Мұғалім әңгімесі, түсінігі мына мәселелерді қамтуы керек: Баубек Бұлқышев туралы әңгімелеу, оның жалынды секесөз шебері, патриот болғандығын айту. Оның жазушы Мұқан Иманжановпен ерекше достығын үлгі ету. Соғыстағы ерлігіне тоқталу. Басқа да шығармаларына қысқаша шолу жасау. Бұл кіріспе әңгімеде оқушыларды қызықтыру үшін, фотосуреттер (Баубек туралы), фактілер, қосымша материалдарды пайдаланудың тиімділігі зор.
«Шығыс ұлына хаттың» жанрлық ерекшелігін еске алып, әрі мұндай шығармалардың балаларға бірінші рет беріліп отыруы себепті, әдеби-теориялық ұғым беру;
Пікірлесу, әңгімелесу әдісі арқылы оқушыларды хаттың негізгі идеясы, ойына үңілдіру.
Әңгімелесу сұрақтары:
Қалай ойлайсыңдар, Баубек хатының маңызы, мәні неде? Не айтпақшы болды?
Айтар ойын, мақсатын неге хат арқылы берген? Неге оы жанрды таңдап алған?
Хатты қандай қандай көңіл-күймен жазған? Оның хат идеясын ашуда маңызы, рөлі барма?
Хат арқылы Баубекке мінездеме бер.
Хаттың көркем тіліне, стиліне, тәрбиелік мәніне тоқталу.
Пікірлесу сұрақтары мен кітаппен жұмыс:
Хат сырласу ретінде, арнау ретінде жазылғанын байқап отырсыздар. Осы көркемдік тәсілді автор не себепті, қандай артықшылығына бола таңдаған?
Хаттан көтеріңкі леппен шақыру, үндеу мәнінде жазылған жалынды сөздерді табу, олардың пайдалану орнын, ондағы стильдік маңызын дәлелдеу.
Халық мақал-мәтелдерін тауып, олардың хаттағы маңызын, пайдалану мақсаты туралы пікір айту.
Жауынгерлер ерлігі, патриотизмі, серті, болашаққа сенімі қандай сөздер арқылы берген (үзіндіні келтір).
Баубек бейнесін ашатын, хат иесінің кім екенін танытатын сөздерді, ойларды тап.
Лепті сөйлемдерді тауып, оның маңызына, хат идеясын ашудағы орнына тоқтал.
Патриотизмге, оптимизмге толы хат жолдарына үңіл. Хат иесіне романтик деп айтуға бола ма? Болса, оны дәлелде.
Хаттарды оқытқанда оқушылардың көңілі, сезімге әсер ету назарға алынады. Осы хат олардың Отан сүйгіштік сезіміне, қазақ жауынгерлерінің ерлігін мақтан ету сезіміне, батырлық, ерлікті мұрат етулеріне, хат иесіне деген құрмет сезімдеріне әсер етеді.
Хатты талқылау алдыңда соғыс кезіндегі әндерді тыңдау немесе соғыс туралы фильмдерден қасқаша үзінділер көрсетудің маңызы ерекше (мысалы, «Жеңіс парады» немесе «Төлеген Тоқтаров» фильмдерінен үзінді, т.б.).
Бір-біріне хат жаздыру, ерлік, батырлық туралы, не сол Баубек Бұлқышев жайында немесе осы хаттан алған әсері туралы сырласу, арнау хаттарын жазғызуға болады. Өздеріңе ұнаған жерлерін жатқа айтқыза білу де тиімді әдіс. Публицистикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, С. Торайғыровтың, М. Дулатовтың, т.б. ақын-жазушылардың маңызды проблемаларды көтерген мақалалары мен хаттарын сыныпта, сыныптан тыс уақытта оқудың маңызы зор. Хаттарды көбіне сыныптан тыс уақытта белгілі бір мақсатты көздей оқыту керек. Мысалы, Ш. Уәлихановтың Ф. Достаевскиймен жазыққан хаттарын бергенде, мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:
Ш. Уәлихановтың саяси көзқарасын саралау.
Демократиялық, ағартушылық бағыттағы іс-әрекеттеріне назар аударту.
Гуманизмі, адамгершілік тұлғасы, зиялығын сараптау.
Оқушыларды тезис-жоспар, жауаптарының тезистерін жасауға үзінді, дәйектеме ала отырып, оны жауаптарына тиімді пайдалана білуге баулу. Оны мынадай кестелік тапсырмалар түрінде орындатуға болады:
Ескерту: Басқа да мінездемелеріне қатысты осындай жұмыстар жүргізуге болады. Шоқанның «Сот реформасы» туралы мақаласын оқытқанда мынадай әдіс-тәсілдер тиімді болмақ:
Мазмұнына қарай тақырыпшаларға бөлу (кейде абзац арқылы жүзеге асыруға болады).
Мына үлгіде тезис-аннотация жаздыру
Тезис
Аннотация
Экономикалық, әлеуметтік реформаның қажеттігі
«Әрбір адам, адамазат баласы, түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс – дегеніміздің өзі - осы. Реформа да сол үшін керек.
Жауаптарының тезистерін жасаттыру.
Ең басты, мәнді мәселелерін бөліп ала білу, тұжырымдап айта білу, жауабының ішінде дәйектемелеп, үзінділер келтіріп отыру.
Негізгі мәселелерге орай, тұжырымды, мәнді сұрақтар ойластыру.
Баяндама, лекция, реферат, т.б. жасау семинар өткізу (яғни мақаланың ең басты проблемалар айналысында). Мысалы, «Шоқан – тұңғыш заңгер» немесе «Шоқанның заң туралы демократиялық, гуманистік, ағартушылық көзқарасы», т.б. тақырыптарда.
Хаттарды оқыту ерекшелігі – олардың әрқайсысында жазылып отырған уақытында сай белгілі проблемалардың көтерілуі. Сондықтан мұғалім сол ең басты мәселелерге назар аударып, оқушы санасына жеткізуді ойластыру керк. Оқушыларды да хаттар жазуға баулып, шығармашылықы қабілеттерін дамытуға талаптандырудың еш артығы жоқ.