Алакөл қорығы
Алматы облысы Алакөл ауданының аймағында орналасқан. 1998 жылы құрылған ең жас қорық . Көлемі 73,3 мың га. Қорық солтустігінде Тарбағатай ,шығысында Барлық пен Майлы , оңтүстігінде Жоңғар тау жоталарымен қоршалған . Батыста Бақаш көлі ойысымен шектелсе , оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көлді бөлігін суы тұщы Сасықкөл , ащылау келген Ұялы және ащы сулы Алакөл алып жатыр.
Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе , қыс айларында Сайқан және Ебі атты күшті желдер үзбей соғып тұрады.
Өсімдік жамылғысы:Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері сары дүңгіршек , атқы жапырақ , су тұңғиығы . Қорықта өсімдіктердің 270 түрі кездеседі, олар 42 тұқымдасқа жатады. Солардың ішінде 107 түрі ерекше қорғауды қажет етеді .
Жануарлар дүниесі:Жануарлардың 290 түрі мекендейді. Мұнда сүт қоректілердің 28 түрі кездеседі.Олар : қабан , елік , түлкі , қасқыр.Олардың 21 түрі ерекше қорғауды қажет етеді .
Құстары :180 түрі тіркелген. Олардың 98 түрі ерекше қорғалады. ларды сулы-батпақты , су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады ,әсіресе, шағалалар , бірқазандар , тырналар , жабағайлар , көкқұтандар , аққу жиі кездеседі. Мұнда соңғы жылдары ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек.
Қос мекенділер: Жасыл бақа және бақа.
Балықтардан: 8 түрі кездеседі. Олар : сазан , лещ ,субак , окунь , жылтыр карас т.б. мекен етеді.
Қорытынды.
Бітіру жұмысын қорыта келе Алтай тауының геоэкологиялық мәселелерін қарастырғанда географиялық орынының, геологиялық құрылысымен жер бедерінің, климаты мен ішкі суларының арасындағы байланысты өзара әрекетін анықтап, табиғат байлықтарын пайдалану барысында қоршаған ортаның тепе - тендігін сақтау мәселесін жолға қою, бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Алтай тауындағы жылу мен ылғалдың таралуына тау жыныстарының литологиялық құрамына қарай аймақтық табиғи зоналардың және биіктік белдеудің орналасуы анықталған. Қатаң әрі шұғыл континентті климат жағдайында ылғалдың сақталуында Алтай тауының белдеулері ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |