Мазмұны Кіріспе І тарау. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы. Жер бедері


Алакөл ауданының тектоникалық эрозиялық жер бедері



бет9/19
Дата26.04.2023
өлшемі271,5 Kb.
#87112
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
-dip -alakol-oyysynyn-geotektonikalyq-qurylysy-klimaty-organikalyq-duniesi

Алакөл ауданының тектоникалық эрозиялық жер бедері.Алакөл ойысындағы жер қыртысының көтерілген блоктарынлағы сыртқы күштердің бұзушы әрекетіне берік тығыз желімделген дисслокоцияланған тау жыныстарында қалыптасады. Ол жер бедерін түзеуде тектоникалық қозғалыс басым болатын денудациялайтын күштер ішкі күштерге бағынышты роль атқаратын жер бедерінің оң пішіндері басым болатын аумақтарда тарайды.

  1. Жер бедерінің эрозиялық-тектоникалық типтері Үлкен Арқарлы, сллтүстік бөлігіндегі жер бедерінің көтеріңкі бөлігінде кең тараған. Борпылдақ бос жыныстарынан тұратын жер бедерінің тегіс пішіндері басым болатын аласа таулы жер бедерінің бұл типтері негізінен Алакөл ойысының оңтүстік бөлігіндегі Белқайың, Шолақ тауларында таралаған. Ол төбесі текшелі шағын үстіртті болуы мен ерекшеленеді.

  2. Ұсақ шоқылы жер бедері. Негізінен ойыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Арқарлы тауында таралған. Жер бедері негізгі тектоникалық кемерлерге бағеытталған бірнеше қатарлы ұсақ шоқылы болдып келеді. Жер бедерінің бұл пішіндері таулармен жазықтың аралығында орналасып солтүстік шығыстан, оңтүстік батысқа бағытталып созылып жатқан жолдардың аралығында таралған. Олар 650-1100 м аралығындағы абсолютті белгілерді қамтиды. Жер бедерінің бұл типіне 1915 жылы В.Н. Обручев төмендегідей сипаттама берді:

Бұл тау емес қысқа жалдар мен қырқаларға ұласатын шоқылар мен аласа төбелер тобын құрайды. Олардың беткейлерін түпкілікті жыныстардың үгілу өнімдері жауып жатыр. [9]
Алакөл ойысының жер бедерінің аккумулятивті пішіндері. Аудан аумағының аккумулятивтік жер бедері үш ірі топқа бөлінеді.

  1. Барлық, Қату тауларының етегіндегі элювиальды-пролювиальды көлбеу

жазықтар;

  1. Алювиальды көлдік жазықтар;

  2. Эолдық аккумуляция таралған аумақтар.

Аккумулятивтік жер бедерінің аталған үш түрінің әрқайсысы жер бедерінің ерекшелігіне, геологиялық құрылысының сипатына сай бірнеше тип тармақтарына бөлінеді.
Алакөл ойысының аккумулятивті пішіндері. Алакөл ойысының жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерін қалыптастыруда жел ерекше роль атқарады. Аймақтың көтеріңкі бөлігінде жер бедерінің тегіс емес пішіндерін бұзса жазықтарға үрленген ұсақ тау жыныстарын шөктіреді. Жылдамдығы 40-50 метр секундқа дейін жететін күшті желдер әкелген құм қиыршықтарының ұрғылауынан қатты тау жыныстарында ұяшықтар мен ойықтар пайда болады. Аймақта жел әрекетінен түзілетін жер бедерін екі үлкен топқа бөлуге болады.

  1. Дефляция және корразия үрдістерінің әсерінен түзілетін жер бедерінің эолдық пішіндері

  2. Желдің аккумулятивтік әрекетінен түзілетін жер бедерінің пішіндері.

Дефляциялық-корразиялық жер бедері Шолақ, Ақшакүңгей тауларының етегіенде кең тараған. Олар шағын аумақта таралған және таулардан ұшырып әкелген ұсақ құм қиыршықтарынан тұрады. Жер бедерінің дефляциялық- корразиялық пішіндеріне ірі кристаллды гранитті, жартастардағы жел үрлеуінен түзілген ұяшықтармен ерекше мүсінді пішіндер жатады. Тұрақты түрде күшті жел соғатын Жоңғар қақпасында мұнаралы бағана тәрізді. Жер бедерінің эолдық пішіндерінің ерекше түрлері таралған. Ол туралы академик В.А. Обручев эолдық таулар атты еңбегінде жазды. Бармаққұм, Тасқарақұм,Бүйіқұм құймы алқаптарында желдің үрлеуінен түзілген жер бедерініңм теріс пішінді терең ойыстар мен шұңқырлар жиі кездеседі. Эолдық аккумуляция таралған аудандар.
Жер бедерінің басқа пішіндеріне қарағанда эолдық аккумулятивтік жер бедері Алакөл ойыс ының басым бөлігін алып жатыр. Жер бедерінің эолдық пішіндері негізінен Алакөл ойысының солтүстігінде таралған .Олар өсімдіктермен бекіген құмды алқаптардың қатарына жатады. Негізгі құмды алқаптар Барлық-Майлы тауларына ұласатын Достық теміржол бекетінің маңындағы Қарақұмда Арқарлы тауының етегіндегі Сарықұм, Қарақұм шөлдерінде орналасқан. Жер бедерінің сипаты мен морфологиялық белгілеріне қарай бекіген жалды тоқталған төбелі белесті - белді және бекімеген сусымалы құм төбелері дюналы құмдарға толптастырылды. Құм жалдарының көлденең қимасы ассиметриялы болып келеді. Көлбеулігі 30-450 дейін жетеді. Солтүстік беткейі тік, оңтүстік шығыс беткейі ұзын әрі біршама көлбеу болып келуімен ерекшеленеді. [8,9]
Құм жолдарының барлық ұзындығына жүзгін, шеңгел, сексеуіл мен жусанды астық тұқымдас өсімдіктермен бекіген. Кей жерлерінде ұсақ түйіршікті сарғыш-сұр түсті құмдар таралған. Аталған құмды алқаптар негізінен кварцитті құм түйіршіктерінен, сирек жағдайда дала шпаты мен кварцит түйіршіктерінен тұрады.Бекіген құмтөбелерінің шоғырлары Жалаңашкөлдің солтүстік шығысында орналасқан. Бұл шағын құмды алқап солтүстігінде Құсақ өзенінің аңғарына дейін жетеді. Құм төбелерінің шоғырынан түзілуіне солтүстік – батыс бағыттан соғатын Сайқан және оңтүстік шығыстан соғатын Ебі желі әсер етеді ( В.А.Обручев 1940 Пограничная Джунгария Т.З.Вып. г. Л-М: издательство А.Н. ССР 1932 г. 55-60 стр.)
Олар сексеул, қараған жүзгін сияқты бұталармен және астық тұқымдас шөптесін өсімдіктермен бекіген, Құм төбелердің биіктігі 5-6; ені 10-15; ұзындығы 20-30 метрге дейі жетеді. Бектейлерінің көлбеулігі 20-250 дейін жетеді. Құм төбелерінің аралықтарын кең ойысты шұңқырлар бөліп жатыр.
Достық теміржол бекетінің маңына жақыдағанда құмтөбелерінің аралығында шағын тақырлар кездеседі. Шығысында теміржлдан шамамен 400-600 метр қашықтықта құмтөбелер тегістеліп біртіндеп жербедерінің эолдық пшіндері жойылады. Жартылай бекіген белесті құм жалдары Барлық тауының етегінде Емел өзенінің аңғарына бағыттас ендік бағытта созылып жатқан бірнеше белесті құм жолдарының тізбегінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет