Шығыс ұлы – Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар ұрпағы.
Тақырыптың түйінді мәселесі жазылған бұл көрнекілікті басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, сұрақтар қоя отырып, өзінше мазмұндату жұмыстарын жүргізу.
Өз беттермен оқуға, ойлана отырып, іштей оқуға жағдай жасау. Бұл жұмыста оқушы көрнекіліктегі дараланып көрсетілген тақырыптың түйінді дәнін хаттан тауып, белгілеп отырады.
Қайталап, дауыстап оқыту. Оқу барысында негізгі мәселелерге тоқтап, мазмұндай отыру, түсіндіру, сұрақ-жауап тәсілін пайдалану.
Оқушы қалауы бойынша өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуға ұсыну.
Сұрақтар мен тапсырмалар: Хат кімдерге арналған?
«Дәу қараның» ерлігі туралы не жазылған?
Оны неге «Шығыс ұлы» дейді жауынгерлер?
Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?
«Елім-ай» әнінің мәні неде? Хат иесі жауынгерлерді сол әнді айтуға неге шақырады?
Хатта жауынгерлер басынан кешірген ауыр күндер не айтылған?
Досыңа қандай талап қояды?
«Жаман солдат болуға құқығымыз жоқ!» - дейді. Осы сөздің мағынасын түсіндір.
Хатта қазақтың қандай қасиетті ұлдарының аты аталған? Хат иесі олардың есімін неге келтірген?
«Өлімнен ұят күшті» деген халық мақалы арқылы хат иесі не айтпақшы болған?
«Мықты бол, Шығыс ұлы» дейді, осы сөздің мәнін түсіндір.