Материалдары



Pdf көрінісі
бет46/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
­дой 
­дей 
­той 
­төй 
Ноғай 
­дай 
­дей 
­тай 
­тей 
 
 
 
 
Башқұрт 
­дай 
­дәй 
­тай 
­тәй 
­зай 
­зәй 
­лай 
­ләй 
Өзбек 
­дай 
­дәк 
­­­ 
­­­ 
 
 
 
Қарайым 
­дай 
­дәк 
­лай 
­лай 
 
 
 
Ұйғыр 
­дак 
­дәк 
­так 
­тәк 
 
 
 
Татар 
­дай 
­дәй 
­тай 
­тәй 
 
 
 
Ойрат 
­тый 
­тий 
­туй 
­түй 
­дый 
­дий 
­дуй 
­дүй 
Гагауыз 
­дан 
­дән 
­дәк 
­дәк 
 
 
 
Әрербайжан  ­­­ 
­­­ 
­так 
­таки 
 
 
 
Түрікмен 
­дек 
­дей 
­тек 
­дейн 
 
 
Қарақалпақ 
­дай 
­дей 
­тай 
­тей 
 
 
Құмық 
­дай 
­дей 
­тай 
­тей 
­лай 
­лей 
­най 
­ней 
 
Енді  қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылып  жүрген  тұрақты  теңеулердің  құрамында  кездесетін, 
мағынасы біршама түсініксіз сөздердің этимологиясына тоқталайық. 
АРАНДАЙ АШУ. Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады (Батырлар жыры). Аран. 
І.  1.  Аң  аулау  үшін  кең  әрі  терең  қазылған  ор.  2.  Ауысп.  Ауыз,  көмей,  құлқын.  ◊  Аран  ауыз  – 
далиған  үлкен  ауыз.  Араны  ашылды  –  а)  тәбеті  тартып,  тамақ  жегісі  келді;  ә)  ашқарақтанды, 
қомағайланды,  ашкөзденді.  ІІ.  Кірпіш  пен  істік  темірден  жасалған  кең  қоршау.  ІІІ.  Көкнар 
тұқымдасына  жататын  біржылдық  өсімдіктер  туысы.  Арандай  –  далиған,  үлкен,  кең.  ◊  Арандай 
аузын  ашты  –  а)  ашқарақтанды,  қомағайланды;  ә)  біреудің  затына  қызығып,  алғысы  келді, 
дәметті, қызықты.  
БОҒЖАМАДАЙ.  Боғжамадай  қолтықтап,  Қарлыға  алып  жөнелді  (Батырлар  жыры). 
Боғжама  –  қолдан  тігілген  боқша,  дорба.  Боғажам//боғжам//боғжама//боғжамай.  Ұйғырша 
боғажома  –  жасау,  түрлі  нәрселер  (төсек­орын,  т.б.).  В.В.Радлов  сөздігінде  боғча,  бокча  – 
түйіншек,  пакет;  ішіне  сәлем­сауқат  түйген  орамал;  боғу  –  түйін,  буын.  Қазақ,  қарақалпақ, 
башқұрт, өзбек сияқты тілдерде бау, боғ – байлам, егінді, пішенді баулап байлау дегенді білдіреді. 
Көне түркі тілдерінің ескерткіштерінде ба//бағ; бағла – байлау. Қазақстанның кейбір аудандарында 
жам – ыдыс­аяқ, бұйым. Сонда боғажам екі түбірден құралған түркі халқының сөзі болып шығады. 
Бірінші  сыңары  –  боғ(а)  –  қыз  жасауы  түйілетін  орамал,  байланатын  баулық,  екіншісі  –  жам  – 
дүние, мүлік, ыдыс­аяқ. Сөз ортасындағы а дыбысы туралы белгілі бір пікір айту қиынырақ. Қазақ 
тіліндегі бу, бұғау, байла тәрізді сөздер де жоғарыда көрсетілген ба­боғ – сөздерімен түбірлес болу 
керек.  
ДАҒАРАДАЙ  (үлкен).  Сол  ауылдың  басы  қазандай,  сәлдесі  дағарадай  Жақып  деген 
молласы  болыпты  (Қазақ  ертегілері).  Дағара.  І.  1.  Бір  центнердей  астық  сиятын  үлкен  қанар.  2. 
Рабайсыз үлкен, ебедейсіз. ІІ. Кір жуатын леген, шылапшын. Дағарадай – абажадай, өте үлкен.  

 
 
297 
 
ЕҢГЕЗЕРДЕЙ  (үлкен).  Етікші  есікке  қараса,  маңдайында  жарқыраған  жалғыз  көзі  бар 
бір еңгезердей дәу кіріп келе жатыр екен (Қазақ ертегілері). Жиылыс дабырап тарай бастағанда, 
омырауы  ашылған,  көк  сақалды,  еңгезердей  қара  шал  ат  үстінен  сұрау  салды  (І.Жансүгіров). 
Еңгезердей  –  алпамсадай,  соқталдай,  үлкен.  Еңгезердей  сөзі  тіліміздегі  алпамсадай,  дырдай, 
нарттай, мұнтаздай, жіптіктей сөздері тәрізді лексикаланған элементтердің бірі. Мұндағы –дей 
–  салыстыру  жұрнағы.  Сөздің  негізгі  түбірі  –  еңгезер.  Бұл  сөз,  біздіңше,  үш  элементтен  тұрады: 
ені+кез+ер.  Бұл  іспетті  сөздердің  бәрі  де  метафора  –  салыстыру  жолымен  жасалатындықтан, 
жауырыны қақпақтай, кеуделі, дене тұлғасы зор, яғни жауырынының жалпақтығы (ені, көлденеңі) 
бір  кез  (үлкен)  адамдарды  ені  кез  ер  деп  айтуы  ықтимал.  Өйткені,  бұл  сияқты  салыстыру 
формалары  қазақ  тілінде  тек  бір  сөзден  ғана  емес,  кейде  екі,  үш,  тіпті  одан  да  көп  сөздердің 
тіркесуі арқылы жасалуы мүмкін. Мысалы: құлаққа ұрған танадай, мүйізі қарағайдай, үріп ауызға 
салғандай,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  т.б.  дәл  осы  сияқты  бір  замандарда  сөз  тіркесі  түрінде 
айтылған ені кездей//ені (көлденеңі) кез ердей сөздері бара­бара өзара жымдасып, қосылып бір сөз 
тұлғасына  (еңгезер+дей)  айналған  болуы  мүмкін.  Изафеттік  формада  байланысып  тұрған  ені,  кез 
сөздерінің енгез түріне ауысуы заңды нәрсе:  н дыбысының к, г, ғ дыбыстарымен қатар келгенде ң­
ға  ауысуы  мәлім,  ал  ң­ның  әуенімен  қатаң  к  (кез­дегі)  дыбысының  ұяңданып,  г­ге  айналуы  да 
орынды. Ал бұлардың өзара жымдасып, бір­біріне ыңғайласуына қысаң і дыбысының ешбір әсері 
болмаса керек.  
ЗӘРЕДЕЙ (кішкентай). – Зәредей қиянатым жоқ, өз ажалынан өлді сиыры (Ғ.Мұстафин). 
Зәре – үрей
, қорқыныш. ◊ Зәресі зәр түбіне кетті [жетті] – үрейі ұшты, қатты қорықты. Зәресі 
[құты]  қалмады  [ұшты]  –  қатты  қорықты,  үрейі  қашты.  Зәредей  –  кішкентай,  титтей.  Зәредей 
көрді  [қорықты]  –  жақтырмады,  сескенді.  Зәредей//зәрредей.  Тілімізде  зәре//зәрре  жеке­дара 
тұрып  сирек  қолданылады.  Зәре  сөзі  кейбір  тілдерде  «кішкентай  бөлшек»,  «атом»  мағынасында 
қолданылады.  Парсыша  [зäрре]  –  атом,  молекула,  бөлшек.  Тәжікше  зарра  –  ұсақ  бөлшек;  атом, 
қиқым. Сонда зәредей деген ­ «молекуладай кішкене бөлшек» деген сөз.  
ЗІЛДЕЙ  АУЫР.  Ісінгендіктен  бе,  таяқтан  әлсірегендіктен  бе  –  денесі  зілдей  ауыр  екен 
(С.Мұқанов). Зіл. І. Бақша дақылдарын зақымдайтын ауру. ІІ. 1. Ауыр салмақ. 2. ауысп. Ашу, ыза, 
кек.  ◊  Зіл  қара  тас  –  зіл  көтерем,  ап­ауыр.  Зіл  салды  [тастады]  –  сес  қылды,  кәрін  төкті.  Зіл 
түсті [басты] – уайым­қайғы басты. Зілі қатты – діні қатты. ІІІ. Піл тұқымдасына жататын, 
ертеде жоғалып біткен, ұзын жүнді, ет тұмсықты ірі азулы жануардың бір түрі; мамонт. ◊ 
Зіл батпан – ап­ауыр, зіл көтерем. Зілдей – зіл батпан ауыр.  
ҚҰРЫМДАЙ  ҚАРА.  Жамал  жаппаға  еніп  кетіп,  құрымдай  қара  сүйреткіні  шайқап-
шайқап  жіберді  (Ғ.Мұстафин).  Құрым.  І.  Күн  қақтап,  ыс  сіңіп,  қарайған  киіз.  ІІ.  Қызыл  қоңыр 
немесе  қара  түсті  бояу.  ◊  Құрым  етік  –  құрымға  боялған  былғарыдан  тігілген  етік.  Құрымдай  – 
құрым сияқты; қызыл қоңыр, қара қошқыл. Құрым: құрым киіз, құрымдай. Л.Будаговте – құрым – 
күйе.  Башқұртша  қором  –  ыс,  күйе,  қоромлану  –  ыстану,  күйе  басу.  Сонымен,  қазақ  тіліндегі 
құрымның мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей күйе, ыс дегенге келіп ұласады. Ол қазақ тілінде 
көбінесе  киіз  сөзімен  тіркесіп  айтылады  да,  «ыс  басқан,  күйеленген  киіз»  ұғымын  береді.  Ал 
құрымдай  сөзі күйедей дегеннің синонимі ретінде  қолданылады.  Кешқұрым сөзінің құрамындағы 
құрым  да  осы  түбірге  байланысты  болу  керек.  Күйе  мен  ыс  түс  жағынан  қара  нәрселер.  Сонда, 
құрым  сөзі  кеш  сөзімен  бірігіп,  «кешкі  қараңғылық<кешкі  уақыт»  дегенді  білдіріп  кеткен  болар 
деп шамалаймыз.  
ТҮРПІДЕЙ  ЖЕУ.  Әке-шешесінің  бұл  өзара әңгімесі  Сарыбаланың жанын  түрпідей  жеді 
(Ғ.Мұстафин). Түрпі: 1. Ағаштың кедір­бүдірін тегістеуге арналған құрал. 2. ауысп. Дөрекі, оғаш. 
Түрпідей  –  түрпі 
сияқты.  ◊  Түрпідей  тиді  –  ұнамады,  жақпады.  Түрпі:  түрпідей  тию,  түрпідей 
көру.  Қазақстанның  солтүстік­шығыс  аудандарын  және  туысқан  Моңғол  Халық  Республикасын 
мекендейтін қазақтар тілінде түрпі сөзі үлкен өткір егеу мағынасында айтылады, онымен ағашты 
егейді.  Кейде  оның  өткірлігі  пышақтан  кем  болмайды.  Қазақ  әдеби  тілінде  ол  жоғары  сөз 
тіркестерінде  ғана  кездеседі.  Біздің  ойымызша,  түрпі  сөзінің  этимологиясы  егеу  зат  есіміне 
байланысты болу керек. Республикамыздың батыс, оңтүстік өлкесінде түрпі сөзі тек түрпідей тию, 
түрпідей  көру  тіркестерінің  құрамында  ғана  кездеседі.  Түрпі  онда  зат  есім  ретінде  жеке­дара 

 
 
298 
 
қолданылмайды.  Түрпі  сөзі  осы  мағынада  кейбір  түркі  тілдерінде  де  қолданылып  жүр.  Мысалы, 
әзербайжанша төрпи – егеу.  
Сонымен  тіліміздегі  тұрақты  теңеулер  құрамында  жұмсалатын  көнерген  сөздердің 
этимологиясына үңілу арқылы халқымыздың таным көкжиегінің кеңдігін бағамдаймыз. Осылайша, 
тіліміздің  сан  ғасырлық  тарихына  көз  жіберіп,  этномәдени  ерекшеліктерін  де  бағамдауға  болады 
екен.  Мұндай  бағыттағы  зерттеулер  түркітану  ғылымын  салыстырмалы  аспектіде  дамыту 
проблемасын шешуге аз да болса үлесімізді қосуға мүмкіндік бермек. 
 
Әдебиеттер 
1. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Алаш, 2005. – 511 б.  
2. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1998. 540 б. 
3. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1966. – 240 б.  
4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. Алматы: Арыс, 2007­2011. 
5. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Дайк­пресс, 2008. – 968 б.  
6. Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. Алматы: Арыс, 2007. – 480 б.  
7. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, Арыс, 2007. – 800 б.  
 
 
 
ӘОЖ 81ʼ22 
ЖАРНАМА СЕМИОТИКАСЫ 
Бекетаева Сәнді Арманқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің 2-курс студенті, Орал қ. 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., БҚМУ доценті Раманова А.А. 
 
Түйін 
Мақалада  семиотика  ғылымы  туралы  айтыла  отырып,  соның  ішіндегі  жарнама 
семиотикасына  тоқталып  кетеді.  Осы  саладағы  зерттеу  еңбектері  туралы  айтылады.  Жарнама 
семиотикасына тән негізгі ерекшеліктерді ашып көрсетуге ұмтылады. 
Кілт сөздер: жарнама семиотикасы, таңба, таңбалар жүйесі, семиотика, семантика, таңбалар 
теориясы, таңбалаушы, таңбаланушы. 
 
Аннотация 
В статье рассматривается семиотика как наука, в том числе рекламная семиотика. Говорится 
об исследованиях в этой области. Статья стремится показать особенности свойственные семиотики 
рекламы.  
Ключевые  слова:  семиотика  рекламы,  знак,  система  знаков,  семиотика,  семантика,  теория 
знаков, обозначаемые, обозначающие. 
 
Annotation 
The article deals with semiotics as a science, including advertising semiotics. Refers to research in 
this direction. Аrticle seeks to show characteristic features of semiotics of advertising. 
Keywords:  semiotics  of  advertising,  the  sign  system  of  signs,  semiotics,  semantics,  the  theory  of 
signs, referred, denoting.  
 
 
Әр  дәуірдің  өзіне  лайық  үні  бар.  Адам  баласының  бүкіл  көш  бойына  ілгері  өсіп­дамуы 
қаншалықты  тынымсыз  тарих  болса,  қазақ  тіліндегі  зерттеу  жұмыстары  да  –  тоқтаусыз  дамып, 
жаңарып  отыратын  құбылыс.  Соның  ішінде,  семиотика  ғылымы  да  танымы  шексіз,  заманауи 
маңызы зор еңбек. 

 
 
299 
 
Семиотика  (гр.  Semeion  –  белгі,  таңба)  –  таңбалық  белгілер  жүйесі  туралы  ғылым,  адамзат 
қоғамына  қызмет  ететін  салалардағы  (тіл,  мәдениет,  салт­дәстүр,  кино  т.б.),  табиғаттағы 
(жануарлар  дүниесіндегі  коммуникация)  немесе адамның  өз  қызмет­қабілетіндегі  (заттарды  көру, 
есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр 
түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. 
Осы  бағытта  тақырыпқа  сай  шет  ел  ғалымдарының  еңбегінен  сабақтастықты  іздеуіміз  керек. 
Семиотиканың негізін салушы, сонымен қатар,  семиотика терминін енгізуші –  американ ойшылы 
және  философы  Чарльз  Сандерс  Пирс  (1839­1914).  Ч.С.Пирс  өмірден  өткеннен  кейін 
жиырмасыншы  ғасырдың  30­шы  жылдары  жарық  көрген  еңбектерінде  таңбаның  анықтамасы, 
жіктелімі  (индекстер,  символдар  т.т),  жаңа  ғылымның  мақсаты,  зерттеу  нысаны  белгіленген.  Бұл 
ойлар  басқа  американ  философы  Чарльз  Уильям  Морристің  семиотика  мазмұнын,  оның 
құрылымын тереңдеп зерттеуіне жол ашты. Л. А.Новиковтың айтуынша, Ч. Морристің «Таңбалар, 
тіл  мен  мінез­құлық»  еңбектерінде  семиотика  жалпы  ғылым  ретінде  толық,  жүйелі  түрде 
сипатталады [21, 51]. 
Европада таңба туралы семиология ғылымының негізін швейцар тілшісі Ф. де Соссюр (1857­
1913)  салады.  Ф.  де  Соссюрдің  өлімінен  кейін  1916  жылы  шәкірттері  шығарған  оның  атақты 
«Жалпы  лингвистика  курсы»  атты  еңбегінде  бүгінде  көптеген  мәселелері  семантикаға  көшкен 
таңбаның  жүйелілігі,  тілдегі  қатынастар,  олардың  түрлері  кеңінен  зерделенген.  Ф.  де  Соссюрдің 
мынадай пікірін еске алайық: «Кімде­кім тілдің шын табиғатын ашқысы келсе, ең алдымен, сол тіл 
сияқты  басқа  құрылымдық  тәртіптегі  жүйелермен  не  ортақ,  соған  назар  аудару  керек»  [3,  55]. 
Кеңестік дәуірдегі тілшілер, атап айтқанда, В. Н. Топоров, Ю. М. Лотман, Б. А. Успенский, Ю. С. 
Степанов  т.т.  семиотика  терминінің  орнына  «екінші  үлгідегі  жүйе»  атауын  қолданып, 
қолданыстағы  немесе  ұлттық  тіл  бірінші  таңбалық  жүйе  деп  есептеді  де,жасанды  тілдер,  өнер 
семиотикасы,  семантикадағы  қатынас,  мифология,  символдар  т.т.  толып  жатқан  мәселелерді  тіл 
біліміне теліді. Семиологияда тіл ­  таңбалар жүйесі, ал таңба материалды және идеалды ақпаратты 
тасушы болады, яғни Ф. де Соссюр, Л. Ельмслев таңбаны екі жақты мәнге ие бірлік деп есептейді. 
Ф. де Соссюрше айтқанда, таңбаның материалды тасушы жағы таңбалаушы (signifant) деп аталады, 
идеалдық  жағы  таңбаланушы  (signifie)  болады.  Луи  Ельмслевше  айтсақ,  «таңбалаушы»  пішін 
аумағы (форма) да, «таңбаланушы» мазмұн аумағы не мағына дегенді білдіреді. Таңбалардың бір­
бірімен  қатысы,  байланысы  семиотикада  синтактикамен  терминімен  беріледі.  Міне,  осы  жерден 
келіп,  тілдік  жүйедегі  қатынастар,  оның  ішінде,  синтагматикалық,  парадигматикалық, 
эпидигматикалық  қатынастар  келіп  шығады.  Семиотика  ғылымының  басты  мақсаты  – 
таңбалардың жалпы теориясын жасау, сол  тұрғыдан келгенде, семиотика  үш қатынастан  тұратын 
түрге  бөлінеді:  синтактика,  семантика,  прагматика.  Синтактика  таңбалардың  арасындағы 
қатынасты  және  олардың  тіркесуін  зерттесе,  семантика  таңбалаушы  мен  таңбаланушының 
арасындағы  қатынасты,  ал  прагматика  таңба  мен  оны  қолданушының  арасындағы  қатынасты 
қарастырады.  Сонда  семиотика  жалпы  таңбалардың  арасындағы  қарым­қатынастың  әртүрлі 
деңгейлерімен айналысатын ғылым екенін байқаймыз. 
И. М. Кобозеваша айтқанда, семиотикада мына үш типті қатынас орын алады: 
    а) синтактикалық – таңбаның таңбаға қатынасы; 
    б) семантикалық – таңбаның десигнатқа қатынасы; 
    в) прагматикалық – таңбаның қолданушыға қатынасы» [18, 32]. 
Символдардың  аумағы  әртүрлі  қатынастарға  байланысты  ұлғайып,  семиологиядан  тіл 
көлеміне  ауысқаны  сияқты  тілдің  және  таңбалардың  ұсақ  бөлшектерге  ажырап,  мүшеленуі 
осылардың көмегімен орасан көп әрқилы деңгейдегі хабар беруден туындайды. Семиотикада бұған 
хабар  беруші  таңба  ретінде  сөздер,  прожекторлар,  жалаушалар,  бағдаршамдар,  символдар, 
қимылдар, белгілер, сигналдар т.т. жатады. 
Таңбалаушының  таңбаланушыға  мағыналық  түрде  байланыспай  сәйкестенуі  –  тілдік 
таңбаның  пішіндік  көрінісі  мен  мазмұндық  жағының  ассимметрялы  байланысы,  яғни  омонимия 
құрайды.  Ал  таңбалаушының  таңбаланушымен    бір­бірімен  сәйкестене  мағыналық  байланысуы 
полисемияны  немесе  көпмағыналылықты  тудырады.  Таңбаланушылардың  бір  деңгейде 

 
 
300 
 
таңбалаушылардан  тыс  мағыналық  сәйкестенуі  синонимия,  қарама­қарсылығы  антонимияны 
құрайды.  Байқасаңыз,  қазақ  тіл  біліміндегі  көп  мағыналы  сөз,  омоним,  синоним,  антонимдердің  
семиотиотика  ғылымына  қатысы.  Осыны  дәлелдеп  шықсам,  омонимия  –  әр  түрлі  мұқабалардағы 
жарнамалық  белгілерді  алуымызға  болады,яғни  жарнамалық  белгілердің  жалпы  жарнамаға 
қатысты болғанымен мағыналық түрде байланыспай, тек сәйкестігі; Келесі полисемия – кітап аты 
пен  ішкі  мазмұны;  Синонимияға  сусын  жарнамалары  жатады,  яғни  тұтынушыларды  қызықтыру 
мақсатында  барлық  сусын  түрлерінің  жарнамалауда  мағыналық  сәйкестігі.  Антонимия  –  темекі 
маркасындағы  сөздер,  жарнамалауында  денсаулыққа  онша  қауіпті  емес,  ал  шын  мәнінде 
денсаулыққа зиян. 
Адамның  ойлау  қызметі  мен  танымдық  қызметі  тығыз  байланыста  өмір  сүреді,  яғни  осы 
мәңгілік процесте зат, таным, ұғым, сөз, таңбалық жағдай бір­бірімен қатынасып, үлкен құрылым 
түзеді. Н. Алиференко бұны былай сипаттайды: 
а)  алдымен адамның таңбаланатын затпен реалды түрде өзара қатынасы жүреді; 
б) осының негізінде адамның қызметі үшін заттың мағынасы анықталады; 
в) танылатын нысан «танылған», «ұғынылғанға» айналып, нәтижесінде рефлекторлы қызмет 
механизмдері арқылы белгілі тілдік жағдайға ену керек» [20,22] [1­сурет]. 
 
 
 
 
          зат 
таңба 
 
 
 
 
                      ұғым 
                                                                                                          таңбалар 
жүйесі 
 
З. Д. Попова, И. А. Стернин  белгілер бірден таңбаға айналмайтынын, ол үшін олар  әртүрлі 
психотанымдық  кезеңдерден  өтетінін,  атап  айтқанда,  Л.  И.  Ибраевтің  жеті  басқыш  жолын 
мақұлдайды. « Белгіден таңбаға дейін жеті басқыш апарады:  
         а) биологиялық белгілер (адам, мақұлық рефлекстері); 
         б) сезім симптомдары, белгілері
          в) әртүрлі сигналдар (жануарларда шығаратын дыбыстары); 
          г) әр алуан қимыл көріністері; 
          д) жалған сигналдар (жест) көрінісі; 
          е) ірі таңбалар (графикалық, айқын, анық, анық хабар беру суреттері); 
          ж) тіл, сөз, оның құрамдас бөлшектері. Бұндағы таңбалар не қажет болады, соны белгілеуге 
мүмкіндік береді» [24, 168]. 
Менің  тақырыбыма  сай  жарнамалық  семиотикаға  е)  ірі  таңбалар  (графикалық,  айқын,  анық, 
анық  хабар  беру  суреттері)  және    ж)  тіл,  сөз,  оның  құрамдас  бөлшектері  пунктері  жатады.  Ф.де 
Соссюр  айтпақшы  тілдік  таңбаның  екі  жағы  бар:  таңбалаушы  (акустикалық  бейне),  сосын 
таңбаланушы  (сөз  мағынасы)  бар  және  таңба  мида,  адам  санасында  болады,  сол  себепті  таңба 
қолданысқа шығуына, таңбалануға, байланысқа түсуіне ерікті күйде болады деп есептейді. Осыған 
байланысты мен  өзімнің  жаңа  таңбаларымды  ұсынамын,  шын  мәнінде,  кез  келген  заттың  ойдағы 
бейнесі таңбада оның көшірмесі не суреті болып қалады. 
 
Әдебиеттер 
1. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Ғылым, 1971. 
2.  Циртаутас И. Қазақ тілінде еркелету және іззет мағынасын білдіретін сөздер // Қазақ ССР 
Ғылым Академиясының Хабарлары. Алматы: Ғылым, 1972, Б. 75­80. 
АДАМ 

 
 
301 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗООНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Забидуллаева Жұлдыз Маратқызы, Сүлейман Демирел атындағы университет 
 
Түйін  
Мақалада  түркі  тілдеріндегі  зоонимдердің  этимологиясын  ашу  мәселелері  қарастырылады. 
Автор  қазақ  тіліндегі  зоонимдердің  жасалу  тәсілдерін  анықтап,  олардың  қатысуымен  жасалған 
фразеологизмдердің мағынасын түсіндіруге талаптанған.  
Кілт  сөздер:  зооним,  зоонимика,  фразеологизм,  зооморфты  тұрақты  тіркестер,  түркітану, 
этимология, көнерген сөздер, семантика, таным.  
 
Аннотация 
Статья  посвящена  вопросам  изучения  этимологии  зоонимов  в  тюркских  языках. 
Определены  морфологические способы образования зоонимов в казахском языке. Также автором 
рассматриваются семантические особенности зооморфных фразеологизмов.  
 
 
Түркі  тіл  білімінде жан­жақты  зерттеуді қажет  ететін  ономастиканың  күрделі  бір  саласы – 
зоонимика. Зоонимика – ономастиканың аң, мал, құс атауларын зерттейтін бөлімі.   
Жалпы  тіл  білімінде  ономастика  саласы  жан­жақты  зерттеліп  жатқанымен,  зоонимдерге  аз 
мөлшерде  көңіл  бөлінген.  Осы  бағытта  қазақ  тіл  білімінде  академик  Ә.  Т.  Қайдардың  «Қазақтар 
ана  тілі  әлемінде»  атты  3­томдық  этнолингвистикалық  зерттеу  еңбегі  («Адам»,  «Қоғам», 
«Табиғат»)  мен  бірнеше  тілші  ғалымдардың  мақалалары    жарық  көрді.  Мысалы,  «Қазақ  тіліндегі 
кейбір  зоонимдердің  этимологиясы  туралы»  мақаласында  Нұргелді  Уәлиұлы  бүркіт,  кезқұйрық, 
құрқылтай  тәрізді  құстардың;  шегіртке,  кесіртке  деген  жәндіктердің;  сайғақ,  мүйізтұмсық, 
қолтырауын  тәрізді  хайуанаттар  атауларының  төркініне  зер  салады.  Қ.  С.  Қалыбаева  «Түркі 
тілдеріндегі  зоонимдік  фразеологизмдер»  атты  мақаласында  түркі  тілдеріндегі  мал  атауларының 
қатысуымен жасалған фразеологизмдерді өзара салыстыра келіп, олардың ортақ түрлері сақталып 
қалғанымен,  арасындағы  айырмашылықтар  да  аз  еместігін  айтады.  Ф.  А.  Қақжанова,  Ж.  М. 
Омашевалардың    «Қазақ  тіліндегі  зоонимдері  бар  мақал­мәтелдердің  құрылымдық­семантикалық 
ерекшеліктері» атты  мақаласында құрамында зоонимдер кездесетін мақал­мәтелдердің құрылымы 
мен  семантикалық  белгілері  қарастырылған.  Зерттеу  материалын  талдаудың  негізінде  мақал­
мәтелдердің жалғаулықсыз және құрмалас сөйлемдер арқылы жасалатыны анықталғаны айтылады. 
«Зоонимдердің  ономастикада  алатын  орны»  атты  мақаласында  Г.  Т.  Кәріпжанова:  «Қазақ  тіл 
білімінде зоонимдер зерттеуді қажет ететін ономастиканың бір саласы болып отыр. Зоонимдердің 
атаулары,  типтері,  тақырыптық  және  сөзжасамдық  сипаты,  фразеологизмдер,  мақал­мәтел 
құрамында жұмсалуы, аталымдардың тілдік сипаты зерттеу нысанына алынуы тиіс мәселе» [1,56] 
деп  атап  көрсетеді.  Жануарлар  мен  аң­құстар  атаулары  Исенова  Фатима  Куанышевнаның 
«Зоонимы  русского  и  казахского  языков»,  Линко  Татьяна  Вениаминовнаның  «Зоонимы  в 
казахском  и  русском  языках»  деген  тақырыптарға  жазылған  диссертацияларында  жан­жақты  әрі 
жүйелі  түрде  сөз  болады.  Сонымен  қатар,  татар  тіл  білімінде  Садыкова  Зифа  Рашитовнаның 
«Зоонимическая  лексика  татарского  языка»  атты  құнды  еңбегі  жарық  көрді.  Бұл  еңбегінде 
авторзоонимдерді  үй  жануарлары,  жыртқыш  аңдар,  үй  құстары  мен  жыртқыш  құстар,  жәндіктер, 
балықтар  деп,  жеке­жеке  топтастырып,  басқа  туыстас  тілдердің  деректерімен  салыстырып, 
сөздердің этимологиясын толықтай ашуға тырысқан.  
Біз мақаламызда қазақ тіліндегі зоонимдердің бірқатарына тоқталып, ол атаулардың құрамы 
мен  семантикасына,  яки  шығу  тегіне  барлау  жасауды  мақсат  еттік.  Сонымен,  алдын  ала 

 
 
302 
 
жүргізілген  талдау  нәтижесінде,  қазақ  тіліндегі  зоонимдерді  жасалу  тәсілдері  бойынша  былайша 
топтастырдық: 
1.  –ан  формасы  арқылы  жасалған  атаулар:  арлан,  тарлан,  құлан,  жылан,  қабан,  қабылан, 
қоян, құнан, қабылан, қыран, тышқан т.б.  
2.  -ын/-ен формасы арқылы жасалған атаулар: ақбөкен, құлын, күзен, інген, лашын, тұйғын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет