құрастырылған,  сапалы  да  тиімді  тестілеу 
жүйесі. Тестінің бұл түрі белгілі бір пән немесе оның бір бөлімі бойынша алған білімді тексеруде 
жиі қолданылады. Гомогенді тестілерде басқа  қасиеттреді анықтауға  бағытталған тапсырмаларды 
қосуға  болмайды.  Ондай  жағдайда  тестілеу  тазалығына  қойылған  педагогикалық  талапқа  қайшы 
келеді. 
• Гетерогенді  тестілер  –  оқушының  бірнеше  пәндер  бойынша  дайындық  деңгейін 
анықтайтын,  нақты  құрылымға  ие,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  құрастырылған,  сапалы  да 
тиімді тестілеу жүйесі. Тестінің бұл түрін психологиялық тапсырмаларды қоса отырып, тұлғаның 
интеллектуалды  даму  дәрежесін  анықтауда  пайдаланады.  Гетерогенді  тестілер  мектеп 
бітірушілерді бағалау үшін кешенді бақылауда, жұмысқа қабылдау кезінде, ЖОО­на талапкерлерді 
іріктеу уақытында қолданылады.  
• Лингводидактикалық  тест  –  сыналушының  тілдік,  сөйлеу  құзіреттіліктерін  тексеру  және 
белгілі  бір  сапалық  көрсеткіштерін  анықтау    мақсатында,  сынақ  талаптарына  сай  құрылған 
тапсырмалар.  
• Кешенді  тестілер  –  көп  тапсырмалардан  құралған  тестілер.  Тестінің  бұл  түрін  тест 
батареялары деп те атайды. Ол бөлшектер мен субтестілерден тұрады. Субтестілер дегеніміз – бір 
типке  жататын,  бір  нысанды  ғана  меже  етіп  алатын  тапсырмалар  жүйесі.  Бұл  тесті  тестілеудің 

 
 
324 
 
үлкен обьектілерін қамти алады. Мысалы: тыңдау, оқу және соның негізінде тапсырманы орындау 
т.б. 
Сонымен қатар, бүгінде тест түріндегі бақылаудың келесі түрлері де қолданысқа енген: 
• «Автоматтандырылған»  ­  сынақтан  өтуші  тікелей  ЭЕМ  –мен  байланыста  болып,  нәтиже 
бірден өңдеу блогында көрсетіледі. 
• «Жартылай  автоматтандырылған»  ­  тапсырма  бланкалар  арқылы  орындалып,  нәтижесі 
ЭЕМ­ге енгізіледі, шешімі сол арқылы шығады. 
• «Автоматизацияланған»  ­  тапсырма  жазбаша  түрде  орындалып,  мұғаліммен  тексеріліп, 
нәтижесі ЭЕМ­ге енгізіледі. 
Алдыңғы екеуі бақылауда  мұғалімнің  жұмысын  оңайлатқанымен,  тікелей  адамның  қатысуы 
арқылы анықталатын мәліметтерден айырады. 
Тест тапсырмаларының формасы 
Тест тапсырмаларының дұрыс құрылуы оның қалыбына байланысты. Аристотель заманынан 
бері  «қалыпты»  –  элементтердің  ұйымдасу,  орналасу  ұстанымы  деп  түсіну  бар.  И.Кант  болса: 
«қалып дегеніміз – реттеудің ұстанымы» деген пайымдау айтты. 
Ал  тест  тапсырмаларының  қалыбы  дегеніміз  –  тест  мазмұнының  өмір  сүруі,  ұйымдасуы, 
реттелуі.  Форма, яғни қалып – тапсырмаға құрылымдық тұтастық, анықтық, сыртқы ұйымдасуды 
береді. 
В.С.Аванесовтың  (тестолог)  сөзімен  айтатын  болсақ,  дәстүрлі  сұрақтар  мен  жауаптардан 
тұратын  тест  технологияға  сай  емес.  Нағыз  тест  тапсырмаларын  құру–шығармашылық 
композицияның  нәтижесі,  форма  мен  мазмұнның  шебер  бірігуі.  Жақсы  тапсырма  жасау  үшін  
педагогиканы шығармашылықпен, өнермен біріктіруді үйрену қажет дер едік.  
Тест  тапсырмаларына  қойылатын  талаптар:  түсіндірудің  логикалық  қалыбы,  қалыптың 
дұрыстығы,  қысқалық,  жауаптарға  арналған  арнайы  орынның  болуы,  тапсырма  элементтерінің 
дұрыс  орналасуы,  жауаптарды  бағалау  ережелерінің  бірдейлігі,  барлық  сыналушылар  үшін 
нұсқаудың бірдейлігі, нұсқаудың тапсырма құрылысына және қалыбына сәйкес келуі. 
Соңғы  жылдары  қоғамдық  және  әлеуметтік  өмірде  болып  жатқан  өзгерістер  ағарту 
саласының  алдына  көптеген  міндеттер  қойып  отыр.  Білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету 
үшін  бұрынғы  стандарттардан  бас  тартып,  мектептерде  бітірушілерге  тестілеу  жүргізіліп, 
оқушының білім деңгейі тест бойынша бағаланатын болды.  Жалпы тестік әдіс біздің елімізде ғана 
емес,  сонымен  бірге  шетелдерде  оқыту  нәтижелерін  тексеру,  бағалау  құралы  ретінде  жиі 
қолданыста.  Қазіргі  кезде  республикамызда  білім  беру  мәселесіне  үлкен  мән  беріліп  отыр. 
Сондықтан  да  заман  талаптарына  сай  оқушылардың  білім  сапасын  бағалау  және  бақылауды 
жетілдіріп отыру ұстаздар, психолог ғалымдар, тіл білімі мамандары үшін іргелі мәселелердің бірі.  
 
Әдебиеттер 
1.  Дандамаев М.А. Вавилонские писцы. М.: Наука, 1983. 245 с. 
2.  Аванесов, В. Определение педагогического теста.// Управление школой. – 1999. № 29. 
3.  З.С  Кузекова,  Р.С.Фазылова,  Е.Қ.Әбдірәсілов.    Қазақ  тілінен  тест  әзірлеудің  теориялық 
негіздері. Алматы, 2009. – 153б. 
4.  Подласый  И.П.,  профессор,  доктор  педагогических  наук,  Челябинского  государственного 
педагогического университета,"Тестирование в учебном процессе: его история и возможности" 
5.  Горчев Ю.А. Объекты, уровни и приёмы контроля // Иностр. языки в школе. – М., 1984 ­ 
№6. 
6.  Турарова Қ.Қ. Қазақ тілі бойынша лингводидактикалық тестілеу: теориясы мен әдістемесі. 
Алматы, 2012.  
 
 
 
 
 

 
 
325 
 
 
3/3- СЕКЦИЯ 
 
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖАСТАР КӨЗІМЕН» 
 
 
УДК: 378.016: 811.512.161 
TÜRKÇE ÖĞRETİMİNDE BENZETİM (SİMÜLASYON) TEKNİĞİNİN KULLANIMI 
 
Дәуренбек Сәуле Балтабайқызы, Шығыс тілдері кафедрасының 
3 курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы 
 
Summary 
Traditional teaching methods and techniques are often used in teaching Turkish to foreigners, and 
this  fact is  seen as a  problem. Therefore, modern language teaching methods and  techniques have  to be 
used to develop pupil's language skills. This article is  about simulation technique  which is  used aims to 
develop alternative solutions to solving the problems in teaching Turkish to foreigners. The findings have 
revealed that simulation technique in teaching Turkish to foreigners had a positive impact on physical and 
social dimension of classroom, classroom practices and the characteristics of learners. 
Keywords: Teaching Turkish to foreigners, teaching technique, simulation technique. 
 
 
    Türkçe öğretiminde çok fazla  yöntem ve teknik vardır. Bunlardan biri ve belki de en etkili, az 
bilineni benzetim tekniğidir.Yabancılara Türkçe öğretiminde genellikle geleneksel yöntem ve tekniklerin  
kullanıldığı  görülmektedir.  Bu  yüzden  dil  öğretiminde  bazen  sorunlar  yaşanmaktadır.  Bu  sebeple, 
yabancılara Türkçe öğretiminde çağdaş öğretim yöntem ve tekniklerinin de kullanılması gerekmektedir.   
Benzetim, farklı disiplinlerde kullanılan bir öğretim tekniğidir. Tok’a göre bu teknik, “her alanda 
etkinlikle  kullanılabilmektedir”  /1,  s.  192/.  “Benzetim,  gerçekçi  bir  ortamda  öğrenme  fırsatı  sunan  ve 
problem  çözme  becerilerini  tehlikesiz  bir  ortamda  pratik  yapma  olanağı  sağlayan  öğretimle  ilgili  bir 
tekniktir”  /2,  s.245/.  Benzetim  tekniği,  tıp  eğitimi  yöneylem  araştırmaları,  kimya  öğretimi,  iş  dünyası, 
uluslararası ilişkiler, mühendislik, hukuk gibi birçok farklı alanda kullanılmaktadır. Pilotların eğitimi için 
kullanılan uçuş benzetimleri, astronotların eğitiminde kullanılan uzay benzetimleri ve ralli için hazırlanan 
yarış benzetimleri en çok bilinen benzetim örnekleridir. Benzetim tekniğin eğitim ortamında, ortamın en 
iyi  şekilde  düzenlenmesi  için  kullanmaktadır.  Bu  eğitim  ortamının  birisi  de  yabancı  dil  öğretimidir. 
Eğitimde benzetim, öğrenme­öğretme ortamını canlandıran, sınıf içinde bir olay, durum ya da problemin 
gerçeğe  uygun  olarak  düzenlenmesini  öngören  bir  tekniktir.  Eğitimde  benzetimi  bazı  kaynaklar,  gerçek 
araç  ve  olaylara  ulaşmanın  güç  olduğu,  tehlike  ve  maliyetin  fazla  olduğu  durumlarda,  gerçeğe  uygun 
olarak  geliştirilen  modeller  kullanılarak,  öğrencilerin  bir  olayı  gerçekmiş  gibi  ele  alıp  eğitici  çalışma 
yapmalarına olanak sağlayan bir öğretim tekniği şeklinde tanımlamaktadır. Benzetim ile öğretimin amacı, 
öğrencilere gerçeğe benzer ortamlarda gerçek hayat durumlarını sunmak, öğrenci merkezli olarak gerçek 
hayatın  yaşanmasını,  değerlendirilmesini  ve  tecrübe  edinmesini  sağlamaktır.  Dil  öğretiminde  benzetim 
tekniğinin  amacı  ise,  dilin  dört  temel  becerisini  yani  dinleme,  konuşma,  okuma  ve  yazma  becerilerini 
geliştirmektir. 
Benzetim, yabancı dil öğretiminde kullanılan çağdaş öğretim tekniklerinden birisidir. Bu teknikte 
öğrenciler  3­4  kişiden  oluşan  grup  hâlinde  kendilerini  ifade  etmeye  çalışırlar;  ‘rol  yapma'  tekniğine 
benzemekle  beraber,  benzetimde  öğrencilerin  bir  başkası  olmak  yerine  kendilerini  oynamaları  beklenir. 
Jones,  1982’de  yayınladığı  “Simulations  in  Language  Teaching”  (T.  Dil  Öğretiminde  Benzetimler)  adlı 
kitabının önsözünde benzetim tekniğini dil öğretiminde bir yenilik olarak ifade etmektedir /3/.  
Bu  tekniği  uygulanırken  üç  temel  unsur  ortaya  çıkmaktadır:  işlevin  gerçekliği  (İng.  reality  of 
function),  çevre  (İng.  simulated  environment)  ve  yapı  (İng.  structure).  İşlevin  gerçekliği  unsuru, 
öğrencilerin  benzetimin  gerçeği  yansıttığına  inanmaları  ve  bu  bilinçle  benzetimde  yer  almalarıdır.  Bu 

 
 
326 
 
unsur,  katılımcıların  benzetime  fiziksel,  bilişsel  ve  duyuşsal  olarak  her  taraftan  katılmalarını 
gerektirmektedir. Öğrenciler, kendilerini fiziksel, bilişsel ve duyuşsal olarak benzetimin bir parçası olarak 
düşünmeli;  benzetimde  kendi  üzerlerine  düşen  görev  ve  sorumlulukların  gerçek  olduğunu 
benimsemelidirler.  Diğer  bir  deyişle,  işlevin  gerçekliği  için  benzetim  etkinliğinin  amacının 
içselleştirilmesi gerekir. Bu amaç içselleştirilmezse, öğrenciler rol yapabilirler ve bu durumda benzetimin 
varlığından  söz  edilemez.  Benzetimler  aracılığıyla  benzer  çevre  veya  bu  çevreye  en  yakın  gerçekçi 
çevrenin  oluşturulması  hedeflenmektedir.  Çevre  benzetilmelidir,  aksi  hâlde  benzetimin  varlığından  söz 
edilemez /3/. Öğrencilerin, işlevin gerçekliğine inanmaları için oluşturulacak çevre önemlidir. Gerçeğe en 
yakın  ortam,  kuşkusuz  öğrencilerin  gerçekliğe  inanmaları  ve  buna  uygun  davranışlar  göstermesi  için 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет