Мазмұны бет Кіріспе


Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару туралы идеяларының бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі



бет14/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
annotation77795

2.4 Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару туралы идеяларының бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі

Қай уақытта да адам бойындағы ізгілік, адамшылық, адамгершілік қадір-қасиет назардан тыс қалмаған. Жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, ізгілікті қасиетті бойына дарытқан жеке тұлғаны тәрбиелеу − бүгін де ең өзекті мәселе.Республикамызда жеке тұлғаны тәрбиелеуде адамның ішкі жан-дүниесін, рухани әлемін дамыту, жетілдіру бағытында үлкен ізденістер қолға алынуда. Мұндағы басты қағида − адамның кісілік келбеті, ізгілігі, адам деген атқа лайық бола білуі, ұлттық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыру. Тәрбиені ізгілендірудегі мақсат − ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы мәдени дағдыларды игеру, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.


Сондықтан, бүгінгі педагогикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, адам бойындағы ізгілікті қасиет пен ізгі әрекет арқылы, әсіресе, бүгінгі күнгі адам тәрбиесінің мәнділігіне келіп ұштасуда. Ендеше,бұл тараудағы мақсат: Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару туралы идеяларының бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі туралы болмақ.
Қашан да болмасын, өзің тәрбиелі болмай, маңайыңдағыларға жақсы тәрбие дарыту мүмкін емес. Олай болса, қайырымды да әділетті қоғамда жеке тұлғаны тәрбиелеуде адамның ішкі жан-дүниесін, рухани әлемін жетілдіру бағытында тәрбие мен имандылық талаптары да қоса жүргізілмек. Мұндай мақсаттың пәрменділігі көп жағдайларда, сол әділетті қоғамнан тарайтын, әділетті заңдар мен адамның бір-біріне деген ізгі қарым- қатынасына тікелей байланысты болмақ. Әйтсе де, бұл мәселе келешек ұрпақ тәрбиесін белгілі адамдарға ғана жүктеумен шешілмейді, ол үшін көптеген тәрбие әдістері мен тәсілдерді жаңаша көзқарастармен байытып, ғылыми жүйеленген түрлерін жиі пайдалануды өмірге батыл түрде енгізген жөн. Бұл мәселенің түйіні келешек ұрпақ тәрбиесіне қатысты жандардың мейірімділігі мен сергектіктеріне де байланысты. Өйткені, адам өмірін түзетерлік әділет, ынсап, қанағат сияқты адамның рухани ізгі қасиеті дамымайынша, қоғамда өркендеу болмайды. Рухани адамгершілігі мол, талғамы биік, жаңа заман адамын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің негізі ұлттық құндылықтар мен ұлы мұраларымызды зерделей білудің мәні зор.
Осы орайда, ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен, қазақ даласынан шыққан ойшыл Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасының. бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тәрбиелеудегі құндылығы арта түспек.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі − адамдық тәрбие, ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастары арқылы қалыптасады десек, адaмдapдың бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы жақсы - жаман қасиет туралы Жүсіп Баласағұнның атақты "Құтты бiлiк" дастанында кеңiнен баяндалған. Ұлы ойшыл бұл шығармасында жоғары мұратты, әділетті қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мiнез-құлқы, әр түрлi қоғамдық дәрежедегi басқарушының мiндеттерi мен қызметтерiн белгiлеп бердi. Сонымен бiрге :
«Жақсылықтың – құлы, азат адам да,
Жақсылық қып, баста түзу қадамға.


Адамдыққа сен де жаса адамдық,
Кісіліктің жолы солай қаланбақ! − дей отырып, [21,274б]
ұрпақты адамдық, кісілік, ілтипаттық, кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерге баулуға аса зор мән бергенiн көруге болады. Демек, бұдан Жүсіп Баласағұнның адам бойындағы қайырымдылық, әділеттілік, шыншылдық, парасаттылық, ізгілік қасиеттерді жоғары бағалайтынына көз жеткізуге болады. Мейiрiмдi, көпшiл, кешірімдi болып, тәкaппарлық пен тойымсыздық, ашкөздік сияқты жаман әдеттен бойды аулақ ұстап, жақсылық жасаудан аянбау жөнiнде жастарға үлгі-өсиет айтады. Адам түзелсе, қоғам мен өмір түзеледі деп тұжырымдайды.
Сондай-ақ, адам жаратылысы мен табиғаты, оның қоғамдағы орнымен қатар, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасынан қазақ елінің жаратылысына тән сипаттардың куәгері боламыз. Ұлтымыздың салт- дәстүріндегі үлгі- өнеге, асыл қасиеттеріміз: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, барға қанағат етушілік, жомарттық пен қонақжайлылық, мейірімді болу, қайырымдылық жасау сияқты көптеген адамгершілік, ізгілік, өнеге-сипаттар жайлы көзқарасы педагогика тарихын байытып қана қоймайды, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру үрдісінде зор мәні барлығына куә боламыз. Өмір, мораль, әдеп-иман тақырыптарын жырлаған тарауларда ел басқару мәселесінде әділетті болу, білімді болу, өмір сүру салты әрі жеке адам, оның мінез-құлқы туралы айтылған ой -маржандарының астарындағы қоғамдық өмірдің маңызды құбылыстары жайлы қағидалары ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды: Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасының өзегі: ізгілікте, кісілкте екенін көреміз. Ақ жүректі, жүрегіне ізгілік ұялаған жан ешкімге қиянат жасамайды. Ондай адам әділеттің ақ жолынан айнымайды деген ой түйінделе келе, «Құтты білік» дастанында иманды көркейтетін ізгі қасиеттер мадақталып, ізгіліктен алыстататын, ізгі қасиеттерге қарама-қарсы кеселдер сыналады .Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет