Алакөл ойысының геоморфологиялық құрылысы.
Алакөл ойысының қазіргі жер бедері ішкі эндогендік және сыртқы экзогендік күштердің өзара үйлесімді әрекетінің нәтижесінде түзілген. Ішкі күштер әртүрлі неотектоникалық құрылымдарды түзді. Ішкі күштердің әсерінен тік беткейлі Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауларын бір-бірінен бөліп тұрған, жер қыртысының төмен түсіп іргетасының мантияға батуынан кең көлемді криптодепрессия түзілді.
Н.Н. Костенконың (1940ж), З.А. Сваричевскийдің (1952ж) және Я.В. Курдюковтың (1954ж) пікіріне сай Балқаш-Алакөл ойыстары плиоценнің соңы мен төрттік дәуірдің басында қуатты тау түзілу қозғалыстарына ұшырады. Нәтижесінде басты ографиялық бірліктер солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық-Майлы, баысында Жетісу Алатауы қайта жаңғырып Орта биік және биік қатпарлы- жақпарлы тау жүйелері түзілді.[7.8]
Егер эндогендік күштер ірі тау жүйелерін қалыптастырса, сыртқы күщтер оларды аласартып тегістеп бұзушы қызметін атқарады.
Сондықтан Алакөл ойысының жер бедерін қалыптастыруда сыртқы күштер ішкі күштермен бірдей деңгейде роль атқарады. Тау беткейлеріндегі тік беткейлі тар шатқалды өзен аңғарлары мен жайылмалары көл жағалауындағы абразиялық аккумулятивтік үрдістер сыртқы күштердің әсерінен түзілген.
Екінші жағынан ішкі күштердің әсерінен түзілген жер бедерінің тегістелуіне үгілу үрдісі қатты әсер етіп, үгілу өнімдері кесек және борпылдақ тау жыныстары тау аралық ойыстар мен аңғарларға шөгеді. Олардың қатарына төмендегі өнімдерді жатқызуға болады:
Кесек қорымтастардың жиналуы;
Қорымтастардың құландылары;
Жылысу үрдістерінің жинақталуы;
Солифлюкциялық өнімдердің жиынтағы;
Корозия дефляция үрдісінің өнімдерінің жиынтығы.
Ойыстың орталық бөлігіндегі Алакөл мен оңтүстігіндегі Жалаңашкөлдің бір-бірімен көршілес жатуы жазықтың көл маңында ерекше геоморфиялық сыртқы үрдістердің қатар әрекеттесуінің нәтижесінде ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде түзілді.
Жер бедерінің геоморфологиялық типтерін бір-бірінен айқын ажыратылатын екі үлкен генетикалық топқа бөлуге болады. Олар жалпы морфологиялық пішініне ішкі және сыртқы күштердің бірінің басым болуымен де ерекшеленеді. ( З.А. Сваричевская. Геоморфология Казахстана и Средней Азии -Алма-Ата: Наука 1965 125-127 стр. К.В. Курдюков Возраст Джунгарского разлома –изв А.И. СССР сер. Геол. №6 1954 34-36 стр)
Алакөл ойысының жер бедерінің геоморфологиялық типтерін шығу тегіне қарай топтастыру (Жандаев бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |