Алакөл ойысының геологиялық құрылысы.Алакөл ауданы геотектоникалық құрылысының ерекшелігіне сай екі тектоникалық құрылымнан тұрады Солтүстігі эпигерциндік жас платформаның қатарына жататын Тарбағатай Жетісу Алатауларын бір-біріне бөліп жатқан кринтодепрессиялық Алакөл ойысы. Оңтүстігі герцин қатпарлығына жататын Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлі. [4,5] Кристалды іргетасы 1-2 шақырым тереңдікте орналасқан мезозойда іргетасының көтерілуіне байқалғанымен кайназой эрасының екінші жартысындағы неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде көршілес жатқан Жетісу Алатауы, Барлық-Майлы, Тарбағатай тауларының көтерілуіне байланысты Алакөл ойысының іргетасының мантияға батуы қарқынды жүрді.
Ойыстың кристаллды іргетасының бетіне шөгінді қабаттардың жабуы жоғары Юра дәуірінің соңында басталды. Бұл кезеңде теңіз трансгрессиясы басталып, палеоген дәуіріне дейін ежелгі саяз теңіз алып жатты. Теңіздің табанына сазды құмды гипсті шөгінділер аккуммулцияланды. Кайназой эрасының полеоген дәуірінде теңіз біртіндеп тартылып құрлыққа айналды. Неоген-төрттік дәуірлерінде жүген геотектоникалық қозғалыстарға байланысты кристалды іргетасының қарқынды түрде мантияға батуы байқалды.
Таулардың көтеріліп теңіздердің регрессиясының (тартылуының) байқалуы палеоклиматтық жағдайды бірден өзгертіп, климаттың аридтенуі байқалды (М.И.Давидова, Э.М. Раковская. Физическая география СССР,-М: Просвещения 1991. 222-229стр.Физическая география Республики Казакстана / под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.)
Неотектониқалық қозғалыстың нәтижесінде Жетісу Алатауы, Барлық-Майлы, Тарбағатай, тауларының қайта жаңғырып көтерілуіне сай үш рет мұзбасу үрдісі жүрді. Олар: Рисс, Миндаль, Вюрм. Біріншісі жабын мұздық болса екінші, үшіншілері жартылай жабын сипатындағы мұздықтар болды. Олардың алғашқысының тігі теңіз деңгейінен 800-1000 метр биіктікте орналасса екінші үшіншілерінің 1600-2000 метр биіктікке дейін түсті. Мұзбасу аралық кезеңде қалыңдығы 1000 метрге дейін жеткен мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде аблясия аймағынан тысқары орналасқан Алакөл ойысының тау етегіне таяу бөлігіне қалыңдығы бірнеше метрге жететін мореналы шөгінділер жинақталды. Мұзбасу жүрген кезде болған қуатты топансу тасқыны биік таудан тас малданған өте ұзақ тау жыныстарын ойыстың оңтүстік-батыс, Солтүстік-батыс және Оңтүстік шығыс бөлігіне шөктіруіне қазіргі Сарықұм, Қарақұм құмды алқаптарының түзілуіне әсер етті. Алакөл ойысының терең бұрғылау жұмыстарын жүргізген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесіндегі тау жыныстарының Стратeграфиялық қимасына талдау жасай отырып төрттік дәуірдегі палеогеографиялық, палеоклиматтық жағдайды анықтаған төрттік дәуірдегі мұзбасу кезеңіндегі ылғалды плювиальды климатты мұзбасу аралық кезеңінде құрғақ ксеротермальды климатпен алмасып отырады.
Құрғақ климатты кезеңде жинақталған қалың шөгінді жыныстар жел әрекетінен өңделіп қалың лессті жыныстар түзілді. Құрылықтың ұлғаюына байланысты жалпы алғанда төрттік дәуірде шұғыл континентті аридті климат жағдайы сақталды. Алакөл ойысының аумағының елу пайызын Төрттік дәуірдегі ежелгі мұзбасулар мен мұзбасу аралық кезеңдерде түзілген борпылдақ және кесек шөгінді тау жыныстары құрайды. Ойыстың кристаллды іргетасының бетін төменгі, орта және жоғарғы палеозойдың мезозой мен кайназойдың қалың шөгінді жыныстары құрайды. [4,5] Төменгі палеозойдың сазды тақтатас, кремний жолақты сазды тақта тас мәрмәр мен диабаздардан тұратын шөгінді және метаморфты жыныстары Жоңғар тектоникалық жарығының бойында Ырғайты өзенінің таудан жазыққа шығар жерінде шоғырланған.
Юра дәуірінің шөгінділері Алакөл ойысының шығысындағы үлкен Қажу тауында шағын дақ түрінде тас көмірдің шөгінділерінің бетін жауып жатыр. Палеоген дәуірінің шөгінділері әртүрлі гипсометриялық деңгейде ойыстың барлық бөлігінде дақ түрінде шашырай таралған. Олардың қатарына кірпіш сияқты қызыл түсті саз, сыр түсті мергель, ашық көгілдір аспан түстес құм мен кониемераттар жатады. Төрттік дәуірдің шөгінділері Алакөл ойысының беткі қабатын жауып жатыр. Таулы алқаптарда олар тек өзен аңғарларында тараған.
1949 жылы Төрттік дәуір шөгінділерін картаға түсірген белгілі геолог К.В.Курдюков полентологиялық негізсіз шартты түрде топтастырды. Ол қызыл кірпіш түсті саздық бетіндегі барлық шөгінділерді Төрттік дәуірдің шөгінділердің қатарына жатқызады. Бұл тұрғыдан алғанда ешбір ғалымдардың таласы жоқ болғанымен жеткілікті полеонтологиялық негізсіз топтастыру шарты болып саналады. Қандай да бір күмәнді полеогеннің қызыл-қоңыр сазы бірден жояды.
Төрттік дәуірдің ең ежелгі жыныстарының қатарына ойыстың Жетісу-Алатауымен шектесетін бөлігіндегі кесек моренналы шөгінділер жатады. Олар қызыл-қоңыр саздық бетінде жатады. Оның бетін қалың сазды, құмды, сазды шөгінділер жауып жатыр. Олар ежелгі мұзбасулардың абляция аймағында немесе одан тысқары аймақта шөккен асырылу конусы болып табылатын моренналы және сазды шөгінділер Төрттік дәуірдің түпкілікті жыныстары болып табылады. Ескі өзен атаулары болып табылатын Алакөл ойысының орталық бөлігінде көлдік және өзендік алновиальды шөгінділер таралған.