Мазмұны бет Кіріспе



бет13/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
annotation77795

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
дегені дәл бүгінгі күн жастарына да қатысы бар сияқты. Осындай көптеген өлеңдерінде Абай қазақ халқының ауыр тұрмысын және білуге ұмтылмайтын, көрсеқызарлыққа, дүниеге бой алдырған надандықты көре білді. Ол тек тән қажеттігін ойлайтын рухани қажеттілікті ойламайтындарға, сондай-ақ еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді алдап, екінші біреуді арбап күнін көрушілерге, жағымпаздықпен өзінен ірілерден пайда табуды көздейтіндерге мейілінше қарсы болды.
Абай ақылы саяз, бейшара жастардың арам ниеттерін көргенде жаны ашып, налиды. Ол: - «Мұндай жастар ақымақтық мінезді түзе, білім ал деген адамнан қашады. Оларша білімсіздік, ойсыздық ұят емес. Өсек тасу, біреуді сыртынан жамандау, жауығу, тас ату, орынсыз көпіріп мақтану – міне, олардың кәсібі» - дейді. Абайдың түсінігінде адамның ең асыл қасиеттері – ерлік, табандылық, әділеттік, шыншылдық, ақылдылық, ойшылдық. Ал бұл қасиеттің түп тамыры – ешкімге залалын тигізбей, халыққа қызмет ету, қорқыныш атаулының білмейтін, ер жүрек, батыл болу, қалай болса да үлкен мақсұт жолы үшін күресу. Абайша: Ел билеу – үлкен өнер.
Тексіздіктен, надандықтан құтқарудың ең тиімді жолы – білім деп білді. Абай өзінің Тағы да отыз сегізінші қара сөзінде былай дейді: «Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады». Әміршінің, айналасы сарай маңының өсек-аяңы мен күншілдігіне толы болғанымен, қоғамдық келісім негізінде туған демократиялық мұраттардың жүзеге асуы сөзсіз көрініп отырды. Қоғамдық қатынастардың жүйелі құрылымында әр адамның құлқы мен бейімділігіне қарай олардың өз орындары бар екендігі «Құтты білік» дастанында:
Зерек жанның не дегенін естігін,
Білген бектің түрлі кейіп кеспірін:


Көкірек бектер, кекірейген мардымсып,
Қадыры кетер, алып жұрттың қарғысын


Көкірек кісі көкке ұша алмайды,
Кішік көңіл еншісінен қалмайды[21, 258].
деген мәнді сөздерінде жалғасын табады. Жиырма екінші қара сөзінде: «Сатып алған,жалынып,бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ»[106,46]
Аллатану, адамтану мәселелерінде екі ақында да тамаша ойлардың ортақтастығы анық байқалады.Құран іліміндегі Алланы сүю, адамды сүю жайындағы таныммен Абай мен Баласағұн ойларында бірлестік пен жалғастық бар. Жүсіп Баласағұн адам өміріндегі ізгілік ілімінің қоғам үшін қажеттілігін дәйектейтін ұлы ғұлама ойлары: «Егер адамда жақсы қасиет болмаса, онда оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген сөздерi Ұлы Абайдың мына ойлары мен ортақ ой туындайды
Қорыта айтқанда, ұлы ойшыл Абай мұрасы− ұлттық рухани болмысымыздың алтын діңгегі.
Қазақ даласында педагогикалық мұраның негізін салушы Ұлы ағартушы – педагог Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасы болмасын, ізгілікке, білімділікке үгіттейтін тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Шын мағынасында адам жеке тұлға болып тумайды, ол өзінің сана-сезімі, қоғамға қарым-қатынасы, іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы дамып жетіле келе жеке тұлғаға айналады.Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық - көзқарастарының бір көрінісі – жастарды ізгі қасиеттерге баулып, жаман істерден бойын аулақтау. Оның шығармалаы оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, әділеттілікке, мейірімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке, талаптылыққа шақырады. Ол өзінің «Кел, балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар» деген өлеңдерінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге, сана-сезімі жоғары, инабатты, өнегелі болуды насихаттайды. Бұндай қасиеттің бәрі адамға білім арқылы келетінін, оқыған адам өмір сүруде еңбекпен табысқа жететінін меңзейді. Ол өз шығармаларында жасөспірімдерді адамгершілік қасиетке баулып отыратын екі үлкен күш –ата-ана екенін дұрыс түсіндіріп, педагогикалық нақылдарының негізгі арқауы етті. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе, еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ыбырай осы іспеттес әңгімелерінде еңбек процесінің адам сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. Ол еңбек адамының өмір жөніндегі көзқарасын кеңейтіп, оның жақсы қасиеттерін: кішіпейілділік, зеректік, әдептілік, жинақтылық, жомарттық, ұйымшылдық т. б. қасиеттердің қалыптасуына әсерін тигізетін осындай жасампаздық сезімдерді балаға кішкентайынан бастап ұғындыра білудің қажеттігін байқатады.
Сонымен, Ыбырай Алтынсаринның көтерген педагогикалық психологияның маңызды мәселелері Жүсіп Баласағұн мұрасымен үндес бүгінгі күн талабына сай және жас ұрпаққа сарқылмас мол мұра боларлық үлкен мирас. Оның баға жетпес асыл қазыналары ұлттық педагогика ғылымының үміт күттірерлік басты тармағы – педагогикалық психология ғылымының алтын қорына қосылған елеулі үлес болып табылады. [107]
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларының маңызы ерекше екенін көреміз Ыбырай адамды тәрбиелеудің құралы еңбек деп білді. Еңбек ету, іс-әрекет қылу, ішкі (психикалық), сыртқы (физикалық) сана арқылы реттелетін белсенділік екенін танытты. Сондықтан Ыбырай өз шығармаларында («Қыпшақ Сейітқұл», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Ағаш үй мен киіз үй», «Талаптың пайдасы», «Бір уыс мақта» т. т.) қазақ балаларын тумысынан зерек, еңбекқор ретінде бейнелейді әрі өз әңгімелерінде ол адам бойындағы қалыптасқан ізгілік қасиеттің негізгі кішіпейілділіктен, мейірімділіктен, адамға деген адалдықтан жақсы көруден қалыптасатынын айтады. Мысалы: «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», т.б әңгімелерінде қайырымдылыққа, еңбектенуге ерінбеуге, жалқаулықтан аулақ болып, ізгі әрекет жасауға шақырады. Баласағұн педагогикалық мұрасында қоғамдағы әділеттілік адам бойындағы ізгілік қасиетте деп білді. Бұл көзқарас күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Осыны Баласағұн ойымен салыстырып көрейік:
Тұрайын да дүниені шарлайын,
Опалы жан кезіге ме барлайын.


Кісі сирек, жеткізе ме тілегім.
Іздеп тапсам бір көрейін, реңін.


Бәрін таптым тек кісілік таппадым.
Кездессе егер жүзін көру баққаным. [21;617б]
Бұл жерде билікті күшейту мақсат емес, адам бойындағы ізгілікті қасиетті дарытып, дамыту қозғалады. «Құтадғу біліктің» осы бір келтірілген жолдарын ағартушылық идеялардың ең тамаша үлгілері демеске болмайды. Әсіресе, ХІХ ғасырдағы Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев сияқты қазақ ағартушыларының пікірлерін Жүсіп Баласағұнмен сабақтастыратын да осындай жолдар сияқты. Баласағұн да заманында надандық пен тоғышарлыққа оқу, білім, өнерді қарсы қойды.
Шәкәрім шығармалары −Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі талас тудырмайтын шындық. Халықтың ой-санасын рухани жетілдіру мақсатында Шәкәрімдей ірі тұлғалардың туындыларының берері мол.
Ал Шәкәрімде бұл ойлар жемісі былай өрбиді: «Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет.Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды.Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ.Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Қоғамдағы жеке адамның қалыптасуы, туралы Шәкәрім үшін еріншектікғ надандық кеселдер дейді. Ақын ұстанған басты бағыт адамдық қасиет. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі ретінде Ұлы ұстаз ұлағатын қадір тұтып, өнегесін өмір қағидасына айналдырған Шәкәрім поэзиясында ізгілік те тереңдікті танытады. Ар мен ақыл, еңбек , білім, адалдық, рахым, әдеп – адамның жан әлемін марқайтатаын адамның рухани дүниесіндегі келісімдікті қуаттайды. Сонымен қатар адам болмасындағы рухани жұтаңдықты, надандықты да келісітіре жеріне жеткізіп суреттейді. Шәкәрім де ізгілік жастар бойынан табылса дейді. Данышпан ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Адамдық борышың» атты өлеңінде былай дейді:
Адамдық борышың–
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң–
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің![108,17б] Деп еліне адал қызмет етуді адам баласының парызы деп санайды. Ш.Құдайбердиев ізгілік пен мейірбандылықты адам болмысының негізі деп білді.Ол адамның қалыптасуы үшін еңбек, ақыл мейірмандық, ұстамдылық, байқампаздық керектігін, ар-ұятты бар, қайырымды, ұстамды адам қоғамның кез-келген кезеңінде өзінің лайықты орын алатынын атап көрсетті. Шәкәрім. Құдайбердіұлы философ ретінде қоғамдық ойларға баға жетпес үлес қосты, өз өлеңдерінде адамның: ақыл-ой, ар-ұждан, мақсатты әрекеттер т.б. салаларын жырға қосты. Оның айтуынша, адам жақсы табыстарды және қиыншылықтарды кездестіреді, жақсысын қабылдап, жаманын алып тастайды. Шәкәрімнің «Үш анығында» сөз болатын басты мәселе – ілімнің негізі болып табылатын: ынсап, әділет, мейірім тәрізді қасиеттер. Оның «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім үшеуі қосылып, ұждан деген ұғым шығады. Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде оларға қатарыңнан қалма, өсек, өтірік, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім ал, талаптанып талпын, бойындағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адал мен арсыздың ара жігін былай ашып көрсетеді:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды,

Адал дос – таза еңбекпен күнін көріп,


Адал дос – таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді.


Бұған илана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тараздай алмайды... Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қайрата алмайды», - деген ой толғамы бүгіндегі халқымыздың рухани жағынан жаңару талабымен үндес келеді[108,28].
Бүгінгі күні көріп отырғанымыздай, адамдардың адамшылығы, кісілігі, парасаттылығы, имандылығы ойлантады. Оған дәлел адамның пендешілігі басым болып бара жатыр. Бұл ұлтымызға, мемлекетке үлкен қауіп төндіреді.
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты босла, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.[109,98б]
Тәрбиедегі мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты,адамзат дүниесі бақытты.Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.[109,99б]
Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп отырады.Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой һәм іс ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп отырады.Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой һәм іс ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе. Жүсіпбек Аймауытов, өзінің мақаласында ізгілкті басқару мәселесі туралыайтылған ой назар аударады.[110]
«Бастыққа керекті басты қасиеттер мыналар болу керек: күшті қайрат, кейде үздік жетілген қайрат,өз бетімен ойлау , өздігімен істей білу, кейде кенеттен ұшыраған жұмыста тез жол тауып, айла құрып, шығыс табу.Оның үстіне өз қызметін шын сүю керек. Мұндай сана болмаса, өзге қасиеттері қандай күшті болса да жарытпайды.Қызметін сүю жан тәннің барлық күшін дәуірлетіп, шабыттандырады, қыздырады, ерлікке, батырлыққа айдайды.
Тәуекелшіл, ер, батыл кейіпкерді қайда көрсең де, ол – ұйым жасаушы, ол – үгітші, ол – басшы, ол – көсем, әлеумет тұрмысы оларсыз мүмкін емес, олар - әлеуметтің жаны» - деген Аймауытов сөздерінен ел билейтін адамдардың яғни «тұлғалардың» қандай болуы керектігін көреміз. Бұл құнды пікірдің негізі ұлттық педагогикада жатыр деп түсінеміз.
Қай дәуір, қай қоғам болмасын, елдік мәселелерді шешуде ел басқарған тұлғаларға, басшыларға қояр талап өте жоғары болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет